Пурочный план география на тему Аустралия климаты

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Аустралия. Климаты, өзендері мен көлдері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Австралияның климаты, өзендері мен көлдері жөнінде білімді қалыптастыру.

Дамыту: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. картасы, оқулық, кескін карта,слайд, карточкалар т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Мақсат қою кезеңі.

IІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

IV. Білімді тексеру.

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі

VII.Бекіту кезеңі

VII.Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру.

ІІ. Мақсат қою кезеңі

Алаптар бойынша Аустралияның өзендері мен көлдеріне түсінік беру.Климаттық белдеулер картасын пайдалана отырып, климатына қызығушылықтарын арттыру, су қорларын үнемдеуге баулу.

IІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Аустралияның ауданы, географиялық орны?

2.Жер бедері?

3.Шеткі нүктелері?

4.Пайдалы қазбалары?

5.Материктің басқа құрлықтардан ерекшеліктері?

IV. Білімді тексеру.

Карточкалар арқылы тексеру, слайд жүзінде, ойындар арқылы.

III. Жаңа сабақты өту

Климаты.

Аустралия жер шарындағы ең құрғақ материк. Материкті тропиктік шеңбер кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі.Жаз айларының орт температурасы +240С, +280С , ең жоғарғы температура +52,8 0С Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген.Қысқы орташа температура +12 0С, +24 0С, ал Аустралия альпісінде -200С байқалады.

Материкте солтүстіктен оңтүстікке қарай субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік климаттық белдеулер алып жатыр.Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай белдеуге енеді.

Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Өзендері мен көлдері. Климаттың құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз.Үнді мұхит алабына ең үлкен өзені Муррей жатады.

Пурочный план география на тему Аустралия климаты

Пурочный план география на тему Аустралия климаты

Пурочный план география на тему Аустралия климаты

Пурочный план география на тему Аустралия климаты

Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екені анықталды.Мұнда дүние жүзіндегі ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді.Қабат аралық жер асты сулары 2000м -ге дейін тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі

Бекіту тесті.

VII.Бекіту кезеңі

Семантикалық карта арқылы бекіту.

VII.Үйге тапсырма беру.

Аустралияның климаты, өзендері мен көлдерін оқу және контуға түсіру.

Корытындылау, бағалау.

© 2010-2022