Разработка по географии на тему Табиғатта, ы күштер 7-класс

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:

5 уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

§ 33. Табиғаттағы күштер

Мақсаты :

Оқушыларға үйкеліс күшінің әсері мен тартылыс күшінің маңызы туралы меңгерту.

Күтілетін нәтижелер:

А) Оқушылар "күш" ұғымын түсініп, біледі.

В) И.Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс Заңын талдайды.

С) Тартылыс күшін өмірмен байланыстыра отырып, салыстыра алады.

Керекті жабдықтар:

Слайд, флипчард, маркер, бағалау парақтары, ресурс парақтары, оқулық.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Серпілген сауал», «Ой қозғау», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Есте сақта!»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

(5 минут)


Оқушылармен амандасып, кезекші мәліметін алу. Қиылған суреттер арқылы топтастыру.

Бағалау парақтары таратылады.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Серпілген сауал» әдісі

Амандасады, кезекші мәлімет береді. Оқушылар сурет қиындыларымен топтасады.

Бағалау парақтарын сабақтың әр бөлімінде бағалап отырады.

Оқушылар «Серпілген сауал» арқылы бір біріне жеңіл және күрделі сұрақтар қойып, жауап алады.

Тұсаукесер

(2 минут)

Визуалды айғақтар арқылы «Миға шабуыл». Берілген суреттер арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

  • Суреттен не байқадыңдар?

  • Қандай әсер алдыңыз?

  • Қалай ойлайсыз жаңа сабағымыз не жөнінде болмақ?

Осы сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбын айқындау.

Оқушылар берілген сұрақтарға ойлана отырып, жауап береді.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Дәптерге түсіреді.

Негізгі бөлім


Оқушыларға тақырыпшалар бөлініп беріледі.

І топ: «Үйкеліс күші»

ІІ топ: «Тартылыс күші»

ІІІ топ: «Бүкіләлемдік тартылыс Күші»

IVтоп: "Күш"

Тапсырмалар:

І тапсырма: Мәтінмен танысу.

«Ойлан, жұптас, бөліс»

І топ: Үйкеліс күшінің әсері

ІІ топ: Тартылыс күші дегеніміз не?

ІІІ топ: Исаак Ньютонның БӘТ Заңы.

IVтоп: Бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттау.

ІІ тапсырма:

Жалпы сыныпқа шығармашылық тапсырма беру.

«Екі жақты күнделік»

Оқушылар мәтінмен жеке танысады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жұпта және топта талдайды. Постерге түсіріп, қорғайды. Берілген тақырыпшалардың маңыздылығын анықтайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Оқушылар шығармашылық жұмыс орындайды. Әр топ «екі жақты күнделікті» өз ойымен қорытып, толтырады

Қорытынды

Сабақты «Есте сақта!» әдісімен аяқтау.

Бағалау парақтарын ескеріп бағалау.

Кері байланыс: «Post-it»

Не ұнады?

Не ұнамады?

Сұрағым?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған бір мәліметтен айтады. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін нығайтады.

Бағалау парақтарын толтырады.

Стикерге сабақ бойынша рефлексиясын жазады.









І топ: «Үйкеліс күші»

Табиғаттағы әр түрлі күштер кездеседі. Күш денелердің қозғалуына әсер етеді. Егер сендер партаның үстіндегі кітапты жай қозғасаңдар ол бірден қозғала қоймайды. Оған себеп болған үйкеліс күшінің әсері. Егер кітапты қатты қозғсаңыз ол бір бағытта сырғанай бастайды. Үйкеліс күшінің әсерінен кітап біраз жерге барып тоқтауы мүмкін. Яғни үйкеліс кез келген дененің қозғалуын тежейді немесе тоқтатады.

Кез келген дененің үстінгі беті біз ойлағандай теп тегіс бола бермейді. Оны микроскоп арқылы көре аламыз. Дененің беті бұдыр болып келсе үйкеліс күші жоғарылайды. Сондықтан да қағаз бетіне қаламсаппен жазғанда оның ізі қалады, ал әйнектің бетіне жазсаңдар, оған жазу түспецді. Себебі оның беті өте тегіс, үйкеліс күші өте аз. Бәтеңкелеріңнің табанына қарап көріңдерші, нені байқайсыңдар?

Мұз айдынындағылардың табаны тегіс болып келеді, себебі, үйкелісті азайтып тез қозғалу үшін қажет.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ топ: «Тартылыс күші»

Егер біз бір нәрсені қолымыздан түсіріп алсақ немесе, лақтырсақ, ол зат әрдайым жерге түседі. Бұндай күшті біз тартылыс күші деп атаймыз. Тартылыс күші болмаса жер бетіндегі денелер яғни ағаш, адам, тас, жануар барлығы ғарыштық кеңістікке ұшып кеткен болар еді.

Мысал келтір:

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІІ топ: «Бүкіләлемдік тартылыс Күші»

Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіләлемдік тартылыс Заңын ашты. Тартылыс күші Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың Күннің айналасында өз орбиталарында ұстап тұр. Тартылыс күші Жаер атмосферасында ұстап тұр. Бұдан басқа көптеген процестер тартылыс күшіне байланысты болады. Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

IVтоп: "Күш"

Күш - материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе ерістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың доп ка, желдің қайык желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар Бұл үғым ауыспалы мағынада да колданылады.

Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипатптайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.

Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

Сонымен, күш -денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әр түрлі дененің козғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жұмсаймыз. Бос және жүгі бар арбаларды орнынан қозғалту үшін және олардын қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оларға шамасы әр түрлі күш түсіреміз.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Ғалымның ойы

Менің ойым

Дененің беті бұдыр болып келсе үйкеліс күші жоғарылайды.



Ғалымның ойы

Менің ойым

Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипатптайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.


Ғалымның ойы

Менің ойым

Әр түрлі дененің козғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күш түсіруіміз керек.


Ғалымның ойы

Менің ойым

Егер біз бір нәрсені қолымыздан түсіріп алсақ немесе, лақтырсақ, ол зат әрдайым жерге түседі



Шоке сарымен белгілеп койған жерге не жазуға болады?


Разработка по географии на тему Табиғатта,ы күштер 7-класс


Разработка по географии на тему Табиғатта,ы күштер 7-класс





Бағалау парағы

Оқушының аты жөні

Үй тапсырмасына қатыстым

(1-3 ұпай)

Сұрақ - жауапқа жауап бердім

(1-3 ұпай)

Постер жасау

(1-3 ұпай)

Кескін картамен жұмыс

(1-3 ұпай)

«Есте сақта!»

(1-3 ұпай)

























Сыныбы:

6 уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

§ Ауа райы. Климат

Мақсаты :

Оқушыларға ауа райы, климат ұғымдары туралы оқып үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

А) Оқушылар ауа райы, климат ұғымын біледі.

В) ауа райы мен климаттың айырмашылығын ажырата алады;

С) Күнделікті байқалатын ауа райының себебін анықтап, тұжырым жасай алады.

Керекті жабдықтар:

постер, маркер, бағалау парақтары, ресурс парақтары

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Өрмекшінің торы», «Ой қозғау», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Есте сақта!»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

(5 минут)

Оқушылармен амандасып, кезекші мәліметін алу. Қиылған суреттер арқылы топтастыру.

Бағалау парақтары таратылады

Үй тапсырмасын тексеру.

«Өрмекшінің торы» әдісі

Амандасады, кезекші мәлімет береді. Оқушылар сурет қиындыларымен топтасады.

Бағалау парақтарын сабақтың әр бөлімінде бағалап отырады.

Оқушылар «Өрмекшінің торы» арқылы бір біріне жеңіл және күрделі сұрақтар қойып, жауап алады.

Тұсаукесер

(2 минут)

Визуалды айғақтар арқылы «Ой қозғау». Берілген релаксация арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

  • Нені көрдіңдер естідіңіз?

  • Бұл сізге бұрыннан таныс па?

  • Қандай әсер алдыңыз?

  • Қалай ойлайсыз бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Осы сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбын айқындау.

Оқушылар берілген сұрақтарға ойлана отырып, жауап береді.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Дәптерге түсіреді.

Негізгі бөлім

Оқушыларға тақырыпшалар бөлініп беріледі.

І топ: «Ауа райы »

ІІ топ: «Климат»

ІІІ топ: «Ауа райы»

IVтоп: «Климат»

Тапсырмалар:

І тапсырма: Мәтінмен танысу.

«Ойлан, жұптас, бөліс»

І топ: Ауа қабаты деген не?

ІІ топ: климат -ауа қысымының құбылысы

ІІІ топ: Атмосфералық жауын-шашын түрлеріне сипаттама бер.

IVтоп: Климат қалыптастырушы факторлар дегеніміз не?

ІІ тапсырма:

Жалпы сыныпқа шығармашылық тапсырма беру.

Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?
Топтастыру.
сығылады
көрінбейді
серпімді
жануды қолдайды
түссіз
мөлдір

Оқушылар мәтінмен жеке танысады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жұпта және топта талдайды. Постерге түсіріп, қорғайды. Берілген тақырыпшалардың маңыздылығын анықтайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Тәжірибе:
• Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
• Допты еденге ұру,қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
• Шырағдан жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады,жануды қолдауы.
• Стаканға су құйып,бірер минут қойсақ,оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз,бұл ауа

Қорытынды

Сабақты «Лездеме!» әдісімен аяқтау.

Бағалау парақтарын ескеріп бағалау.

Кері байланыс: «Post-it»

Не ұнады?

Не ұнамады?

Сұрағым?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған бір мәліметтен айтады. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін нығайтады.

Бағалау парақтарын толтырады.

Стикерге сабақ бойынша рефлексиясын жазады.










І топ: «Ауа райы » Атмосфера (гр. ατμός - «ауа» және гр. σφαῖρα - «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?
Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуы болды.
Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.
Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.
Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ топ: «Климат»

Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай - ақ ауа физикалық дене.Сондықтан ол құбылыста болып отырады.Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат -бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді.Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды. Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.
Климат қалыптастыушы факторлар 3 ке бөлінеді. Олар: күн радиациясы, атмосфералық циркуляциясы, жер бедері төсеніштері Ауа райының көп жылдар бойы кайталанып отыратын белгілі бір типтерін климат деп атайтынын білесіңдер. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты. Оларды климат құрушы факторлар деп атайды. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: Күн радиациясы, атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті.

Географияның өткен курстарынан белгілі бір орынның географиялық ендігінің, жер бедерінің және мұхиттың құрлықпен арақатынасының климатқа әсер ететінін білесіңдер.

Климатқа әсер ететін жердің төсеніш беті (жер бедері, қар, су, топырақ пен өсімдік жамылғысы) туралы климат элементтеріне сипаттама беру кезінде айтылады. Ал климат факторларының алғашқы екеуіне жеке-жеке тоқталайық.


© 2010-2022