• Преподавателю
  • География
  • Ашық сабақ: Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Ашық сабақ: Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ:

Тақырыбы: Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Германияның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, халқы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Билингвал.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, слайд, кескін карта, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген сабағымыз Ұлыбритания мемлекеті еді. Енді оқушыларымыз өтілген сабақты қалай меңгеріп келгенін анықтаймыз:

1. Ұлыбританияның экономикалық географиялық жағдайы. Мемлекеттік құрылымы туралы не білеміз?

2. Ұлыбританияның табиғаты және табиғат ресурстары дегеніміз не?

3. Ұлыбританияның халқы.

4. Ұлыбританияның шаруашылығы мен өнеркәсіби.

5. Ұлыбритания мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Жұмбақ әңгіме:

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Еуропадағы жоғары дамыған ел туралы. Біз бұл елдің экономикалық-географиялық, табиғи жағдайларымен және табиғи ресурстарымен, халқымен танысамыз. Тарихқа үңілсек бұл ел бірінші дүниежүзілік соғыста ең алғаш рет химиялық қаруды пайдаланған. 1882 жылы «Үштік одақтың құрылуына» себепші болған. Екінші дүниежүзілік соғыстың отының тұтануының да себепшісі болған ел туралы . Бұл қай ел? -ГФР

Ал енді бүгінгі жаңасабағымызға оқушыларымыз дайындалып келген. Алдымен оқушылардың Германия туралы пікірлерін тыңдасақ, содаң кейін мен өзім толықтырып айтып беремін.

1. Германия мемлекетінің экономикалық географиялық және геосаясы жағдайы туралы айту.

2. Германия аумағының құрамы.

3. Табиғат ресурстары.

4. Халқы.

5. Өнеркәсіби мен ауыл шаруашылығы.

6. Көлік жүйесі.

7. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм.

8. Қазақстан мен Германияның өзара қарым қатынастары.

ГЕРМАНИЯ

  • Жерінің ауданы - 357 мың км2

  • Халқы - 82,6 млн адам (2010 ж.)

  • Астанасы - Берлин

  • Мемлекеттік құрылымы - федерациялык республика

  • Мемлекет басшысы - федералдык президент

  • Үкімет басшысы - федералдык канцлер

  • Заң шығарушы органы - парламент

  • Мемлекеттік тілі - неміс тілі

  • Ақша бірлігі - еуро

Экономикалық-геоғрафиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялык Республикасы (ГФР)-Еуропаньщ батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналаскан. Экономикалық-географиялык жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы калпына келтірілген соң тілті айкын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның экономикальщ-географияльщ жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының кұрлык жөне өуе жолдарының тоғыскан торабында орналасуы аймақішілік және хальщаралык сауда-экономикальщ катынастардың дамуына колайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналаскан.

Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одактас ретінде НАТО үйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жаксартты.

Германияния Польша, Чехия,Австрия, Швейцария, Франция,Бельгия, Нидерланд, Дания мемлекеттері мен шекаралас.

  1. Аса ірі қалалары: Берлин(3 млн 500 мың), Гамбург(1 млн 700мың), Мюнхен(1млн 250мың), Кельн(966 мың)

  2. 16- ты әкімшілік (федералдық) жерден тұрады: Бавария, Баден-Вюртемберг, Берлин, Бранденбург, Бремен, Гамбург, Гессен, Мекленбург-Передняя Померания, Нижняя Саксония, Рейнланд-Пфальц, Саар, Саксония, Саксония-Анхальт, Северный Рейн-Вестфалия, Тюрингия, Шлезвиг-Гольштейн.

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Германияның экономикалық-географиялық жағдайы?

  2. Германия аумағының құрамы?

  3. Германияның табиғат ресурстары?

  4. Германияның табиғатын қорғау?

  5. Германияның халқы?

Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Германияның экономикалық-географиялық жағдайы, халқы оқу. Кескін картаға Германия аумағын түсіру.


Оқытушы:........................Шахатова М.


© 2010-2022