География сабақтарында ойлау және практикалық әрекеттерін ұйымдастыру

Бұл мақалада география сабақтарында оқушылардың ойлау және практикалық іс әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру жолдары қарастырылған. Өйткені сабақтағы жұмыс қаншалықта жақсы ұйымдастырылас, соншалықты нәтижесі ждемісті болады. Және де мақалада оқушыларды ойлау қабілеті жөнінен үш топқа бөлінетіні туралы айтылған.
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі



География сабақтарында оқушылардың ойлау және практикалық әрекеттерін ұйымдастыру.




Оқыған: Дусюнбаева А.А.



Павлодар 2014

«География сабақтарында оқушылардың ойлау және практикалық әрекеттерін ұйымдастыру»

(Слайд 1)

Оқушылардың географияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өз тәжірибиемде сабақтарда ойлау және практикалық әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға үлкен назар аудардым.

Бұндай проблемалық тақырып бойынша жұмыс жасау оқытудағы әр түрлі оқыту әдістер мен тәсілдерді қолдану дыталап етеді. Бұл географиялық білімді меңгертіп, әр оқушының шығармашылығын дамытуға көмектеседі. Ойлау әрекеттерін ұйымдастыру дәстүрлі және дәстүрлі емес жаңа әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Маңызды болып есептелінетін: Мәселені шешуге дайындық, кез келген жағдайдан қисынды шешімдерді талдауы, алдына мақсат қойып, елмен қатарласуы, өз іскерлігіне есеп беріп, жұмыс жасау алгоритмін құрастырып, алдына туындаған мәселені шешіп, оны іс жүзіне асыру.

Ақпаратты ресурстарды қолдану дайындығы, дәйекті шешімдер жасау қабілеті, ақпаратты өз іскерлігіне жарататын жоспар құрып, қолдануы, ақпаратты сыни ойлау тұрғысынан шешім қабылдау мүмкіншілігін алады.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін бақылау мен эксперимент жасауды кеңінен қолдануға, оған анализ, болжам жасауға, табиғаттағы болып жатқан үдерістерді салыстырып, қорытынды жасауға үйретемін. Мысалы, ауа температурасын бақылап, график құрастырып, оған анализ жасау. Оқушылар ең ыстық және ең суық айларды анықтайды, және жылдық температураның өзгерістерін түсіндіреді.

Практикалық жұмыстарды орындау теорияда алған білімдерін қолдана алуға мүмкіндік береді. Бұл физикалық карталармен, статистикалық материалдармен жұмыс жасап, талдау жасай алу (географиялық координаттарды анықтау, географиялық нысандарды көрсету, жергілікті жерді бағдарлау, жоспар бойынша сипаттама беру, арақашықты өлшеу, табиғатты бақылау және т.б).

(Слайд)

Сабақтарда ойлау әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында саяхат сабақтарын, зерттеу сабақтарын, ойын сабақтарын өткіземін. Тақырыпты қалай меңгергенін тексеруді географиялық викторина, конкурс, географиялық диктан, тестілеу түрінде өткіземін.

География сабақтарында ойлау әрекеттерін дамытудың басты міндеттері:

  • пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Оқушылардың интеллектуалды потенциалын анықтау;

  • Сабақтарды ойлау әрекеттерін дамытатын модулдер құрастыру.

(Слайд )

Қолданылатын әдістер: бұл репродуктивті оқыту, зерттеу, мультимедиялық оқыту технологиясы, интербелсенді технологиясы, инновациялық әдістерді қолдану.

Ерекше назар аударатын әдістер мен технологиялар: жобалау технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалы, дамыта оқту, модульды, ойын, рөлдік ойындар.

(Слайд)

Мысалы проблемды сұрақтар 7-9сыныпқа арналған.

(Слайд )

Географиялық түсініктемелерді жіктеу, салыстыру, талдау оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді сондықтан бұндай тапсырмаларды әр сабақта қолдану керек.

(Слайд )

Оқушыларды келесі үш топқа бөлуге болады: визуалдар, аудиалдар, кинестетиктер.

Сонымен, дамыта оқыту технологиясын пайдала отырып, келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

  • Оқушылардың ойлау әрекеттері дамиды;

  • Оқушылардың тек қане жеке тақырыпқа емес, географияға деген қызығушылығы артады;

  • Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері артады.

Сабақтарда дәстүрлі емес әдіс тәсілдерді қолдану оқушылардың ойлау және практикалық әрекеттерін дамытады, алған білімдерін байытып, бекітуге, және білімдерін қолдана білуге бағыттайды. Оқушы қызыға оқиды, дәстүрлі емес технологиялар арқылы сабаққа деген, оқыға деген қызығушылығы артады.


© 2010-2022