Ресейдің экономикалық аудан 10 сынып

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ№56 Сыныбы: 10 Күні_________

Тақырыбы: Ресейдің экономикалық аудан.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ресейдің экономикалықаудандары менен сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ресейдің ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы?

2. Ресейдің өсімдік шаруашылығы?

3. Ресейдің мал шаруашылығы?

4. Ресейдің көлігі?

5. Байланыс?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады

Батыс және Шығыс экономикалық зоналар.Ресей аумағы ішкі айырмашылықтарына байланысты Батыс (Еуропалық ) Шығыс (Азиялық) экономикалық зоналарға бөлінеді.

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей ел аумағының 26%-ын құрайды. Ресейде өдірілетін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің 85 %-ы осы зонаға тиесілң.

Ғылым мен ғылымды көп қажет ететін кәсіпорындардың ірі қалаларда шоғырлануы хала халқы үлесінің артуына әсер етеді. Қала халқының үлесі 75%-ға жетеді және Ресейдің ең ірі қала агломерациялары мен 11 миллионер қаласы осы зонада орналасқан.

Экономикалық аудандары.Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді.

Орталық экономикалық аудан құрамына Мәскеу қаласы мен 12 облыс кіреді.

Сыртқы сауда. Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым -қатынасы олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен сыртқы сауда байланысына тәуелді. 1994 жылы Ресй мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді.Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерлердің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі - туризім болып табылады.

Туризім. Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрілігі әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшклінеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ, бен Қара теңіздің жанға жайылы курортары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары Орал, Алтай, және Саян тауларының бауырайларындағы таулық туристік базалар жатады.

Қазақстанмен байланыстары.Ресей мен Қазақстан арасында экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарының тамыры өте терең.

1992 жылы 25 мамырда екі ел арасында Достастық келісімге қол қойылды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ресейдің экономикалық-географиялық жағдайы?

2. Ресейдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі?

3. Геосаяси жағдайы?

4. Мемлекеттің қалыптасу тарихы?

5. Қазақстанмен байланысы?

V. Қорытындылау, бағалау.

Ресей мен қазақстан арасында қандай тығыз байланытар жайында қысқаша эссе жазу

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Ресейдің экеономикалық аудан.






© 2010-2022