Сабақ жоспары: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер (6 класс)

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География

6-сынып


Сабақтың тақырыбы

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Мақсаты

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер ұғымдарымен танысу

Жұмыс нәтижесі

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы білімдері кеңейеді, пайда болу жолдарымен танысады;

Сілтеме

Оқулық 6 сынып Ә.Бірмағамбетов, К.Мамырова Алматы «Атамұра» 2015ж

Оқулық 6 сынып О.Б.Мазбаев, О.Жанәділ, С.Көбенқұлова, Ш.Айтақынова. Астана «Арман-ПВ» 2015ж

Негізгі идеясы

Диалогты оқыту; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; АКТ пайдалану

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы, презентация

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақтың жоспары

1.Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

2.Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша

3.Рефлексия

4.Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

Параграф 22

Ойлауды Блум бойынша жіктеу

Мақсат

Тапсырма түрі. Түрткілер

Нәтиже

Бағалау

критерийлер

дескриптор

ұпай

Білу



Тұсаукесер

1.Жер қыртысының қозғалысы тақырыбынан алған білімдерін еске түсіреді;

2.Жер қыртысының қозғалысы туралы білетіндерін ортаға салады

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау

1.Психологиялық ахуал туғызу;

2.Топқа бөлу (2 мин)

Үй тапсырмасын сұрау:

1.Жер сілкіну дегеніміз не? Жер сілкінуді қандай ғылым зерттейді?

2. Жер шарында қанша сейсмикалық белдеу бар?

3.Қазақстанның қай аймақтарында жер сілкіну құбылысы байқалады?

4.Жер қыртысы қозғалысының қандай түрлерін білесіңдер?

5.Жер сілкінуді болжауға бола ма?

6. Жер сілкіну болған жағдайда адам өзін қалай ұстауы қажет және не істеу керек?

Көмейінен ыстық жалын атып,

Жер гүрілдеп, от шығады.

Жолдағыны басып, жайпап,

Күл аралас сел ағады.

Бейнефильм «Дүние жүзіндегі ең қауіпті жанартаулар» (2 мин)

Үй тапсырмасын еске түсіреді



Жаңа тақырыпты анықтайды

Жер қыртысының қозғалысы туралы білім көлемін айқындау

Толық біледі

3

Жартылай біледі

2

Қиналады

1

Түсіну

Оқулық мәтінін пайдалана отырып,жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы жаңа білімді игерту;

(топтық жұмыс)

1. Презентация арқылы жанартаулар, ыстық бұлақтар және гейзерлер туралы түсінік беру; (3 мин)

2. Мозаика әдісі арқылы оқулық мәтіні бойынша топтарға тапсырма беру, постер қорғау(мәтінді оқи отырып, жаңа терминдермен жұмыс) (10 мин)

1 топ: Жанартаулардың пайда болуы және оның құрылысы

2 топ: Сөнген және сөнбеген жанартаулар, маңызы

3 топ: Ыстық бұлақтар мен гейзерлер

(Мәтінмен танысу, жұпта, топта талқылау, постер қорғау)

Топтардың постерді бағалауы: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (2 мин)

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы түсінігі

қалыптасады

Постер критерийі:

-мазмұнының мәтінмен сәйкес келуі;

-эстетикалық талғамға сай болуы;

-түйінді сөздердің болуы;

Критерийге сәйкес

3

Жартылай сәйкес

2

Сәйкес келмейді

1

Қолдану


Оқулықты, картаны пайдаланып, тапсырманы орындау арқылы алған білімдерін қолдану;

1.Жанартаудың қимасын қара. Оның бөліктерін жаз. 2. Сызбаны толықтыр: Жанартаудың белгілері; 3.Сызбаны аяқта.Жанартаудың түрлерін жаз, мысалдар келтір;

4.Координаталары бойынша жанартауларды анықта: а).10о.е,780б.б---------------------- б).40с.е,90ш.б----------------------- в).370с.е,130ш.б--------------------

5.Минералды сулардың белгілері; 6.Географиялық диктант (7 мин)

Жанартаулар мен гейзерлер және ыстық бұлақтардың ерекшеліктері туралы біледі

Оқулықты, картаны пайдаланып, кесте құрастырады

Құрастырады

3

Жартылай құрастырады

2

Қиналады

1

Талдау

Оқулықтағы және қосымша материалдардағы мәліметтерді пайдаланып, салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

1.Венн диаграммасы арқылы жанартаулар, гейзерлер және ыстық бұлақтарды салыстыру. (4 мин)

2.Атластан Жердің маңызды географиялық нысандары картасынан жанартауларды анықтап, кескін картаға түсіру;

3. Сөзжұмбақ құрастыру

Жанартаулар, гейзерлер және ыстық бұлақтардың ерекшеліктерін салыстыра алады

Орындай алады


Жұмысты толық орындады

3

Жартылай орындады

2

Орындай алмады

1

Жинақтау

Алған білімін пайдаланып, сұрақтарға жауап береді

1.Жанартаудың құрылысы қандай бөліктерден тұрады?

2.Қандай жанартауды сөнген деп, қандайын сөнбеген жанартау деп атайды?

3.Жанартау әрекеті бар аудандарда ыстық бұлақтардың пайда болатыны неліктен? Жанартаудың адам өміріне тигізетін әсері қандай?

Алған білімдерін жинақтайды, нақтылайды

Термин сөздермен аша алады

Аша алады

3

Жартылай ашады

2

Аша алмады

1

Бағалау

Алған білімдеріне ой-тұжырымдама жасау, өмірмен байланыстыру

Рефлексия «Алақан»

Қалай ойлайсыңдар?

Сөнбеген жанартаулар қай жерлерде көп кездеседі? Құрлықта ма, әлде мұхит астында ма? Өз ойларыңды тұжырымдаңдар.

Тұжырымдама жасайды

Тұжырымдай алады

Тұжырымдай алады

3



© 2010-2022