ГЕОГРАФИЯ ӘЛЕМІ сыныптан тыс

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География әлемі

Сарина Алмажан

Құмсай орта мектебінің география пәні мұғалімі

Оқушылардың пәннен алған білімдерін пысықтау,топпен жұмыс жасау барысында белсенділіктерін арттырру мақсатында сыныптан тыс ойын кешін өткіздім.

Ойынның өзекті мәселесі: география әлеміндегі лидер топты анықтау.

Барысы: Ойын жоспарымен таныстыру.

Кел,келіңдер сайыскер, Көрермендер,Жанкүйерлер

Әділдік жол таңдайық, Бұл ойыннан қалмайық

Өнерлі топтар бүгін ортамызда

Командалар келіп тұр арамызға

Қол соғып біз оларды қарсы алайық

Айтқандарын құлақ сап біз тыңдайық

Командалар аты бар

« Білімділер» мен « Білгірлер»

Бір-бірімен теңдесе, Ал жарыссын ендеше

дей отырып бүгінгі ойынымызды бастауға барша көрермен рұқсат етіңіздер!

I тур-« Білім мұхитына саяхат»

1. « Білімділер тобына:

1.Құрамы 78% ,21% тұратын жердің қабаты? ( атмосфера)

2. Ауа қысымын өлшейтін құрал? ( барометр)

3. Қалыпты атмосфералық қысым? ( 760мм)

4. Күн энергиясының бөлінуінен жүретін процесс? ( фотосинтез)

5. Ауа райын зерттейтін ғылым? ( метерология)

6. Реликті көлдер? ( Каспий, Арал, Балқаш)

7. Қазақстанның қандай қалаларында мұнай өңдеу зауыт( Атырау, Павлодар, Шымкент)

8.Атмосфераның төменгі қабаты? ( тропосфера)

9. Жер қыртысындағы жер сілкінуді анықтайтын маман? ( сейсмограф)

10. Қанша геологиялық эра бар? ( архей, протерозой, палеозой, мезазой, кайнозой)

2. « Білгірлер» тобына:

1.Ертеңгілік байқалатын су тамшысы? ( шық)

2. Солтүстік сөзінің қазақша баламасы? ( теріскей)

3. Шөлде қандай өсімдіктер өседі? ( сексеуіл, жусан )

4. Ауаның құрамындағы бөгде заттар? ( күйе, шаң, түтін)

5. Сарыарқаның ең биік тауы? ( Ақсоран)

6. Марал шаруашылығымен айналысатын облыс? ( Шығыс Қазақстан)

7. Маңғыстау облысындағы қорық? ( Үстірт)

8. Солтүстік Америкадағы түбек ( Аляска)

9. « Флат» автомабиль фирмасы қай мемлекетте орналасқан? ( Италия)

10. Доссор, Мақатта не өндіріледі? ( мұнай, газ)

II тур - « География әлемі » ( логикалық сұрақтар)

  1. « Білімділер тобына:

1.Атырау қаласынан 55шқ жерде, Жайықтың оң жақ жағасында қаланың қираған орны жатыр. Ол қай қала? ( Сарайшық )

2.Көне архитектуралық ескерткіш, Қарахан дәуірінде тұрғызылған, 14ғ аяғында Әмір Темірдің бұйрығымен салған. Бұл қай кесене? ( Қожа Ахмет Иассауи)

3.Сарыарқаның шығысында орналасқан тау. Тау етегіндегі бұлақта қазақтың даналарының бірі өмірге келген. Бұл қай тау? ( Маңғыстау)

4. Жер-Ана өзінің төрт баласына 4 байлығын бөліп беріпті. Балалары қалай аталады?

( Атмосфера, Гидросфера, Литосфера, Биосфера)

5. Б.з.д. Vғ.бұл көл туралы мәлімет берген.Теңіздің бұрынғы аттары: Хазар, Дербес, Ақ деп аталады. Соңғы атын I Петр ұсыныпты. Бұл қай теңіз? ( Каспий)

2.« Білгірлер» тобына:

1.Б.э.д.90-160жж өмір сүрген, картографиялық бағыт ұстаған, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен, Арал теңізін картаға түсірген кім? ( Птоломей)

2. Еуропада орналасқан екі мемлекеттің аты бірдей әріптен басталатын мемелекттер?

( Ирландия, Исландия)

3.Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндірген ойшыл ғалым?

( Әл-Фараби)

4. 1970ж құрылған, 17 мемлекетте топтары бар бүкіл дж.табиғат қорғау ұйымы не деп аталады? ( Гринпис-« Жасыл әлем»)

5. Кәрлі, қатерлі ой дала, жазық деген мағынаны береді. Ағын су мүлде жоқ. Жері гранитті, шығысы биіктеу, батысы аласарады. Балқаш көлінің батысындағы бұл жер қалай аталады? ( Бетпақдала)

III тур - « Тапқыр болсаң тауып көр! »

1.« Білімділер» тобына:

1.Кең байтақ су, ішуге болмайды? ( теңіз)

2.Білетін бар жұмысы әлемнің төрт <ы Оңтүстік пен Солтүстік Батыс пенен Шығысы?

( тұсбағдар)

3.Тайқазаным күні бой қайнайды,

Ортайып та сарқылып та қалмайды. ( көл)

4.Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ. ( су)

5.Аузынан жалын атқан

Күл мен бу шашып жатқан

Төгілген сұйық нәрсе,

Тас болып қатып жатқан. ( Вулкан)

2.« Білгірлер» тобына:

1.Ақ боз атым орнында,

Ақ көбікке малынды

Тұяқпен тас атқылап,

Таудан түсті шапқылап. ( Өзен)

2.Өркешіне мұз қатқан,

Шудасынан су аққан

Мынау неткен қара нар

Күншіліктен мұнартқан ( Таулар)

3.Салынған көпір керемет,

Қызығушы өте көп

Ал,бірақтан не керек,

Кісі өтетін жолы жоқ. ( кемпірқосақ)

4.Қара таудың басында

Киік кетіп барады

Қол-аяғы бауырына,

Тиіп кетіп барады. ( тұман)

5.Жартысы жадыратып нұр себеді,

Қалғаны қара мақпал бүркенеді. ( тәулік)

IV-тур « Терезе» ойыны

Білімділер

10

20

30

40

50

Білгірлер

10

20

30

40

50

1.« Білімділер» тобына:

101- Еліміздегі АЭС қай қалада орналасқан? ( Ақтау)

201-Еліміздегі ең ірі Филип Морис темекі комбинаты орналасқан облыс? (Алматы)

301- Қазақстандағы ірі өзендерді ата?

( Ертіс,Есіл, Тобыл, Іле, Шу, Сырдария, Жайық)

401- Рентген аппаратын шығаратын никель мен хромға бай қала? ( Ақтөбе)

501- Қазақстанның ең төмен және ең биік жері

( Қарақия ойысы- 132м, Хантәңірі- 6995м)

2.« Білгірлер» тобына:

101- Іле Алатауының жануарларының биіктікте таралу сызбасын жасаған зерттеуші?

( Ш.Уәлиханов)

201- еліміздегі көлік және коммуникация министрлігі қандай үш ірі ұлттық компанияны басқарады? ( Қазақтелеком, Эйр Қазақстан, Қазақстан теміржолы)

301- Оңтүстік Қазақстан облысындағы Әулие ата, қазіргі Тараз қаласының маңын зерттеген ғалым кім? ( И.В. Мушкетов)

401- Жер шарының қай бөлігінде магнит стрелкасының екі ұшының екеуі де Солтүстікті көрсетеді? ( Оңтүстік полюсте)

501- Гималай, Кавказ, Альпі тауларының ең биік шыңдары қалай аталады?

( Гималай- Эверест 8848м, Кавказ- Эльбрус 5642м, Альпі- Монблан 4807м)

V- тур « Самғау, шарықтау»

1.« Білімділер» тобына:

1.Қазақстанның Оңт-батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір

Көмек: Батыс Сібір жазығымен жалғасады ( Тұран ойпаты)

2.Шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген аласа таулы өлке

Көмек: 99% никельге бай өңір ( Мұғалжар т)

3.Солт.Мұзды мұхит алабының басты өзені

Көмек: Зайсан көліне құяды? ( Ертіс)

4.Ебі және Сайқан желдері қай жерде соғады? ( Жоңғар қақпасы)

5.Павлодар қаласының Оңт-батысында, қоңыр көмір бассейні ( Екібастұз)

6.Қазақстанның солтүстігінде орналасқан ірі темір кен орны ( Соколов- Сарыбай)

2.« Білгірлер» тобына:

1.Негізгі бөлігі Ресей жерінде, екі бөлікке бөлінетін тау

Көмек: Ең биік шыңы - Мұзтау ( 4506м) ( Алтай)

2.Солтүстігінде- Жалпы сырт қыраты, шығысы- Орал тауы, Оңтүстігінде- Каспий теңізі орналасқан жер ( Каспий маңы ойпаты)

3.1929ж. Қостанай облыснда құрылған қорық ( Наурызым)

4.Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында жатқан орташа биіктігі 200-300м.Солтүстіктен Оңтүстікке қарай созылып жатқан ойыс ( Торғай үстірті)

5.Әлемдік шаруашылық қашан құрылды? ( 19-20ғ)

6.Қазақстандағы алюминий зауыты қай қалада? ( Павлодар)

Қорытынды. Жеңімпаз топ анықталады.

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмсай ауылы















© 2010-2022