Денсаулық куні

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі. Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдау- ларың – салауатты өмір салтын сақтау!    Олай болса бүгінгі біздің тәрб...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Денсаулық куні


КММ « Достық бастауыш білім беретін мектеп»
































2014 жы

Денсаулық күні

Мақсаты: Дұрыс өмір сүру арқылы баланың денсаулығын сақтау

Міндеттер:

  1. Кіші сынып оқушыларына өз денсаулықтарын сақтауға жағдай жасау.

  2. Қауіпсіз, әрі дұрыс өмір сүру туралы түсінік қалыптастыру.

  3. Денсаулықты нығайту мақсатында таңғы жаттығулар, түрлі спорттық ойындар, жол жүру ережелері жайлы шаралар ұйымдастыру шарт.

«Денсаулық күнінің» ашылу салтанаты мен өткізілуіне, жабылу салтанатына Достық бастауыш білім беретін мектеп оқушылары мен ата-аналар және ұстаздары қатысты. «Денсаулық күнінің» ашылу салтанатында Мектеп директоры сөз сөйлеп, барлық мектеп оқушыларын осы айтулы күнмен, ізгі тілектерін тілеп құттықтады. Оқушылар және ата-аналар бағдарламамен танысты.Содан кейін мұғалімдермен бірге мерекелік шараны көңілді, бойды сергітетін таңғы жаттығулардан бастады.

Таңғы жаттығудан кейін барлық қатысушылар екі топқа бөлінді:

Бірінші топ: Алғырлар.

Екінші топ: Тапқырлар.

Сайыстың түрлері:

1.«Кім жүйрік»

2. Доппен жарыс :«Мен сияқты қимыл жаса»

3. «Ең тез қимыл» -қаппен журіп жарысу .

4. «Мен суретшімін» сурет салу.

Денсаулық күніне арналған мерекелік шара аяқталған соң қатысқан оқушылар арнайы граммотамен марапатталды.

«Денсаулық күні» мерекелік шарасынан оқушылар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды. Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан!

Дайындады және өткізді: Мектеп мұғалімдері

«МЕКТЕПТЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНІҢ» (1-3-ші сынып) ашылу салтанаты.

  • Құттықтау.

  • Бағдарламамен танысу.

Барлық сыныптар арасындағы жаттығулар.

Жүгіру.

Қозғалыс ойындары.

Қорытындыны шығару және құттықтау.

Өткізілу туралы есеп. Денсаулық күні

1сынып.-10оқушы.

2сынып.-4 оқушы

3сынып.-5 оқушы.

Мектепалды даярлық тобы-7

Ата-аналар-10

Барлығы: 36









© 2010-2022