Презентация по географии на тему Ата жұрт

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дөңгеленген дүние

Сабақтың мақсаты: халқымыздың мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың, тарихи шежілер мәдениетінің ұлттық рухани-танымдық, тұрмыс-әлеуметтік қасиеті, киелі асыл мұраларының қазынасын жас ұрпақтың сана -сезіміне сіңіру.

Дөнгеленген дүние этнографиялық ойыны 6 бөлімнен тұрады: "Өзін-өзі таныстыру", "Өткел", "Белес", "Бекет", "Асу", "Жерұйық".

Ойынға тоғызыншы сынып оқушылыры екі команда құрады 1топ-"Самурық"

2-топ-"Қыран" командасы.

Көлде жүрген қоңыр қаз, Ауылдағы жамандар,

Қыр қадірін не білсін. Ел қадірін не білсін.

Қырда жүрген дуадақ Көшіп-қонып көрмеген

Су қадірін не білсін. Жұрт қадірін не білсін.

Асанқайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып, ойнымызды бастаймыз.

I бөлім. "Өзін-өзі таныстыруда" екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.

II бөлім. "Өткел". Топ басшылырына 5 сұрақтан қойылады.

I топ басшысына қойылатын сұрақтар.

  1. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді? 1997ж

  2. Қазақтан шыққан тұнгыш ғалым-географ кім? Ш. Уәлиханов

  3. Қ. Иассауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістанда

  4. Қазақстан неше экономикалық ауданға бөлінеді? 5

  5. Райымбек ауданының бүрынғы атауы? Кеген, Нарынқол

2-топ басшысына койылатын сұрақтар

1.Еліміз нешінші сағаттық белдеуде орналасқан? 3,4,5,6

2. Қазақстан неше облысқа бөлінеді? 14

3. Қазақстан неше елмен сауда байланыстарын жасайды? 122 экспорттық, 115 импорттық

4. Қорқыт ата ескерткіші қай жерде орналасқан? Қызылорда облысы Жосалы ауданы

5. Марал шаруашылығымен айналысатын облыс? Шығыс Қазақстан

III бөлім. "Белес" .Ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай-ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді.

1-топқа арналған сұрақтар.

  1. Ш.Уалихановтың жерленген жері. Көмек: Алматы облысы Алтынемел тауының баурайында (Кербұлақ ауданындағы Көшен тоғайында)

  2. Сарыарқаның аласа тауларының бірі полезой эрасында сартқы күштердің әсерінен жақсы мұжілген. Бұл қай тау? Көмек: Кеңгір өзені бар және сол жерде Алаша хан, Жошы хан мазарлары орналасқан.Ұлытау

2-топқа арналған сұрақтар.

1.Әбу Насыр әл-Фараби қай жерде дүниеге келді? Көмек: қазіргі аты-Отырар (көне аты-Фараб қаласы)

2. Еуропалық ғалымдардың бірі 1856-57 жылдары еліміздің онтүстігіндегі таулы аймақты зерттеп, соған байланысты оған осы таудың аты берілді. Ол қандай тау? Көмек: Ең биік шыңы-Хан-Тәнірі

IV бөлім. "Бекет" Бұл бөлімде команда жанашырларына сұрақ қойылады.

  1. Қазақтың тұнғыш академигі, геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым Қ.И. Сәтпаев қай жерде дүниеге келді? Павлодар облысы Баянуыл ауданы.

V бөлім."Асу" .

Асық ойнаған азар, Бәрінен де мал бағып,

Доп ойнаған тозар, Білім құған озар-демекші, мына менің қасымда көмекшім Айдынның қолындағы дорбада 14 асық бар. Әр сық бойынша еліміздің 14 облысына татитын сұрақтарға жауап бересіздер.

1-асық. Қарағанды облысы. Өлкеміздегі Сарысу өзені қай жерден бастау алады? Бұғылы-Тағылы тауларынан.

2-асық. Батыс Қазақстан облысы. Еліміздеғі жалғыз АЭС қай қалада орналасқан? Ақтау қаласы.

3-асық. Оңтүстік Қазақстан облысы. Әулиеата, қазіргі Тараз қаласының маңын зерттеген ғалым кім? И.В. мушкетов

4-асық. Қостанай облысы. Елімізде ең көп өндірілетін кен бар. Ол қандай кен? Темір.

5-асық. Никель мен хромға бай облыс. Сондай-ақ рентген аппаратын шығаратын қала? Ақтөбе.

6-асық. Еліміздегі ең ірі "Филипп Моррис" темекі комбинаты орналасқан облыс. Алматы облысы.

7-асық. Шығыс Қазақстан облысы. Еліміздегі ең ірі СЭС қай жерде орналасқан? Бұқтырма.

8-асық. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? Есіл өзені.

9-асық. Еліміздегі көлік және телекоммуникация министірлігі қандай үш ірі ұлттық компанияны басқарады? Қазақтелеком, ЭйрҚазақстан, Қазақстан темір жолы.

10-асық. Елімізде неше қорық бар? 10

11-асық. Көркіне көз тоймайтын тау көлдері, сарқырамасы, ағыны қатты тау өзендері туристерді қызықтырады. Етегінде ару қала Алматы орналасқан. Іле Алатауы.

12-асық. Еуропа мен Азия орталығында орналасқан жер шарындағы ең тұйық көл. Каспий.

13-асық. Осы күмбездің іргесінен Қарағанды -Жезқазған асфальті өтеді. Бұл мазар біздің дәуіріміздің 8-10ғасырларындағы көне заманда, исламға дейінгі архитектуралық мәдениет ескерткішіне жатады. Бұл қандай көне мазар? Жұбан ана мазары.

14-асық. Мыс кеніне бай орталық? Жезқазған

Осы бөлімнен кейін жеңімпаз команда анықталып, сол команда келесі "Жерұйық" бөліміне өтеді.

VI бөлім. "Жерұйық". Сұрақ. Сарыарқа өніріндегі ең биік тау. Биік нүктесі Ақсоран деп аталады. Ол қандай тау? Қызыларай тауы.

Сабақтың тақырыбы: Дала ғасыр айнасы.

Мақсаты: Оқушыларды өз бетімен іздену, ойлану, есте сақтау қабілетін, өз өлкесінің өзен-көлдерінің адам өміріндегі маңызы,оларды ластанудан қорғай білуге үйрету мақсатында жарыс сабағы өткізілді.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды сабаққа даярлап, әділқазылар алқасы сайланып, сынып 3 ауылға бөлінеді.

  1. Қобылынды батыр ауылы-Тайбурыл.

  2. Алпамыс батыр ауылы-Байшұбар

  3. Ер Тарғын ауылы-Тарлан

--Бүгінгі сабағымыз бәйге сабақ деп аталады.Сабағымыз жырыс түрінде өтеді. Ең алдымен, мына сұрақтарға жауап беріп алайық:

  1. Қазақ халқы қандай малды қадірлеген? Жылқы

  2. Қазақтың қандай ұлттық ат ойындарының түрлерін білесіндер? Көкпар, Жорға, Бәйге, Теңге алу, Аударыспақ, Қыз қуу.

-Ат ойындарының үлкен тәрбиелік мәні бар. Халық жылқыны аса қадірлеген. Оған дәлел қазақ батырлары мен сал-серілерінің жапан түзде мұндасар серігі жылқы болған. Ал енді қазақ халының ұлттық ойындарының бір түрі-аламан бәйге жарысын бастаймыз.

1. Бұл жарыста жылқы өзінің жұмсақ, жайлы жүрісімен көзге түседі. Жарыс кезінде де жорғасынан таймайды.Жарыс 2-3 шақырым қашықтықта өтеді.

Жарыста 3 ауылдың ат бапкерлеріне сұрақ қойылды.

1-бапкерге: Солтүстік Мұзды мұхит алабына сипаттама бер.

2-бапкерге: Каспий теңізі алабына сипаттама бер.

3-бапкерге: Арал тенізі алабына сипаттама бер.

  1. Аударыспақ жарысы. Бұл ат үстіндегі ойынның бір түрі. Күресте кім жықса,сол жеңіске жетеді. Енді аударыспақтың тапсырмаларын орындайық.( Әр ауылдың оқушылыры шығып, қоржыннан сұрақ алып, ауызша жауап береді.) Сұрақтар:

  1. Қазақстан өзендерінің қандай ерекшеліктері бар?

  2. Өзен суының шығыны мен ағыны деген не?

  3. Қазақстан өзендері қоректенуіне қарай қандай типтерге бөлінеді?

  4. Қазақстандағы өзендерді атап, картадан көрсет.

  5. Қандай көлдер бар? Картадан көрсет.

  6. Қандай өзендер кеме жүруге, электр қуатын өндіруге, егін суаруға пайдаланады?

  7. Арал теңізінің экологиялық жағдайы қоршаған ортаға қандай зиянды әсерін тигізуде?

  8. Қазақстан көлдері қалай пайдаланылады?

  9. Жер асты суының адам өмірінде қандай маңызы бар?

3.Көкпар жарысы.

Ойынның шарты бойынша ортаға семіз марқаны қойып, бір ойыншы марқаны аттың қанжығасына өңгереді. Бұл ойында ойыншының бірі додаға түскен марқаны жеңіп алады.Енді көкпар жарысының сауалдарына жауап беріп көрейік.

"Ия-жоқ" (сұрақ-жауап)

  1. Қазақстанда ірілі -ұсақты 8500 өзен бар? Иә

  2. Ертіс, Есіл, Тобыл Арал теңізіне барып құяды? Жоқ

  3. Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады? Жоқ

  4. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды? Иә

  5. Ертіс-Қарағанды каналының ұзындығы 458 шқ. Иә

  6. Сырдария Қазақстанның ең таза өзені. Жоқ

  1. "Теңге алу".

Таңге алу да ат спортына жататын ұлттық ойындардың бір түрі.Бұл ойынға жуас жылқылар пайдаланылады.Ат ойыншының қалауынша шабады.Бірақ теңге жатқан жерге келгенде баялауға болмайды, шапқан бетінде аттың үстінен жерде жатқан теңгені алу керек. (Артында сұрақ жапсырылған теңгелер үстелдің үстіне төңкеріліп қойылады. Оқушылар оларды алып,сұраққа жазбаша жауап береді.)

1.Жылдық ағын деген не?

2.Су шығыны деген не?

3.Қандай табиғат зоналарының өзендері қар,жаңбыр суымен қоректенеді?

4.Жайық өзенінің салаларын жаз.

5.Іле өзенінің қандай ірі салаларын білесің?

6.Қандай көлдер тектоникалық көлдерге жатады?

5.«Кім жылдам?» (Сөзжұмбақ шешу)

1.Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан(Есіл).

2.Сырдария өзеніндегі бөген(Шардара).

3.Ертіс өзенінің сол жақ саласы(Тобыл).

4.Қапшағай бөгені салынған өзен(Іле).

5.Шығыс Қазақстандағы көл(Зайсан).

6.«Бәйге төбе».

Сабақты қорытындылау кезінде әділқазылар алқасының берген бағалары бойынша жеңімпаз топ анықталып,оқушылардың білімдері бағаланады.







Бекітемін: Мектеп директоры Р.Суанбаева



Интеллектуалдық сайыс сабағы

Тақырыбы: «Дөңгеленген дүние»

9 - сынып



География пәні мұғалімі:Ибрагимова Б.

Бекітемін: Мектеп директоры Р.Суанбаева



Аламан бәйге жарысы

Тақырыбы: «Дала ғасыр айнасы»

8 - сынып





География пәні мұғалімі:Ибрагимова Б.

© 2010-2022