Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сыныпҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі



Ғылыми жобаның тақырыбы:

Шарын шатқалы

Бағыты: жаратылыстану- математикалық

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Тақырыбы: Шарын шатқалы

  • Бағыты:жаратылыстану-математикалық

  • Секциясы: жаратылыстану

Орындаған: Оразалы Амина

9- сынып оқушысы

«Екпінді орталау мектебі» КММ ,Екпінді ауылы.

Жетекшісі: Раимбекова Гульайхан Калиевна

география пәнінің мұғалімі.

«Екпінді орталау мектебі»КММ, Екпінді ауылы.

Есік 2015жылы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Екпінді орталау мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9-сынып оқушысы Оразалы Амина

Жетекшісі: Раимбекова Гульайхан Калиевна

Тақырыбы: Шарын шатқалы.

Зерттеудің мақсаты:Шарын шатқалының тарихи зерттеулері туралы мәлімет бере отырып, Қазақстандағы алатын орны, көлемі, аумағы туралы материалдар жинай, жұмбақ сырын ашу.

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші,биіктігі 150-300 метрге жетеді.Шарын шатқалы, Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа 154 км созылып жатыр.Бұл аймақтың рельефі әртүрлі, жарқабақтың бағаналары,баурай, жыралары 150-300 метірге жетеді.Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық- қызғылт. Қазақстан бойынша мұздану кезеңінен өткен, Шарын шатқалында сирек кездесетін ерен ағашы кездеседі.Сирек кездесетін «согдиандық» түрі 25 млн. жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумаққа жатады, демалушылар «Қорғандар қамалдар аңғары», «Темірлік», «Жалмауыз кемпір шатқалы» т.б. атаумен қалған жерлеріне барады.

Зерттеудің өзектілігі: Шарын ұлттық табиғи саябағында экологиялық туризмді дамытуға, экологиялық білім мен тәрбие беруге және табиғатты қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлініп, көптеген игі істерді шаралар жүргізуге асыру керек.

.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:тұжырымдамасы бойынша Шарын- шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан табиғатының інжу-маржаны ортасында сирек кездесетін ерен ағашы табылған , әсем табиғатымен көз тартатын, демалыс орнына айналған Шарын шатқалы туралы.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі:Шатқалдың маңында жұмбақ тоғай бар. Онда темір сияқты өте қатты, ыстық температураға шыдамды ерен ағашы өседі.





Мазмұны



Аннотация ................................................................................................... 2

Кірспе............................................................................................................. 3

Негізгі бөлім....................................................... ........... ........... ............... 4-6

Суреттер......................................................................................... 7-20

Географиялық карта және орналасуы ........................................................21

Қорытынды ............................................................................................ ......22-23

Қолданылған әдебиеттер............................................................... ...............24







Аннотация

«Шарын шатқалы » атты ғылыми жобада жас зерттеуші, географиялық орнынан бастап, олардың пайда болғандығына ерекше көңіл аударды. Шарын шатқалы - ең ірі экзотикалық орындардың бірі болып , ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді. Жергілікті халық бұл жерді «Қорғанды қамалдар аңғары» , "Жалмауыз кемпір шатқалы" деп атап кеткен. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, Қазақстан аумағында орналасқан табиғатының інжу-маржаны ортасында сирек кездесетін ерен ағашы табылған , әсем табиғатымен көз тартатын, демалыс орнын және туризмді дамыуына қатысты ұғымдарын жұмбақ сырын аша білген.

Аннотация

Уделяя особое внимание уникальным формам размыва и выветривания рельефа перенесут Вас в сказочный мир фантастических скульптур «Долины Замков» , где открываются грандиозные виды на каньоны. Поэтому каньон имеет еще одно название - Долина Замков. Он чрезвычайно интересен, живописен и разнообразен в своих формах, которые очень похожи на причудливые башни какого-нибудь сказочного замка.
В своём научном исследовании автор «. Чарынский каньон» сумел раскрыть принципиальные особенности живописен и разнообразен в своих формах, которые очень похожи на причудливые башни какого-нибудь сказочного замка. Красные глиняные стены каньона, словно изборожденные глубокими морщинами, в которых пещеры, гроты и затененные ниши ассоциируются с древним городом, населенным фантастическими существами. В ходе исследований расказчик выразил свой взгляд, что в Казахстане должен процветать и разиватся туризм.



Annotation

Focusing on the unique forms of erosion and weathering of the relief will take you to the fabulous world of fantastic sculptures "Valley of Castles", where open grand views of the canyons. Therefore, the canyon has another name - the Valley of Castles. It is extremely interesting, picturesque and varied in its forms, which are very similar to the bizarre towers of a fairy-tale castle.

In his research study author." Charyn Canyon "was able to uncover the fundamental features picturesque and varied in its forms, which are very similar to the bizarre towers of a fairy-tale castle. Red clay walls of the canyon, though furrowed with deep wrinkles in which the caves, grottos and shaded niches associated with the ancient city inhabited by fantastic creatures. Studies raskazchik expressed his view that Kazakhstan should flourish and evolve tourism

Кіріспе

Шарын-шатқалы - ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желден генрельефтер Сізді ертегідегі құмтауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: "Қамалдар аңғары" , "Жалмауыз кемпір шатқалы" жәнет.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метргешейінжетеді. Шарын- шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi.Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгiкей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарын-шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атапкеткен. Аңғардың ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi атта сөзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinuspotamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады.

Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақжерiнде - Қазақстан мен СолтүстiкАмерикадағана сақталған. 1964 жылдан бастап шетен тоғайы табиғат Ескерткiші деп жарияланды. Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған.

Мұндағы 1500 өсiмдiктүрiнiң 17-сi Қазақстан Республикасының «Қызыл кiтабына» енген. Ал жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 62, ұябасатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрi бар. Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн - палеолит суретшiлерiнiң жартасқасалған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.



3

Негізгі бөлім

Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ерен ағашы кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары, «Темірлік т.б атаумен қалған жерлеріне барады

Шарын шатқалы, Шарын каньоны - Шарын өзені. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді

Шарын шатқалы - ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: "Қамалдар аңғары", «Долина замков»,"Жалмауыз кемпір шатқалы" және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Аңғардың ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде - Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 1964 жылдан бастап шетен тоғайы табиғат Ескерткiші деп жарияланды. Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған. Мұндағы 1500 өсiмдiк түрiнiң 17-сi «Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына» енген. Ал жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 62, ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрi бар. Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн - палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етеді

4

«Шарын шатқалы туралы мағлұматтар мерзімді басылымдарда ғана емес интернет желісінде де өте көп жазылған. Бірақ соның денінде бірізділік жоқ. Көшірмелер. Негізі табиғат - ананың інжу-маржаны болып саналатын Шарын шатқалы туралы сөз қозғағанда алдымен халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан соғды ерені жайлы айтып қана қоймай сол құндылықты сақтап, келер ұрпақ өкіліне жеткізу мәселесін көтерген лазым. Құдайға шүкір, 1964 жылдан бастап табиғат ескерткіші деп саналып, мемлекеттік қорғауға алынған ерен тоғайы бүгінде 5014 гектар жерді алып жатыр. Тоғайда 7 ересек адам қол ұстаса шеңберлене тұрғанда құшақтары әрең жететін ерен ағашы бар» деді Алматы облысының Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары аумағында ҚР Үкіметінің 2004 жылғы № 213 каулысына сәйкес ұйымдастырылып, бүгінде 93,2 мың га жерді алып жатқан Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов.

Әсілі, табиғат-ана шебер ғой. Шарын шатқалын қақ жара батыстан шығысқа қарай арындай аққан Шарын өзені теңіз деңгейінен 6995 метр биіктікте жатқан әлемдегі екінші биік шың қасиетті Хантәңірінен бастау алатын Шалкөде, Қарқара, Кеген, Шет Меркі, Орта Меркі, Кеңсу, Темірлік атты үлкенді-кішілі тау өзендерін қосып алып Іле дариясына барып құяды. Бұл жерде ұлылық хақында айта кеткен жөн. Адуынды өзен секілді Шарын шатқалының кереметтігі сол, әлемде соғды ерені сынды табиғат ескерткіші бар Үлкен шатқал Солтүстік Америкада, ал Кіші шатқал Шарында ғана сақталған. Соғды ерен тоғайының ғаламаттығы дейміз бе, мүмкін құдіреттің күші шығар, әйтеуір бұл өңірде өнетін өсімдіктер мүлде бөлек, түрі де мол. Соның әсері болар аң-құстары, тіпті балық, бақа, шаян, құрт-құмырсқасына дейін дараланып, үңіле қалсаңыз көне заман құпияларынан сыр тартатын да тәрізді. Бүгінде Ұлттық бақта 940 түрлі өсімдік өседі, оның 60-қа жуығы эндемиктер. 21 түрлі өсімдік қорғауға алынып Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүт қоректілердің 60, құстардың 300, бауырмен жорғалаушылардың 20, балықтың 10 түрі бар. Бағзы замандарда осы өңірде тіршілік етіп, құдіреттің күшімен жойылып кеткен пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырлардың, стенон жылқысының қаңқалары әр, әр жерлерден табылып, саяхатшы-мамандар пікірлерімен расталғаны тағы бар. Көне тарих жәдігерлері жайлы сөз қозғап отырған себебіміз, атақонысымыз болған ұлттық бақ аумағындағы Сарытоғайға бала күнімізде сан рет келіп, табиғат таңғажайыптарын тамашалап, әдемі бір әсерге бөлене сәбилік сезімді жарыса ағытатынбыз. Келесі кездесуде бірімізден екіншіміз асып түсу, яғни тосын әңгіме айтып, тең-тұсымызды ұйыту үшін қарияларды қажағанда «қызыл қамалдар аңғары», «жалмауыз кемпір шатқалы» деген атауларды еститінбіз. Өңір өзендері батысқа бет алғанда Шарын өзені неге шығысқа қарай ағады? Құдды саңырауқұлақ іспетті қалқайып атты адамнан да биік әрі енді болып тұрған қызғылт құмнан түзілген шыңды алапат дауылды - жел неге құлатпайды? Аң-құсын айтпағанда сан алуан өсімдіктері өзіндік ерекшелігімен неге дараланады деген сұрақтарды ағытатынымыз тағы бар еді..

«Шарын шатқалының климаты - континентальды. Қоңыржай климаттық белдеуге кіреді. Материктің ішінде аумақтың географиялық орнымен, мұхиттарға алыстығымен, төменгі ендікпен, атмосфералық айналымның жағдайымен анықталады. Қысты күні аумаққа Сібір барикалық жоғары сілемдері, жазда Орта Азиялық термиялық депрессия әсер етеді. Көктемі созылып, құбылмалы болады. Кей жылдары үсік жүріп, қар жауады. Күзде қарсы және циклонды құбылыстар күшейеді. Ұлттық бақтың негізгі аумағы Іле тауаралық шұңқырының орталық бөлігінен айқын көрінеді. Сонымен бірге, шығыстан батысқа қарай қуаңшылық байқалады. Батысында және Сөгеті - Бұғыты сілемдерінде көктемде 325 мм, ал шығысында 125 мм жауын жауады» дейді Ұлттық бақ бас директоры

5

Шарын шатқалының рельефі туралы сөз қозғалғанда баса назар аударатын ғылыми негіздегі бір мағлұмат: Солтүстік Тянь-Шанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Шарын өзенінің орта және төменгі ағысы орналасқан жер бедері мен компоненттері еш жерде қайталанбайды. Әрі ландшафтарының қалыптасуы мен дифференциясының негізіндегі марфақұрылымы мен марфабедері ғылыми һәм эстетикалық маңызы зор құбылыс. Зердеге тоқитын тағы бір құндылық қалыптасуы эндогендік және экзогендік құбылыстардың арақатынасының ақпарат көзі болып есептеледі. Жер бедерінің осы күнгі бейнесі неоген дәуірінде дифференциялды тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде, комплексті денудация және аккумуляция процестерінің нәтижесінде қалыптасқан. Тізбелей берсеңіз Шарын шатқалында бірінен екіншісі асып түсетін құндылықтар санатына кіретін соғды еренінен басқа, яғни төрткүл дүниеде сирек кездесетін ауған терегі, әртүрлі жапырақты терек, іле ұшқаты, семенов үйеңкесі, жоңғар реомюриясы, іле сексеуілі өседі. Сонымен қатар, сирек кездесетін қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, жұртшы, орта азиялық бақа, шұбар батбат кесіртке де бар .









Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

7

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сыныпШарын шатқалы

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

8

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шарын өзеңі

9

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шатқалдағы сарқырама

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

10

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шарын шатқалын бойлай орналасқан жол

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

11

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Қорғандар жазығы

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

12

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сыныпҚорғандар жазығы

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

13

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сыныпШарын шатқалы панорамасы

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

14


Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып Туристік саяхат

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

15

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Понорамалық көрініс

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып





16

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шатқалдың ескерткіштері



Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

17

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сыныпШарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

18

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шарын өзеңі

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шарын өзеңі



19

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Шарын өзені көрінісі



20

Географиялық карта және орналасуы.

Сипаттамасы

Ұзындығы

427 км

Су алабының
ауданы

7720 . км²

Су алабы

Алматы облысы

Су шығыны

35,4 м³/с

Су ағысы

Бастауы

Күнгей Алатау

· Координаттары

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып42°53′26″ с. е. 78°36′41″ ш. б. (G) (O) (Я)

(T)

Сағасы

Іле

· Координаттары

Координаттар: Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып43°55′13″ с. е. 79°25′52″ ш. б. (G) (O) (Я)Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып43°55′13″ с. е. 79°25′52″ ш. б. (G) (O) (Я)

(T)

Орналасуы

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

Орналасқан жері

Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып Қазақстан(ел),

Аймақ

Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарының

аумағы



21

Қорытынды

Қорыта айтқанда, осынау баға жетпес табиғат ескерткіштері қалай қорғалуда? Ұлттық бақтағы Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысында қарақұйрықтар мен текелердің жайылымдарын кеңейтіп, сексеуіл секілді 61 түрлі сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау дұрыс жүйеге қойылғаны қуантады. Негізі Кызыл Қарасай қарақұйрықтың және дуадақ, бүркіт, ителгі өмір сүретін өңірі болғандықтан, Ұлттық бақ бас директоры тікелей қамқорлығына алған. Тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаш тектес сораң секілді өсімдіктердің 11 түрі қамқорлыққа алынып, ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидрологиялық нысан да күтіледі.

«Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті - табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, ғылыми жұмыстарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, экологиялық туризмді, рекреацияны, шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жұмыс істейтін 46 адам тұрақты еңбекақыларын алып, өз ара үздіксіз радиобайланыспен, автокөліктермен, мініс аттарымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 6 айында табиғи кешендерді қорғау мақсатында 144 рейд ұйымдастырылып, табиғат заңдылығын бұзушылықтың 2 фактісі анықталды. Соған сәйкес, 2 адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынып, келтірілген залал бюджетке құйылды.

Ұлттық бақ бойынша 2013-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары жасалынып, соғды еренінің орман өсірушілік-экологиялық жағдайын бағалау және оның табиғи түрде қайта жаңғыру жолын зерттеу, жануарлар дүниесіне мониторинг жасау, сүтқоректілер мен құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау, өсімдіктер дүниесінің түрлік гербарий жиынтықтарын жасау және төменгі сатыдағы өсімдіктер (саңырауқұлақтар, балдырлар) дүниесін түгендеу барысында бірқатар жұмыс атқарылды. Осы орайда жыл сайын ғылыми негізде жүйелі жұмыс жүргізіліп, Табиғат жылнамасы кітабы жасалынады.

Ұлттық бақ аумағында 49 шақырымдық 3 туристік маршрут бар. Олар - Шарын ерен тоғайы, Қазақстанның жеті кереметінің қатарына кіретін Шарын шатқалы және бейіттер мен қорғандар. Бұл маршруттар Алматы облысында туризмді дамыту мақсатында Іле-Алатау, Алтынемел, Көлсай көлдері, Шарын атты төрт ұлттық бақ бойынша бірлесіп жасалынған «Жетісудың алтын айналымы» атты біріккен маршрутына енгізілді. Біздің тарапымыздан бағыттарда көру алаңдары, фотосуреттерге түсу орындары, автотұрақ жасалынып, киіз үйлер, айналымдарда 12 орындық 2 қонақ үй ал Ұлттық бақ орталығында 40 орындық қонақ үй жұмыс істейді. Нәтижесінде ағымдағы жылы 1500 турист қабылданып, мемлекеттік бюджетке 265 мың теңге, арнайы есеп шотқа 2000 мың теңге құйылды», деді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов.

22

Тұтастай алғанда, үлкен жауапкершілікті талап ететін бұл жұмыс ең бастысы тұрғылықты халықпен тіл табыса отырып, саяхатқа келушілердің ешнәрсені бүлдірмеуін жіті бақылауда ұстауды қажет етеді. Ұлттық бақ аумағында 3 га жерде уақытша орман тұқым бағы (питомник) егіліп, әртүрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Тұрғындарды отынмен қамтамасыз ету мақсатында 165 текше метр отын дайындалды. Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы кезінде аудан орталығындағы мектептердің қатысуымен парк кеңсесі төңірегіне 550 мың теңгелік 2 мың түп көшет отырғызылды. Тоқтам Бектемісовтің осы еңбегі мемлекет тарапынан да ескеріліп, 2010 жылы Қазақстан Республикасы «Туризмінің құрметті қызметкері», 2013 жылы «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Табиғат ескерткіштерін көзінің қарашығындай қорғап, табиғат-анаға жан-тәнімен беріле қызмет етіп, онымен сырласа білетін жанға бұл да бір ілтипат белгісі емес пе?!









23

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы . Алматы: 2003.112 б.

2. «География және табиғат» журнал. 2013.69 б.

3. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы.

4.Атлас географии Казакстана. «Глобус»-2004. 11 б.

5. Бірмағамбетова Ә. Географиялық атаулар сыры. Арман ПВ-2009.131 б.

6.Романов И.М., Жандаулетов В.А.Қазақстан Алматыкітап баспасы-2010.162-163 б.

7.Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов мәліметініне сүйене ғаламтор жілісінен алынған..

















24















Пікір

«Екпінді орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

география пәнінің мұғалімі Раимбекова Гульайхан Калиевна





Оразалы Амина «Шарын шатқалы» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобаның, еркшеліктеріне толық тоқталған. «Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті - табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, ғылыми жұмысты жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, экологиялық туризмді, рекреацияны, шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Халық қазынасының тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды шығармасын, көпшілік қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.

Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда.

Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, Қазақстан аумағында орналасқан табиғатының інжу-маржаны ортасында сирек кездесетін ерен ағашы табылған , әсем табиғатымен көз тартатын, демалыс орнын және туризмді дамыуына қатысты оқушылардың ұлттық-патриоттық мақтаныш рухын көтеруге тәрбиенің үлкен маңызы бар.

Осы жоба ішінде оқушыларға енгізілген. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.

«Шарын шатқалы» тақырыбын одан әрі жүргізетініне және оның қолдау табатынына сенім білдіремін.



Ұсыныс

1. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты туризмізді ұсынып, әлем деңгейіне жеткізу.

2.Қазақстан мемлекетінің әсем табиғаты мен байлығын, жаңа тұрғыда көрсетіп,демалыс орындарына айналдыруымыз керек.











Шарын шатқалы ғылыми жобасы 9 сынып

11 11 2015ж.













Ұсыныс














Сабақтың тақырыбы: Шарын шатқалы
Сабақтың мақсаты:
a) қазақстандағы көрікті жерлердің ерекшеліктерімен таныстыру;
ә) ой шақыру стратегиялары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту;
б) оқушыларды Отанды сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест, сын тұрғысынан ойлау, баяндау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд, деректі фильм)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Әнұран айту, амандасу.
ә) оқушыларды түгендеп, белгілеу.

II. Жаңа сабақты меңгеру. (қызығушылығын ояту)
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
Оқушылар, Шатқал сөзін естігенде қандай ой келеді? Шатқал сөзіне ассоцация жазайық.(көк сиямен)
Шатқал каньен
қуану
үңгірлер
аң
Мексика
Шың
Төбе
Тас
Таулар
Енді сөздікті пайдаланып, аудармасын білгеннен кейін, ассоцация жазайық(қызыл сиямен).

III. Сонымен балалар шатқал сөзімен таныстық. Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы Шарын шатқалы деп аталады. Сабағымыздың мақсаты Қазақстандағы көрікті жерлермен танысу, грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлеммен танысу, талдау.
Қанекей, оқушылар, назарларыңызды слайдқа аударыңдар. «Шарын шатқалының көріністері»
Қандай керемет! Мұндай ғажапты қандай техникаларды пайдалансаң да, құрастыру мүмкін емес... Осы шатқал туралы тереңірек білу үшін, оқулықтағы мәтінге назар аударып, тыңдайық.
Тақырыпты талқылау сұрақтары



Шарын шатқалы

Сабақтың тақырыбы: Шарын шатқалы
Сабақтың мақсаты:
a) қазақстандағы көрікті жерлердің ерекшеліктерімен таныстыру;
ә) ой шақыру стратегиялары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту;
б) оқушыларды Отанды сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест, сын тұрғысынан ойлау, баяндау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд, деректі фильм)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Әнұран айту, амандасу.
ә) оқушыларды түгендеп, белгілеу.

II. Жаңа сабақты меңгеру. (қызығушылығын ояту)
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
Оқушылар, Шатқал сөзін естігенде қандай ой келеді? Шатқал сөзіне ассоцация жазайық.(көк сиямен)
Шатқал каньон
қуану
үңгірлер
аң
Мексика
Шың
Төбе
Тас
Таулар
Енді сөздікті пайдаланып, аудармасын білгеннен кейін, ассоцация жазайық(қызыл сиямен).

III. Сонымен балалар шатқал сөзімен таныстық. Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы Шарын шатқалы деп аталады. Сабағымыздың мақсаты Қазақстандағы көрікті жерлермен танысу, грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлеммен танысу, талдау.
Қанекей, оқушылар, назарларыңызды слайдқа аударыңдар. «Шарын шатқалының көріністері»
Қандай керемет! Мұндай ғажапты қандай техникаларды пайдалансаң да, құрастыру мүмкін емес... Осы шатқал туралы тереңірек білу үшін, оқулықтағы мәтінге назар аударып, тыңдайық.
Тақырыпты талқылау сұрақтары

IV. Енді оқушылар осы мәтін бойынша семантикалық картаны толтырайық
Қандай? Қайда орналасқан? Пайдасы?
әдемі, биік, ерекше, жұмбақ... Алматы облысы, Ұйғыр және Райымбек аудандарында Туризмнің дамуы, жиһаз жасайтын мықты ағаш...
Бүгінгі грамматикалық тақырып бойынша қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолымен танысамыз. (слайд)

Тапсырма: Мәтіннен 3 сөйлем алып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа сөйлем құраңдар. Мысалы: Шарын Алматы облысының Ұйғыр және Райымбек аудандары аумағында орналасқанмен, бүкіл әлемге әйгілі. т. б

V. Жаңа сабақты бекіту.(тест)
VI. Үй тапсырмасы: Шарын шатқалы туралы ЭССЕ.
VII. Бағалау: өзін - өзі бағалау парақтарын жинап алу.


















































































































































© 2010-2022