Разработка по географии на тему Гидросфера тарауын қайталау7-класс

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ тақырыбы: Гидросфера тарауын жинақтап қайталау.

Сабақ мақсаты: 1.Білім беру: «Гидросфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге

келтіру.

2.Дамыту :Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту.

Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Экалогиялық тәрбие беру мақсатында, оқушыларды су обьектілерін қорғай білуге , ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карта. Интеративті тақта т. б.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы (Жинақтау).

Типі: Жарыс сабағы.

Сабақ беру әдісі: Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. сынып

оқушыларының сабаққа дайындықтарын тексеріп,

сабақты бастау.

1-кезең: Бой сергіту сәті

Гидросфера дегеніміз не? Оның құрамдас бөліктерін ата.

Жауабы: Жердің су қабығы. Мұхиттар,теңіздер, көлдер,бұғаздар, шығанақтар.

Сынып оқушылары 3-топқа бөлінеді.

«Мұхит» тобы.

«Өзен» тобы.

«Көлдер» тобы.

ІІ.Өткен материалды қайталау жұмыстары.

Өткен сабақтан жалпылама сұрақтар:

1.Су тек қана сұйық күйде кездесетін планета.(Жер)

4.Судың химиялық формуласы. (Н2О).

3.Өзен дегеніміз не? Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.

4.Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не? Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға

Көтеріледі, ал екінші бір бөлігі өзенге,көлге барып қосылады, жерге сіңеді

5.Өзеннің басталатын жері (Бастауы).

6.Теңіз дегеніміз не?

7.Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері (сағасы).

8.Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).

9.Кез келген өзен басталатын жерінен сағасына дейінгі ойпаңмен ағады.(Аңғар).

10.Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады?(Байкал).

11.Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде).

12.Өзенді барлық салаларымен қоса не деп атайды? (Өзен алабы).

13.Ең мол сулы өзен.( Амазонка).

14. Табиғаттағы тұщы су қоры (2,5%).

15. Көл дегеніміз не?

ІІ.Картамен жұмыс. Кескін картаға мұхиттарды тауып белгілеу.

3. Сәйкестігін табыңдар.

1.Арал а)Биіктен төмен қарай құлай аққан су

2.Арасан ә)Құрлық үстіне жинақталған мұз.

3.Архипелаг б)Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім

бөлігі.

4.Шұңғыма в)Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.

5.Сарқырама с)Минерелды немесе жылы сулар.

6.Шығанақ д)Жер бетінде табиғи ойыстарға жинақталған су.

7.Мұздық г)Бір-біріне жақын, жалғас аралдар тобы.

8.Көл е)Мұхиттардың ең терең жері.

9.Конденсация ж)Құрлыққа сұғына енген көл, теңіз, мұхит

суларының бір бөлігі.

Жауабы:1-б, 2-с, 3-г, 4-е, 5-а, 6-ж, 7-ә, 8-д, 9-в.

2.Географиялық диктант.

Қай мұхит туралы айтылып тұрғанын табу.

1.Ауданы 178,6млн км, ең терең жері-мариан шұңғымасы. Ең жылы сулы мұхит. Ұзындығы 30метрге жететін кит, 15метрге жететін акулалар және өсімдіктердің алкан түрлері кездеседі.

Жауабы: Тынық мұхиты.

2.Ең кіші, таяз, суық мұхит. Ең терең жері Гренленд шұңғымасы.

Жауабы:Солтүстік мұзды мұхиты.

3.Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Ауданы 76,2 млн км. Ең жылы мұхит. Терең жері Зонд шұңғымасы.

Жауабы: Үнді мұхиты.

4.Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан мұхит. Ең терең жері -Пуэрто-Рико шұңғымасы. Дүние жүзінің көптеген өзендері келіп құяды. Балық ресурсы мол кездесетін мұхит.

Жауабы: Атлант мұхиты.

3.Өзіндік жұмыс

1.Бір оқушы шығып 1литр суға 30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді.

2.Бір оқушы шығып 1литр суға бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны тұндырып қойады. Демек топырақ суда ерімейді.

Семантикалық картаны толтыру:

р/с

Тақырып

Грен ландия


Байкал

Саргасс

Ертіс

Беринг

Мада гаскар

Атлант

1

Теңіз


2

Мұхит


+

3

Өзен


4

Арал


+

5

Көл



Ү. « Сандар сөйлейді» бөлімінде шұңғымалардың тереңдігі айтылады.

Оқушы қай шұңғыма екенін атап табады.

7729м-Үнді мұхиты. Зонд шұңғымаса.

11022м- тынық мұхиты. Мариан шұңғымасы.

5527м- Гренланд шұңғымасы. Солтүстік мұзды мұхиты.

8742м-Пуэрто-Рико. Атлант мұхиты.

ҮІ. Карталар құрастыру.

«Адасқан балық» . Тақтадағы суретте аквариумда жүзіп жүрген балықтардың суреті берілген. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, балықтың артындағы сұраққа жауап беріп, оны өздері қалаған көл немесе теңізге жібереді.
1-сұрақ.. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
2-сұрақ. Дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз (Мозамбик)
3-сұрақ. Картада не себепті Балқаш көлі екі түрлі түспен беріледі?
4- сұрақ Біздің облысымызда қандай теңіз бар?
5-сұрақ Тайқазаным күні бойы қайнайды,
Ортайып та, сарқылып та қалмайды (көл)
6-сұрақ. Еуразия мен Африка материгін бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)

ҮІІ. Сөзжұмбақ арқылы сабақты қорытындылау. «Гренландия»

Сұрақтары:

1.Тынық мұхиты жағалауындағы теңіз. (Беринг).

2.Д.Ж ең үлкен көл (Каспий)

3.Д.Ж ең үлкен арал (Гренландия)

4.Су бетінде жүзіп жүретін мұз тау (Айсберг)

5.Д.Ж ең үлкен бұғаз (Мозамбик).

6.Аса күшті жаңбырдан , қар мен мұздықтардың тез еруінен су деңгейінің көтерілуі. (Тасқын).

7.Жердің су қабығы. (Гидросфера)

8.Қолдан жасалған су қоймасы. (Бөген).

9.Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзен. (Ертіс)

10. Ең үлкен теңіз. (Саргасс).



Г

Р

Г

Б

Е

А

И

Е

К

Н

Й

Д

С

Р

А

Л

С

Р

Б

А

И

С

А

Б

Т

О

Ө

Р

Н

П

Н

Е

М

А

С

Г

Е

Г

Г

И

Д

Р

О

С

Ф

Е

Р

А

Й

Г

З

Қ

Е

Н

Т

С

А

Ы

Р

І

С

М

Н

А

С

Б

И

К

ҮІІІ.Үйге тапсырма. Қайталау. Суға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар жаттап келу

ІХ. Бағалау. Сайыс бойынша жауап берген оқушылар үш түрді: қызыл жұлдызша, көк жұлдызша, сары жұлдызшамен бағаланады.

Қызыл-5, көк-4, сары-3. Қай топ оқушылары қандай жетонды көп жинайды, соған қарап оқушы және бағасын анықтайды.

© 2010-2022