Разработка по теме БАЛАНЫҢ ОЙЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ РОЛІ

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өзбетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.  География сабақтарында сарамандық жұмыстарға көп көңіл бөлу оқушылардың ойы мен белсенділігін дамытуда ерекше орын алады.Сар...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


  1. Тегі, аты- жні: Туечиева Ивагүл Қадірқызы


  1. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:жоқ

Мекеме, лауазымы: Қ. Сағырбаев атындағы орта мектебі, география мен биология пән мұғалімі

Мекен - жайы:Шардара қаласы , Сол жағалау елді мекені

  1. Телефон:87021607016

  2. Мақала тақырыбы: Баланың ойы мен белсенділігін дамытуда сарамандық жұмыстардың ролі

  3. :

  4. Қонақ үй, жатақхана : жоқ




Мен

Конференцияда қорғаудықалаймын.




БАЛАНЫҢ ОЙЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ РОЛІ


Туечиева Ивагүл Қадірқызы


Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орта мектеп

Шардара қаласы. Оңтүстік Қазақстан облысы


«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өзбетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.

«Педогогика » сөзін грек сөзінен аударғанда баланы жетелеу деген мағына береді. Педогогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуы үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану ,баланың ойын барынша еңбек етуге шақыратын логикалық есептерді пәнмен байланыстырып, карта, масштаб, ауа температурасы, қысымы мен және обьектінің географиялық координатасын анықтау, жел өрнегін жасау,жер шары өлшемдерінің алынуымен байланысты т. б. сарамандық жұмыстарды күнделікті география сабақтарында қолданып отыру қажет.Оқушы өзінің теориялық алған білімдерін өз бетінше іске асыруға дағыланады.Әр-бір географиялық ұғымды, өлшемдерді жаттап қана қоймай, оның пайда болуына үңіле қарап.үнемі ізденіс үстінде болады.

Осылай білім берудің мазмұнын, әдістерін үнемі түрлендіріп , дамытып отыру,оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын арттырып,алған білімдерін қоғамда пайдалана білетіндей етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Т.Ғалиевтің «Жүйелілік тұрғысынан оқыту»,Вассерманның «БИ и С» технологияларының элементтерін сабақтарда қолдану.уақытты үнемді пайдаланып, оқушыларға бір сабақ бойында жаңа тақырыпты оқытып, сол тақырыпты талқылап, жаңа сабақта неше түрлі оқыту ойындарын, тесттер ,сарамандық жұмыстар, географиялық диктантар,есептер, карта , терминдер мен жұмыс орындап.қорытындылап үй тапсырма беріп үлгеруге болады.

География сабақтарында сарамандық жұмыстарға көп көңіл бөлу оқушылардың ойы мен белсенділігін дамытуда ерекше орын алады.Сарамандық жұмыстарға әр тараудан кейін бір сабақ және күнделікті сабақтарда 5-7 минут уақыт бөлген жөн деп есептеймін.


«Сөзсіз жауап» оқыта үйрету ойыны.

Ойынға сынып оқушылары толық қатысады.Ойынға оқушылардың жасап келген карточкалары мен номерленген парақтары қажет.

Карточкаға қандай сөздерді жазып келуді мұғалім алдын-ала тапсырады.Мұғалім сұрақ қойған кезде қайсы материкке тиісті болса, оқушы сол жауапты карточкасын көтереді.Жауабының дұрыс-бұрыс екендігін мұғалім дұрыс жауапты айтқаннан кейін нөмерлі парағына белгілеп қояды.Сұрақ тоқтағаннан кейін дұрыс жауаптарын санап айтады.

Оқушылардың сұрақтарға көтеретін жауапты парақтары:

«Еуразия»

1

«Солт. Америка»

2

«Оңт.Америка»

3

«Африка»

4

«Аустралия»

5

«Антарктида»

6

«Сөзсіз жауап » ойынының сұрақтары:

1.«Батыс» және «Шығыс» деп финикиялықтардың ат берген материгі?(1)

2.Қай материкті тұтас бір мемлекет алып жатыр?(5)

3.Ең ылғалды материк?(3)

4.Сахара шөлі қай материкте орналасқан?(4)

5.Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы Хабборт орналасқан материк?(2)

6.1935 жылы Венесуэль ғарышкері Д.Анхнель ашқан ,әлемдегі ең биік сарқырама орналасқан материк?(3)

7.Жер шарының суықтық полюсі орналасқан материк?(6)

8.1820 жылы Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев ашқан материк?(6)

9.Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 750 метр биіктіктегі материк?(4)

10.Теіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Өлі теңіз?(1)

11.Ауданы 7,6 млн шаршы шақырым материк?(5)

12.Шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына бағытталған материк?(4)

13.Екі дүние бөлігінен тұратын материк?(1)

14.Қайсы материкте барлық бағыт солтүстікті көрсетеді?(6)

15.Эратосфеннің ғылыи жаңалықтарын жүргізген Мысыр елі қай материкте?(4).

16.Ең биік шыңы Мак-Кинли?(2)

17.Байырғы халқы аборигендер?(5)

18.Байырғы халқы үндістер?(3,2)

19.Атауы«Таулардың ана құдайы» деген мағына беретін шың орналасқан?(1)

20.Оңтүстігінде әлемдегі ең кең бұғаз орналасқан материк?(3) т.б

«Картамен тілдесу» оқыта үйрету ойыны

Бұл ойынды барлық тапсырмаларды жылдамдық пен орындап болған оқушылармен жүргізген тиімді.Ойынға дүние жүзінің физикалық картасы,сағат қажет.Ойынның шарты 1 минут уақыт ішінде

берілген материктің табиғы обьектілерін көрсетуге тиіс.Қанша обьектті көрсеткені саналады.

Сарамандық жұмыстар мен географиялық есептер.

1.Саяхатшылардың жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.Оңтүстік шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау.(53°54´ о.е

71° 18´ батыс бойлық)

2..Кескін картаға О. Американың жер бедерінің ірі обьектілерін түсіру. Батыс шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау.(4°45´о.е 81°20´ б.б.)

3. Ірі өзендері мен көлдерін кескін картаға түсіру. Шығыс шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау (7° 09´ о.е. 34° 48´б.б.) .

(Оңтүстік Америка материгінен) .

Ескерту: Осындай сарамандық жұмыстарды әр материктен алуға болады

4.Жер шары бетінің ауданы қанша?Қаншасын су алып жатыр? Пайыздық өлшемін есептеп шығар?

Шешуі:Жер шары бетінің ауданы 510 млн шақырым шаршы, оның 361 млн шақырым шаршы мухиттар алып жатыр.

510 млн шақырым шаршы---100 пайыз%

361млн шақырым шаршы---Х пайыз.Х=36100/510=70,78≈71пайыз.

5.Экватордың ұзындығы белгілі.(40055 шақырым).Жердің экваторлық радиусын есептеп шығар?

Жауабы:С=2πR шеңбердің ұзындығын табу формуласымен радиусты есептеп шығарамыз.

R =С/2π =40055/2х3,14=6378 шақырым.

Экваторлық радиус ұзындығы: 6378 шақырым.

Ескерту: Грек әрібі π (пи)-3,14 тең.Бұл шеңбердің оның диаметрінен неше есе ұзындығын көрсететін шама.

6.Меридиан бойынша 1 градус доғасының ұзындығын есептеп шығар?

Меридианның орташа ұзындығы 40009 шақырым.

Шешуі: 360°----40009 шақырым

1 °-----Х шақырым.Х=40009/360=111,1 шақырым.

1 градус меридиан доғасының ұзындығы 111,1 шаырым.

Ескерту: Ең алғаш меридиан ұзындығын бұдан 2 мың жыл бұрын ежелгі грек ғалымы Эратосфен есептеп шығарды.

7.Солтүстік Американың солтүстік және оңтүстік шеткі мүйістерінің ендігі берілген.Солтүстіктен оңтүстікке қанша шақырым созылып жатқанын есептең.

Шешуі:Солтүстік м Мерчисон 71° 50΄ с.е.

Оңтүстік м . Марьято 7 ° 12 ΄с. е.

71° 50΄ с.е.7 ° 12 ΄с. е.=44 °´38´

44 °´38´х111,1=4930,6 шақырым.Солтүстік пен оңтүстіктің тікелей арақашықтығы 4930,6 шақырым болды.

8.1 минут меридиан доғасыеның ұзындығы қанша шақырым?

Шешуі:1 градус меридиан доғасының ұзындығы 111,1 шақырымға тең.

1 минут =1/60 градусқа тең.111,1/60=1,85.Демек 1 минут доғасының ұзындығы 1,85 шақырымға тең.

9.Егер-де екі нүктенің аралығы бірі-бірінен 45 минут айырмашылық жасаса, онда бұл екі нүктенің арақашықтығы қанша?

Жауабы:1 минут доғасының ұзындығы 1,85 шақырымға тең.

45х1,85=83,25 шақырым.

10.Жер шары шеңберінің орташа ұзындығы белгілі (40009 шақырым) .Жер шарының орташа радиусын табың.

Жауабы: С=2πR формуласымен табамыз.

R =С/2π=40009/6,28=6370,8≈6371 шақырым.

Ескерту:Жер шарының ең нақты өлшемдерін алған орыс геодезия ғалымы Ф.Н Крассовский(1873-1948 жж)болды.Оның деректерінде экваторлық радиуспен полярлық радиустың ұзындығы тең емес. Rэк-6378,2 шақырым

Rпол-6356,8 шақырым. Rэк R пол-дан 21,4 шақырым ұзын.

11.Жер шарында 24 сағаттық белдеу бар .1 сағаттық белдеу неше градусқа тең.

Жауабы: 24 сағат------360º

1 сағат-------Хº . Х=360/24=15ºтең

12.Жер шарының орташа радиусы белгілі, жер шары бетінің ауданын есептеп шығар.

Жауабы: Грек ғалымы Архимед ғылымға енгізген шар бетінің ауданын табу формуласы бар.S=4 πR²

S=4 πR²=4х3,14х6371²=509 805891≈510 млн шақырым шаршы.

Осылай өтілген сабақтарда тұлғаның қызығушылық пен шығармашылық потенциялы дамыды.

-Оқушының білім алуына және өзін-өзі көрсетуіне психологиялық қолайлы жағдай жасалады.

-Білімге қызығушылығы артып,ғылыми әдебиеттерді өз бетінше пайдалануға үйренеді,мәтіннен ең бастысын,қажеттісін бөліп алады.

-Логикалық ойлауы өрлейді.

-Сабақ өту барысында жұмыстың әр түрлі түрлерін пайдалану оқушылардың назарын жоғары деңгейде ұстап отырады.

-Сабақ өтудің дәстүрлі емес түрі ұстаздың шығармашылық дамуына мүмкіндік береді.

Сабақтарды әр түрлі әдіс тәсілдермен түрлендіріп,географиялық есеп , сарамандық жұмыстар мен үйлестіріп өтуде тұрақты оң нәтижеге жетудің басты шарты оқушының белсенді шығармашылық және танымдық әрекеттілігі негізінде , сабақта оқушы жұмысының зерттеушілік сипатта болуы негізінде география пәнін оқыту үрдісін оңтайлау болып табылады.















Сарамандық жұмыс.(Оңтүстік Америка)

Первокарталарға сарамандық жұмыстар жазылып қойылады.

1-сарамандық жұмыс.Саяхатшылардың жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.Оңтүстік шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау.(53градус54минут о.е71град 18 мин батыс бойлық)

2-сарамандық жұмыс.Кескін картаға О. Американың жер бедерінің ірі обьектілерін түсіру. Батыс шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау.(4град45 мин о.е.81град 20 мин б.б.)

3- сарамандық жұмыс. Ірі өзендері мен көлдерін кескін картаға түсіру. Шығыс шеткі мүйісінің географиялық координатасын анықтау(7град09мин. о.е.34град48минб.б.).

Термин санау сайысы.

Әр топ 5 термин сөзден айтысып жарысады.

Айтылған терминдерді қайталап айтуға болмайды.Тоқтап қалған топ жеңіледі.

Сайыста қолданған термин сөздерден үзінді:

1.Пампа- жазық дала

2.Пуна -тау аралық үстірттер

3.Климат -грек- еңкіш

4.Амплитуда- латын - кеңдік, жайылушылық

5.Гилея - грек - орман

6.Кампос-порт - жазық дала

7.Льянос-испан- жазық(Ориноко саваннасы)

8.Шхер-шағын жартасты аралдар

9.Рельеф-грек-жер бедері

10.Мәрмәр-грек-жылтырақ тас

11.Канал-латын - құбыр,науа

12.Ксерофит-грек-қуаңшылыққа төзімді өсімдік

13.Мезозой-грек-орташа,зое-тіршілік

14.Морена-франц-кесек тау жыныстарының үйіндісі.

15.Суккуленттер-лат- шырынды

16.Кебрачо- балта сынар ағашы

17.Сельвас-қалың орман.

18.Юкатан-үндіс-мен сені түсінбеймін

19.Абразия -латын-жемірілу

20.Абориген-латын-байырғы тұрғын

21.Аллювий-латын-үйінді ,қоқыс.

22.Батиаль-грек-терең

23.Вихрь-құйын

24.Гелиофит-грек-жарық сүйгіш өсімдік 25.Еуропа(эреб)-батыс

26.Азия(асу)-шығыс

27.Архей-грек-ежелгі

28.Бедленд-ағылш-жарамсыз жер

29.Галофиттер-грек-тұз және өсімдік

30.Кайнозой-грек-жаңа тіршілік

31.Саларес - тұзды батпақтар

32.Амазуну - үндіс-кері ағыс.

33.Титикака-үндіс- қалайы алаңы

34.Гуано-құс саңғырығы.

35.Креолдар-Испания - Португалиядан келгендердің ұрпақтары.

36.Гаруан - соқыр туман.

37.Федерация- құрамды.

38.Археология- ежелгі, ғылым

39.Маис-жүгері

40.Папа-перу-картоп



© 2010-2022