Географиялық зоналық

Ресурс: Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күнжылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесім... Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөлзоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екібастұз қаласының №17 ЖОББМ КММ


















География пәнінен ашық сабақтың тақырыбы:

«ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗОНАЛЫЛЫҚ»

2014-2015 оқу жылы


Сынып: 7а қазақ сыныбы


Пән мұғалімі: Кылышпекова Қ.Т.



















Тақырыбы: Географиялық зоналық.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға географиялық зоналық, таралуы, заңдылықтары, ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Географиялық зоналықпен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жартылай ізденіс

Сабақтың әдісі:

1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б. интербелсенді тақта.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Атласпен жұмыс

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1- Практикалық жұмыс.

2. Тест.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Табиғат кешені дегеніміз не?

2. Д.ж. су айналымы?

3. Жер қыртысындағы заттар айналымы?

4. Географиялық қабықтың құрылысы?

5. Табиғат кешендерінің байланысы?

Сергіту сәті:

Қазақстан тибағиғаты жайлы бейнекөрініс

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Жаңа материалмен жұмыс (жартылай ізденіс)

(оқушылар төмендегі материалды өздігімен зерттейді)

Ресурс: Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күнжылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөлзоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы географиялық зоналықтың түрлерін түсіндіру.

Географиялық зоналық

3. Атласпен жұмыс:

(оқушылар мұғалімнің тірек сұрақтары арқылы атласты зерттеді)

Географиялық зоналық

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Практикалық жұмыс.

Осы кесте мен сызбаға қарай отырып не айтуға болдаы?

(өз бетінше зерттеп, жанындағы жұптасымен талқылау. Сонында мұғалімге баяндау)

0-1000 м.м.

Тау етегіндегі-терая, Субэкваторлық ылғалды ормандар.

1000-2000 м.м.

Мәңгі жасыл субтропиктік ормандар.

2000-2500 м.м.

Жапырақтарын түсіретін жалпақ жапырақты ормандар.

2500-3500 м.м.

Қылқан жапырақты ормандар.

3500-4500 м.м.

Субальпілік биік шөпті шалғындар, Субальпілік аласа шөпті шалғындар.

4500-9000 м.м.

Қар.

Географиялық зоналық

Тау мен жазық жерлердегі зоналардың айырмашылығы неде?

2. Тест.

1. Табиғат зоналарының экватордан полюске қарай ауысу заңдылығы неде?

А. Биіктік белдеулік

Б.енділік зоналық

С. Ырғақтылық

2. табиғат зоналарының картасында не берілген?

А. Мұхит түбінің терендігі

Б. Табиғат зоналарының шекаралары

С. Жер асты сулары

3. материктер мен мұхиттардағы табиғат компоненттері қалай өзгереді.

А. Полюстен экваторға дейін

Б. Бойлық бойынша

С. Экватордан полюстерге қарай

4. Табиғаттағы зоналық неге тәуелді?

А. Желдерге

Б. Жануарларға

С. Климаттқа

5 тауда табиғат зонасының ауысып келуі

А.Таулы зона

Б.Табиғат кешені

С.Биіктік белдеулік

V. Рефлексия, бағалау.

  • Сен үшін сабақ қиын болды ма?

  • Ұнады ма?

  • Көңіл-күйлерін қалай?

VІ. Үйге тапсырма беру.

11 тақырып: Географиялық зоналық. Мазмұндау ,

5 тест құру

кескін картамен жұмыс

© 2010-2022