География Атмосфера тарауы бойынша өткенді қайталау (6 сынып)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Атмосфера» тақырыбы бойынша ғылыми түсінік қалыптастыру , СТО әдістерін сабақта ұтымды пайдалану арқылы білімдерін жинақтау; түрлі ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тест сұрақтарын пайдаланып,  өздігінен және топпен жұмыс жасауын, оқушылардың шығармашылық ойлауын өсіріп, өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге дағдыландыру; ойын тез жинақтауға, ұқыптылыққа, ізденіске және өздеріне таныс климаттың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, туған жерге деген сүйіспенш...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Атмосфера» тарауы бойынша өткенді қайталау

Мақсаты: а) оқушылардың «Атмосфера» тақырыбы бойынша ғылыми түсінік қалыптастыру ,

СТО әдістерін сабақта ұтымды пайдалану арқылы білімдерін жинақтау;

ә) түрлі ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тест сұрақтарын пайдаланып,

өздігінен және топпен жұмыс жасауын, оқушылардың шығармашылық ойлауын

өсіріп, өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;

б) Ойын тез жинақтауға, ұқыптылыққа, ізденіске және өздеріне таныс климаттың

ерекшеліктерін түсіндіре отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ (жинақтау)

Әдісі: зерттеу шеберханасы, жигсо (мозайка), синквэйн, бірін-бірі бағалу, тест сұрақтары,

топпен жұмыс

Көрнекілігі: конверттер, бағдаршам белгілері, тараудың жоспар-сызбасы, құттықтау хат

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

  • сәлемдесу;

  • сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау;

  • кезекші есебін тыңдау;

  • психологиялық даындық.

Өткен материалдарды қайталау жұмыстары

Адам тамақсыз 5 апта, сусыз 5 күн, ал ауасыз 1-2 минуттан артық өмір сүре алмайды екен. Осыдан келіп халық арасында «Ауадай қажет» деген сөз кең тараған. Осыған қарап ауаның маңыздылығын ұғынуға болады. Оқушыларға атмосфера тақырыбы аясында бірнеше сұрақтар қою. Оқушыларды үш топқа бөліп, өткен тақырыптарды еске түсіру, шолу жасау үшін тақтадағы конверттерге салынған тест тапсырмаларын әр топтан бір оқушыдан шығып таңдап алады. Алынған тест тапсырмаларын топпен орындау үшін уақыт беріледі. Және әр топқа берілген бағдаршам белгілері түсіндіріледі: қызыл - тапсырма орындалып жатыр; жасыл - тапсырма аяқталды; сары - жауап беруге дайынмын.

Тест сұрақтары

  1. Атмосфера дегеніміз - .........

А) Жердің сыртқы ауа қабаты

Ә) Жердің су қабаты

Б) Жердің тас қабығы

В) Жердің тіршілік қабаты

2. Ауаның құрамындағы азот мөлшері -

А) 21

Ә) 39

Б) 57

В) 78

3. Атмосфера құрамындағы тіршілікке ең қажеттісі:

А) азот

Ә) көмір қышқыл газы

Б) оттегі

В) инертті газдар

4. Биіктігі 50-55 км-ге дейінгі атмосфера қабаты:

А) Стратосфера

Ә) Тропосфера

Б) Тропопауза

В) Атмосфераның жоғарғы қабаты

5. Жарық пен жылу таратаын жұлдыз:

А) Күн

Ә) Ай

Б) Жетіқарақшы

В) Үркер

6. Ең жылы ай мен ең суық айдың арасындағы орташа температураларының арасындағы айырмашылық:

А) өзгеріс

Ә) тәуліктік ауытқу

Б) ауа температурасының жылдық ауытқуы

В) жылу

7. Термомерт құралымен өлшейді:

А) жауын-шашынды

Ә) жердің биіктігін

Б) теңіз тереңдігін

В) ауа температурасын

8. «Салмақ өлшеймін» деген грек сөзі

А) сейсмограф

Ә) Барометр

Б) Метр

В) Миллиметр

9. Алғаш барометрді ойлап тапқан:

А) М.Поло

Ә) А.Гумбольдт

Б) Порричели

В) А.Никитин

10. Жел деген -

А) ауаның горизанталь бағытта аусып қозғалуы

Ә) ауаның жылуы

Б) ауаның жеңілдеуі

В) ауаның суынуы

11. Желбағар құралымен анықтайды:

А) ауа жылынуын

Ә) ауа қысымын

Б) жердің ауданын

В) желдің бағыты мен жылдамдығын

12. «Жеңіл жел» деген мағына беретін фпанцуз сөзі:

А) барометр

Ә) бриз

Б) градус

В) процент

13. «Маусым» деген мағынадағы араб сөзі:

А) тайфун

Ә) цунами

Б) муссон

В) гейзер

14. Шаш гигрометрі құралымен өлшейді

А) Жел жылдамдығын

Ә) Бұлттылықты

Б) салыстырмалы ылғалдылықты

В) абсолют ылғалдылықты

15. Бұлттар пішініне қарай нешеге бөлінеді:

А) 2

Ә) 3

Б) 4

В) 5

16. Жауын-шашынның қатты түрі:

А) жаңбыр

Ә) шық

Б) бұршақ

В) тұман

17. Климат дегеніміз -

А) жаңбырдың жаууы

Ә) ауа райының белгілері бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай күйі

Б) желдің соғуы

В) күннің суынуы

18. Атмосфераны таза сақтаудың ең тиімді жолы

А) көгалдандыру

Ә) тазалық сақтау

Б) зауыттарды азайту

В) қалдықтарды азайту

19. Жаратылыстану ғылымдарының дамыған жері

А) Ежелгі Рим

Ә) Ежелгі Грекия

Б) Ежелгі Қытай

В) Еуропа

20. География сөзінің мағынасы

А) Жерді сипаттау

Ә) Табиғат заңдылығын түсіндіру

Б) Өсімдіктерді сипаттау

В) Жануарлар әлемі

Тест жұмысын екінші топ тексереді.

Шығармашылық кезең (бес жолды өлең). Оқушыларға жылдың төрт мезгіліне арналған ақындардың өлең жолдары оқылады. Жылдың қай мезгілі екенін анықтап, сол сөзді негізге ала отырып бес жолды өлең құрастыру. Әр топ ақылдаса отырып топ ішінен ең жақсы деген өлең жолдарын оқып береді.

1. Қызыл гүлдей қыздардың,

Ақ көйлекті ананың,

Кимешекті әженің

Қарындас пен әпкенің

Мейрам айы екенін. Қай мезгіл екен? (көктем)

2. Қарбыз қауын піседі,

Соғады ептеп жел үріп.

Қой жайлаудан түседі,

Ала жаздай семіріп. Жылдың қай мезгіліне тән? (күз)

3. Ақ таң күліп атады,

Қызыл-жасыл төңірек

Дала жайнап жатады

Тулар көкте желбіреп. Қай мезгіл? (жаз)

4. Ақ сүт жағып алғандай

Ең қысқа ай - Ақпан ай,

Күндер тез, тез өтеді,

Суықты алып кетеді. Қай мезгілге арналған? (қыс)

Зерттеу шеберханасы. Поэзия минуты. Тақтада берілген конверттің ішінен әр топтан бір оқушыдан келіп белгіленген тапсырмаларды таңдап алады. Берілген тапсырмалар төмендегідей:

  • ауаны сақтаудың жолдарын және ластаушы дүниелерді сурет арқылы көрсету және оны қорғау;

  • ауаның тазалығы үшін мен не жасадым? Эссе жазу;

  • ауа райында болатын құбылыстарға байланысты мақал-мәтелдер айту; ауа райы туралы халықтық болжамдардан мәліметтер келтіру;

  • Ауаның ластануы турасында көрініс қою.

Аталған тапсырмаларды орындауға қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Топтар белгіленген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Дайын болғанға дейін, әр топтан бір оқушыдан шығып, өз шығармашылықтарынан, келе жатырған аналар мейрамына орай өлең жолдарын арнайды. Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Сергіту сәті. Берілген конверттің ішінен жұмбақтың бірін таңдап, іштей оқиды да, өз тобына ым-ишарамен түсіндіреді. Жауабын таппаған жағдайда қарсылас топтардың жауап беруіне мүмкіндік жасалады.

1. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз)

2. Елдері мен қаласы,

Ойпаты мен даласы

Теп тегіс тоқтайды

Өзені де ақпайды

Тоғайы мен тауы бар

Бұл не өзің тауып ал? (карта)

3. Қиналмай тауларды, орманды

Теңізді, дария, жолдарды

Ауылды, қаланы, халықтыс

Ойлап тап, көтерген алыпты? (Жер)

4. Доп сынды келбеті

Онда бар түп-түгел

Әлемнің әлпеті (глобус)

Бекіту. Сынып оқушыларынан аталған тарау бойынша өздеріне ұнаған немесе түсіну қиындау болған тақырыптарын сұрау арқылы ой бөлісу, және түсіну қиындық келтірген тақырыптар болған жағдайда, осы тақырыпты жақсы түсіндім деген оқушыны сөйлету арқылы түсіндіру. Қосымша, төмендегідей сұрақтар қою.

  • Не себепті орман мен қалада ауаның құрамы бірдей емес? Орманда ағаштар көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттекті бөліп шығарады, ал қалада әр түрлі өнеркәсіп орындары, автокөліктер оттегін шамадан тыс ластаушы көздердің бірі болып саналады.

  • Не үшін адам көп жиналған жерде тыныс алу қиындай түседі? Ауаның құрамында оттек азая бастайды.

  • Не себепті ауасы таза жерлерде адамдардың ауруға шалдығуы сирек? Таза ауада оттегі көп болады, сондықтан, таза ауа ауруға қарсы тұратындай қасиеті бар.

Бағалау. Оқушыларға арналған құттықтау хатты ашып, «Білім қалашығының» бүгінгі сабақтағы белсенділіктері мен алғырлықтарына, ұтқыр ойларына деген рахметі және «Білімге» деген талпыныстарына сәттілік тілегенін айтып барып, қатысымдары бойынша оқушыларды бағалау. Бағалау әр топқа үйлестірілген бағалау парақшалары арқылы жүргізіледі. Ол арқылы оқушылар топ мүшелерін бірлесе отырып, әділ бағалайды.

Үйге тапсырма. Қазақстан бойынша ауаның ластануы салдарынан, экологиялық аймақ саналатын аудандар туралы жазып келу.










© 2010-2022