Жұлдызды сағат сабақ жоспары

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жұлдызды сағат ойыны.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін тереңдету, логикалық

ойлауды, тапқырлықты, қабілетті дарынды балаларды

көрсету, қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест түрінде.

Сабақтың көрнекілігі: Жұлдызшалар, қанатты сөздер, тест жазылған

плакаттар.

Барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгін жоғарғы класс оқушылары арасында ұйымдастырып отырған «Жұлдызды сағат» ойын түрін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз әр кластан жақсы оқитын оқушыларды алып , алған білімдерін тереңдетіп, тапқырлыққа, қабілетті дарынды балаларды көрсету, тарих, география пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатында. Сол себептен бүгінгі әр кластан 2 оқушыдан келіп отырған балаларға сәттілік тілеймін. Бұдан да үлкен жарыстарға қатысуға тілектеспін.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Жұлдызды сағат» ойын жарысын бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Армысыздар құрбылар.

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Сұрақ-жауап, жұмбақ шешу басталар.

1-жүргізуші: Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне

2-жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер

Біріңе бірің еріңдер.

Білімдерді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

1-жүргізуші: «Жұлдызды сағат» ойын жарысы 6 кезеңнен тұрады. Осы 6 кезең бойынша бүгін ойынға қатысушы 10 оқушыны таныстырып өтейік.(оқушылар таныстырылады)

Осы білім сайысына қатысатын оқушыларға сөз берелік. Өздерін толық таныстырып кетсін.......... Құрбыларымыз бен құрдастарымызға білімдегі өнеріне сәт сапар тілеймін.

Әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

2-жүргізуші: І-кезең бойынша «Тапқырлық» сайысы. Бұл кезеңде әр оқушыға таңдаған пәннен 5 сұрақ қойылады.

1-жүргізуші: ІІ-кезең бойынша тесттік сұрақтар. Тарихтан 10, географиядан 10 тест сұрағы беріледі.

Би: Сибағатова Айсұлу

2-жүргізуші: ІІІ-кезең «Жұмбақ әріптер» әріптердегі сөз құрастыру керек. Кімнің сөзі көп сол оқушы көп бал қосады.

Күй: «Ақсақалов» Айбектің орындауында

1-жүргізуші: ІҮ кезең мақал-мәтел жарысы мынадай тақырыптарда мақал айтылады. 1) батырлық, ерлік 2) Жанұя тақырыбында 3) табиғат 4) отан 5) достық 6) еңбек

ІІ-жүргізуші: Ү-кезең бойынша «Нағыз қазақ» деп аталады. Әр оқушыға 1 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 10 балдан беріледі.

  1. Қазақтың бес арысын атап бер?

(Ш.Құдайбергенов, М.Жұмабаев, М.Дулатов,Ж.Аймауытов т.б)

1) Ұлы жүз-сары, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан, ошақты, сіргелі.

2) Орта жүз-арғын, найман, қыпшақ,керей, уақ, қоңырат.

3) Кіші жүз-Байұлы, Жеті ру, Әлімұлы.

2. Қазақ қандай жүздерге бөлінген?

3.Қымыз түрлерін ата?

( уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, донен қымыз, сары қымыз, түнеме қымыз).

4.Ат әбзелдеріне нелер жатады?
(ер, ат дорба, ауыздық, шылбыр, тоқым үзенгі, тартна)

5.Абайдың бір шумақ өлеңін айтып берсін

1-жүргізуші: Атам қазақ айтпаушы ма еді «Ат шаппайды, бай шабады» деп, ендеше сол арғымақтардың шабысы да баптап күтуден болса керек. Ал мына біздің жолдастарымыздың да жүзден жүйрік, мыңнан озған тұлпардай топты жарын қарсыластарын жеңіп, мәре сызығына жетуіне аз-ақ қалды. ҮІ-кезеңде 2 оқушыға сұрақтар беріледі. Білімді жұлдызды анықтау басына жұлдыз тәжін кигізу.

Ойын сабақты қорыту.



© 2010-2022