Танымдық ойын Үздік географ 6-7 сынып

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,сабақта алған теориялық білімдерін дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында 6 «А», 6 «Б» және 7 «А» сыныптар үшін «Үздік географ» танымдық ойынын өткізу. Ойын барысында география пәндерімен қатар экология, тарих пәндерінен қосымша сұрақтар қою арқылы пәнаралық байланыстар ұйымдастыру.

Қазақтың ұлттық ойындарын пайдалана отыра оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға,ойлау қабілетін дамытуға күш салу.Сонымен қатар,топта жұмыс істей білуге,ынтымақтастыққа,ізденпаздыққа өз бетінше еңбектенуге тәрбиелей отырып,экологиялық тәрбие беру.

Ұранымыз:«Білім алып бүгін алтын ұяға,

Ертең әлі шарықтаймыз қияға!»

Ойын алты кезеңнен тұрады: І. Бәйге

ІІ. Тіл-өнер

ІІІ. Орнын тап

ІҮ. Жылдам логикалық ойлау

Ү. Білгірлер сайысы

ҮІ. Жорға

І. Бәйге

1. Қазақстан қай материкте орналасқан?

2.Желдің бағытын анықтайтын құрал?

3.Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы.

4.Экватордың ұзындығы.

5.Жер шарын тұңғыш айналып шыққан саяхатшы?

6.Ең алғаш градус торымен карта жасаған ғалымды ата.

7.Жердің белгілі бір затпен солтүстік бағыт арасындағы бұрышы?

8.Жерді бір нүктеде кескіндеу?

9.Жанартаудың мойыны қалай аталады?

10.Маңғыстау облысының орталығы қай қала?

ІІ.Тіл-өнер

Тіл- тіршіліктің тірегі. Үш тілде жауап береміз.

1.Кең әлемді кернейді,

Көзің бірақ көрмейді. /ауа-воздух-

2. Қаласы бар ,үйі жоқ

Өзені бар,суы жоқ

Орманы бар,түбі жоқ

Бақшасы бар,гүлі жоқ. /карта/

3.Ешбір тіреусіз күмбез,.

Ешбір сүйеусіз күмбез

Ешкім көтере алмайды,

Ешкім төңкере алмайды./аспан-небо-/

4.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем./жер-земля-

5.Жолды көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді./ тұсбағдар-компас-

6.Қатар тұрған қос табақ,

Түрлі-түсті зер табақ./жарты шар картасы-

ІІІ. Орнын тап сайысы

Үнк- күн азбұғ-бұғаз спмаок-компас

Ерж- жер ракта- карта фреасдигор-гидросфера

Ензө- өзен алар- арал мтузиа-азимут

Ату- тау өлк-көл қлыйоб-бойлық

Лада- дала алльлепра-параллель ғдааруалб-бағдарлау

ІҮ. Жылдам логикалық ойлау

  1. Сахара 11.Австрия

  2. АҚШ 12.Ніл

  3. Гималай 13.Есіл

  4. Қазақстан 14.Кемпірсай

  5. Таньганика 15.Нигер

  6. Амазонка 16. Қолтырауын

  7. Үндістан 17. Қалба

  8. Рас-Хафун 18.Васко-да Гамма

  9. Сексеуіл 19. Сайқан

  10. Рубин 20.деңгейлегіш

Ү. Білгірлер сайысы

1.Оңтүстік Америка. Американың тропикалық орманы.Польшаның саяхатшысы жазғандай: «Бұл орманға келген адам екі рет үлкен қуаныш сезіміне бөленесің. 1-ші күні жұмаққа кіргендей боласың,2-ші рет орманнан шыққан күні «жасыл тозақтан» құтылғаныңа қуанасың»,-депті. Бұл қуаныштардың себебі неде?

2.Солтүстік Америка. 1847ж.АҚШ-та арнайы заңмен дүниежүзіндегі бірінші Ұлттық «Йеллоустон» паркі ұйымдастырылған.Бұл аймақ «Сары тастар» деп аталады.Бұл жер туралы аңыздар өте көп: өзен суларының ағу жылдамдығынан астындағы тастар қызып,ыстық бұлақтар орманнан биік атқылайды,енді біреулері мұнда бір көлден ұстаған балығын екінші көлге салса балық тұздалып пісіп қалатынын айтқан. Бұл қалай болғандағысы?

3.Аустралия. Бұл материкте жануарлар және өсімдік дүниесіне өте бай және ерекше екендігін білеміз.Бірақ Аустралияда бірде-бір қолға үйретілген жануарлар,ешқандай мәдени өсімдіктер болмаған. Бұны қалай түсіндіруге болады?

ҮІ.Жорға

  1. 22-жасында Орыс География қоғамына мүше болған қазақ ғалымы?

  2. ҚР-сы қашан БҰҰ мүше болды?

  3. Қысқы күннің тоқырауы.

  4. Температураны бірдей нүктемен қосатын сызық.

  5. Дүниежүзіндегі ең биік нүкте?

  6. Ертіс қай өзеннің саласы?

  7. Аустралия жануарларының ерекшелігі.

  8. Ыстық бұлақ атқылап тұратын фонтан.

  9. Ең кіші материк.

  10. Доссор,Мақатта не өндіріледі?

  11. Шөлде қандай өсімдіктер өседі?

  12. Ауа қысымын өлшейтін құрал.

  13. Біз өмір сүріп жатқан дәуір қалай аталады?

  14. Қазақстандағы жеті ірі өзендерді ата.

  15. Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал.

  16. Табиғатты зерттеуші жас ғалым

  17. Канаданың астанасы.

  18. Жазықтар қандай түспен боялады?

  19. Ауа райын зерттейтін ғылым.

  20. Ең алғаш географиялық карта жасаған адам.

«Үздік географ» оқушыны анықтап,жеңімпазды мадақтау


ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы









Жаратылыстану пәндерінің апталығы

Тақырыбы: «Үздік географ»

/танымдық ойын/



Дайындағын:география пәнінің

мұғалімі: Карменова Б.Ш




















2015 оқу жылы

© 2010-2022