Маңғыстау географиясы Жерасты суларын пайдалану (7 сынып)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңаөзен қаласы Қ. Кұржыманұлы атындағы №8 орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Тақырыбы: «Жерасты суларын пайдалану»

Өлкетану пәні

7 «Ә» сынып

Өткізген: Ниязмағанбетова Шолпан Ахатқызы.

2015/ 2016оқу жылы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

19.11.2015ж

7 "Ә" сынып

Сабақтың атауы

Жерасты суларын пайдалану

Сілтеме

Серікбол Қондыбай Маңғыстау географиясы 139 - 141 беттер; Ресурстар; карта, слайд, видео.

Жалпы мақсаттар

Маңғыстаудың жерасты суларының түрлерімен танысады, облыс үшін алатын орнын түсінеді.

Оқыту нәтижесі

Жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сын тұрғысынан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді. Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша кластер, тапсырмалар орындайды Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.

Негізгі идеялар

Нағыз білім атаулысына өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді.

(Н.А. Рубакин)

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру

Қызығушылықты орнату

"Ән шашу"

(1 +2 = 3 минут)

"Күн шуағы" сұрақтар стратегиясы

( 8 минут)

Мағынаны тану

Сұрақ әдісі

(15 минут )

Шығармашылық топтық жұмыс

(14 минут)

Сергіту сәті

( 1 минут)

Бағалау

(3 минут)

Рефлексия

(1минут)

"Ән шашу" психологиялық ахуал орнатып, өлең, әндер арқылы оқушыларды топқа бөледі. Топ ережесін қайталайды. Бағалу бетшесін таратады. Кретерилері бойынша толтыруды ескертеді. Топқа бөлінген кезде өтетін тақырыпты өздеріне тапқызады.

Оқушыларға үй тапсырмасын тексеру барысында "Күн шуағы" сұрақтар стратегиясы бойынша сұрақтар қойылады.

Оқушыларға арнайы сұрақтар жазылған ресурс парақтары таратылады. Оқи отырып сұрақтарға жауап іздейді,оқып болған соң жұп және топ болып талқылайды. Тақырыпты ашу үшін оқушылардан ауызша сұрайды, бір - біріне сұрақ қойғызылады.

Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Топқа шығармашылық жұмыс беру.Ол үшін ресурс парақтарын таратады, жоба жасауға жағдай жасайды.

Оқушылардың көру есте сақтау қабілеттерін жақсарту мақсатта психологиялық тест алу арқылы сергіту.

Толтырылған бағалау бетшелерін өз топтарына қойған ұпайларын саралап, жіктеп бағасын қойғаны жөнінде сұралады. «Білім ағашы» арқылы өзін- өзі бағалауын тапсырады. Сөз сонында мұғалім қорытынды бағасын айтады.

Стикерге сабақтан алған екі ұнаған және бір ұсыныс жазғызылады. Сабақтың аяқталғанын хабарлайды.

Психологиялық ахуал орнап, топқа бөлінеді. Топ ережесін қайталайды.

Сабақтын тақырыбын айтады.

Сұрақтарға ұтымды жауап береді. Жауап берген оқушылар күн арқылы бағаланады

Тақырыптың мазмұнын ашып әр топ ауызша айтады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар үйрендім деген жерге сабақта үйренгендерін толтырады.

Топ болып жобаларын жасайды және жұмыстарын қорғайды.

Көңілдері көтеріліп бойын сергітеді, есте сақтау қабілеттері мен көру қабілеттері аз да болса да жақсарады.

Өз топтарына қойған ұпайларын нақты деректермен дәлелдеп айтады. Оқушылар өздерінің ағаштың қай жерде тұрғанын айтады.

Рефлексия жазады. Тақтаға ілінеді

Кейінгі тапсырмалар

"Мен өз өлкемнің су ресурстарын қорғаймын" тақырыбына эссе жазу

Ресурс парағы № 11

Пәні: Маңғыстау географиясы Тақырыбы: 10. Жерасты суларын пайдалану

Маңғыстауда шағын бұлақтар мен жылғалар, уақытша көлшіктер болмаса, ірі су объектілері жоқ. Сондықтан да облыс үшін жерасты суларының рөлі ерекше. Жерасты суларының таралу және қоректену аймағын - арынсу алабы (артезиан бассейні) деп атайды. Маңғыстау облысының аумағында 5 арынсу алабы бар.

Таулы Маңғыстау арынсу алабы. Оған таулы Маңғыстаудан басқа Оңтүстік Маңғыстау өңірінің солтүстік- шығыс бөлігіндегі құмды массивтер кіреді. Алаптың жалпы тереңдігі 50 м-ден 1200 м. аралығында, пермь - палеоген жыныстары қабатында жинақталған. Жалпы су қоры -135 млрд м³, оның жартысы тұщы судан тұрса, қалғанының аздаған тұздылығы бар. Таулы Маңғыстау мен Бостанқұм- Түйесу құмдары облыстың негізгі тұщы су қоймалары, өйткені пермь- триас жыныстарының және төрттік дәуір құмдарының құрамында тұз мөлшері аз. Қаратаулардың етегінде көптеген тұщы су көздері (Тұщыбек, Шайыр, Онды, Жармыш, Ақмыш, т.б) кездеседі. Қаратаулардың етегінде жерасты суларының қайнар көздері жиі кездеседі. Таушық пен Жыңғылды елді мекендерінің аралыңында Ұланақ тұщы су алабының өнеркәсіптік мүмкіндігі мол.

Оңтүстік көтеріңкі Маңғыстау. Қаратаулардың оңтүстік шекараға дейінгі Маңғыстау түбегінің бөлігін қамтиды. Юра, бор, палеоген, неоген шөгінділерінде жинақталған. Орналасу тереңдігі солтүстікте, 1,5 км-ден орталықта 5-6 км-ге дейін барады. Бұл алаптың жалпы су қоры 150 млрд м³ жетеді, оның тек 78 миллиарды ғана ішуге жарайды, оның да басым көпшілігі тұщы емес, ащылау (тұздылығы 1-3 ‰) сулар болып табылады. Тұщы сулы учаскелер Қарынжарық құмдарында, Қарамая, Көкесем тауларында, сондай-ақ Ақтау қаласының солтүстік- шығысындағы Құйылыс алабында кездеседі. Құйылыс алабы теңізден тұщытылған суға қосылып пайдаланылады.

Бозашы арынсу алабы. Бозашы түбегі мен сорларды алып жатыр. Бор дәуірінің әртүрлі құмдары мен құмтастарында түзілген. Негізгі сулы қабат солтүстікте 100м -ден оңтүстік-шығыста 800 м тереңдіктен басталады. 105 млрд м³ су қорының тек 30 млрд м³ судың тұздылығы 1-3 %. Тұщы судың шағын учаскелері құмды массивтерде ғана кездеседі.

Үстірт арынсу алабы. Бор, палеоген дәуірінің қабаттарында түзілген. Жалпы қоры елеулі болғанымен басым көпшілігі пайдалануға жарамсыз. Маңғыстаулық бөлігінде тұщы сулар Сам төңірегіндегі құмдарда, Үстірт шыңдарының етегіндегі бұлақтарда кездеседі.

Оңтүстік Жылыой арынсу алабы. Бұл алапта ішуге жарамды тұщы сулардың қоры да көп емес. Тек бозашыдағыдай құмдар атмосфералық жауын-шашынды жақсы сіңіреді.

Жалпы тұщы сулардың таралуын қатарлай қазылған құдықтардың шоғырлануы арқылы байқауға болады.

Жұмыс түрі: Сұрақтар

Іс - әрекет: Сұрақтарға жауап іздеу

1. Арынсу алабы дегеніміз не?

2. Маңғыстау облысының аумағында неше арынсу алабы бар?

3. Таулы Маңғыстау арынсу алабына қандай аймақтар бөліктер кіреді?

4. Таушық пен Жыңғылды елді мекендерінің аралығында өнеркәсіптік мүмкіндігі мол қандай тұщы су алабы орналасқан?

5. Оңтүстік көтеріңкі Маңғыстау арынсу алабының қамтитын аумағы?

6. Оңтүстік көтеріңкі Маңғыстау арынсу алабының жалпы су қоры неше млрд м³ жетеді, оның тек қанша миллиарды ғана ішуге жарайды?

7. Каспий теңізден тұщытылған суға қосып пайдалантын алапты ата?

8. Бозашы арынсу алабының алып жатқан аумағы?

9. Үстірт арынсу алабының алып жатқан жерлері?

10. Оңтүстік Жылыой арынсу алабы Маңғыстаудың қай бөлігін алып жатыр?

11. Жалпы тұщы сулардың таралуын нелердің шоғырлануы арқылы байқауға болады?

12. Маңғыстаудың қай арынсу алабында тұщы су қоры көп?

ІІ топ:

1.Оңтүстік Жылыой арынсу алабы туралы қысқаша түсіндіру

2.Жерасты суларын пайдалану мен қорғау шаралары

І топ:

1.Таулы Маңғыстау арынсу алабы туралы түсіндіру

2.Таулы Маңғыстау арынсу алабында тұщы сулардың көп болуының себебі неде?

ІІІ топ:

1.Бозашы арынсу алабын түсіндіру

2. Арасан және ыстық сулар

Ж О Б А

Ж О Б А

Ж О Б А

© 2010-2022