Рудасыз және жанатын пайдалы қазбалар

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін_____

Күні: 31.10.2014

Класы: 8 а,б

Тақырыбы: Рудасыз және жанатын пайдалы қазбалар

Білімділік. Рудасыз пайдалы қазбалар туралы білімдерін қалыптастыруды одан әрі дамыту. Қазақстанның пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Негізгі ұғымдар: рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар, сирек кездесетін металдар, құрылыс материалдары.

Номенклатура: Темір - Соколов-Сарыбай, Қашар, Әйет, Қоржынкөл, Жайрем; Марганец - Атасу, Жезді; Хром - Дөң (Оңтүстік Кемпірсай), Солтүстік Кемпірсай, Жетіқара, Суықбұлақ; Никель - Кемпірсай, Аққара, Ақтау; Алюминий - Амангелді, Қызыл октябрь; Мыс - Саяқ, Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл; Полимталл - Зырян, Риддер, Текелі, Қаратау (Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай, Шалқия); Алтын - Степняк, Жолымбет, Жетіқара, Ақсу, Майқайың, Арқарлы; Таскендір (Асбест) - Жетіқара, Бөгетсай, Хантау; Фосфорит - Қаратау (Ақсай, Жаңатас, Шолақтау), Ақтөбе (Қандыағаш, Шиелісай); Тұз - Каспий маңы ойпаты және Батыс Сібір жазығы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Дәптерлерінен өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар мен сұрақтарға жауаптарын тексереді. Кескін карталарын тексереді. Өткен тақырып бойынша келесі сұрақтарды қояды:

1. Қазақстанның биік тауларына қай таулар жатады?

2. Олардың орналасуын көрсет.

3. Жанатын пайдалы қазбаларға қандай түрлері жатады? Оның қандай кен орындары бар?

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар қойылады:

1. Пайдалы қазбалар қанша топқа бөлінеді?

2. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар дегеніміз не?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Пайдалы қазбалардың топтарын еске түсіргеннен кейін рудалы және рудасыз түрлеріне тоқталып, сипттайды. Рудалы пайдалы қазбаларға темір, иарганец, хром, никель, алюминий, мыс, полиметалдар, алтын, ал рудасыз пайдалы қазбаларға асбест, фосфорит, тұз жататынын айтып кетеді. Мысалы, Жезқазғанда мыстың, ал Солтүстік Қазақстанда темірдің кен орындары ашылған. Рудалы п.қ. өз ішінде сирек кездесетін металдар деп бөлінеді. Оларға қай металдар жататынын оқушыларға анықтатады.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға өткен тақырыптағы сияқты (пайдалы қазбалар тақырыбы) кесте толтыру тапсырмасын беріп, ауызша карта бойынша сипаттау тапсырмасын береді.

5. Сабақты қорытындылау

1. Рудалы пайдалы қазбаларға қай п.қ. жатады? Сирек кездесетін металдарды ата. 2. Рудасыз пайдалы қазбаларға қай п.қ. жатады?

6. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.

7. Үй тапсырма беру

Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу.



© 2010-2022