Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Сабақтың тақырып: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы. Сабақ мақсаты: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы білім беру. Міндеттері : -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру, - Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу; - Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту; - Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы тақырыбы бойынша жұптық, ...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырып: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы.

Сабақ мақсаты: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы білім беру.

Міндеттері : -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой - өрісін арттыру,

- Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;

- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;

- Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды

диалогқа түсуге, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сынып : 6

Мерзімі:

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Көрінбейтін сыйқыршы», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Ыстық орындық», «Сәйкестендіру», «ВЕНН диараммасы», «Географиялық диктант »

Оқыту формасы: жеке, жұппен, топпен.

Көрнекілігі : компьютер, фотоппарат, видео, А-3 , тақырыпқа сай суреттер,маркелер, өшіргіш, қарындаш,

Сілтеме : 6 сынып Физикалық география .

Күтілетін нәтиже : - Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы туралы біледі.

Ойлау деңгейі

Мұғалімнің

іс -әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті


Білу

Жаңа тақырыпқа шығу үшін шағын әңгіме оқылды Қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы »
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.
- Тез қысыла ма?
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,
1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.







Жоспар :

  1. Атмосфера қабаты

  2. Атмосфераның маңызы

  3. Атмосфераны зерттеу жолдары

  4. Атмосфераны қорғау

Түсіну

«Көршіңе әңгімелеп бер » әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

Әрбір оқушы берілген тақырыпты оқиды жұбымен талдайды, келесі топпен ақпарат алмастыру үшін орынан тұрады.

Мен оқушыларға бағыт-бағдар бередім.

«Көршіңе әңгімелеп бер » әдістемесі

Оқушылар мәтінмен танысады.

Оқушы қадамдары :

  1. Оқиды,

  2. жұппен талдайды

  3. келесі топпен ақпарат алмасады.

«Бағдаршам » арқылы бағалау

Талдау

«Ыстық орындық»

Бір оқушы орындыққа отырады қалған сыныптастары отырған оқушыға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды. Қойылған сұраққа жауап берсе орынан тұрады, келесі оқушы отырады.

«Ыстық орындық»

«Қолпаштау» арқылы бағалау

Қолдану

«Сәйкестендіру»

1. Тропосфера ----- атмосфера

2. Көмірқышқыл газы ---- 21 %

3. Оттегі газы ---- 0,03 %

4. Метеорология ---- жауын - шашын қабаты

5. Ауа қабаты ---- атмосфераны зерттейтін ғылым

«Сәйкестендіру»

1. Тропосфера ----- жауын - шашын қабаты

2. Көмірқышқыл газы ---- 0,03 %

3. Оттегі газы ---- 21 %

4. Метеорология ---- атмосфераны зерттейтін ғылым

5. Ауа қабаты ---- атмосфера

Жинақтау

«ВЕНН диаграммасы» ауаның маңызы пайдасы ауаның ластануы

маңызы

пайдасы

Ластануы

Тіршілік үшін

Тыныстайды ,өмір сүреміз

табиғаттағы өрт,

машина, зауыт



Бірін-бірі бағалайды.

Дәптер алмасу арқылы бірін - бірі бағалайды

Бағалау

«Географиялық диктант»

  1. Жердің сыртқы ауа қабаты.......деп аталады.
    2. Ауаның 78 %-ын құрайтын газ....
    3. Атмосфераның төменгі қабаты.....
    4. Оттегін құрайды ---------- %
    5.Тіршілік үшін ең маңыздысы --------

6.Зонд


Сурет салу :«Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары»


  1. Атмосфера
    2. Азот
    3. Тропосфера
    4. 21 %
    5. Оттегі

6. байқау


© 2010-2022