Тамақ өнеркәсібі 9-сынып

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 9 «Ә» Күні 23.01.2016

Тақырыбы: Жеңіл өнеркәсібі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі туралы толық мәлімет беру,олардың мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Топтық, жұптық, жеке

Сабақтың түрі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар, кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта, АКТ

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Үй жұмысын сұрақ тарату арқылы тексеру.(сұрақтар деңгей бойынша карточка таратылады,ойын түрінде таратамын)

Бірінші деңгей сұрақтары: үш сұрақтан

Екінші деңгей:екі сұрақ

Үшінші деңгей:бір сұрақ

ІІ. Жаңа сабақты өту. (АКТ -мен жұмыс) «Ой қозғау»(5-7 мин)

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға арнайы фото суреттер корсету.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыраты өнім түрлерін шығарады.

Қазақстанның тоқыма және тігін өнеркәсібі өнімдерінің 2010 жылғы статистикалық қорытынды бойынша өнімдерінің жалпы табысы жылғы өнімдерінің жалпы табысы 30,5 млрд теңгені құрайды.

А)Жеңіл өнеркәсіп құрылымы: №-21 кестемен жұмыс.(оқулықпен барлық топ жұмыс істейді) (10-15 мин)

Шикізат өндірісі

Жартылай дайын өнімдер

Дайын өнімдер

Мақта

Шиітті мақта

Мал терісі

Б)Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салалары бойынша топпен жұмыс.(топ атауларын арнайы жасырынған жұмбақ арқылы анықтау)

Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Жасайтын кiм жайнатып? (Тоқымашы)

Ұзын-ұзын жолдар бар,

Үйрек қонар көлдер бар.

Ат үстiнде шокиып,

Отыратын күндер бар. (Өрмек тоқушы)

Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)

В)Ендеше, балалар жұмбақтың шешуіндегі мамандықтар өнеркәсіптің қандай салаларында жұмыс істейді, сонны ашып талдайық.

Бірінші топ:Тоқыма өнеркәсібі

Екінші топ:Мақта мата өнеркәсібі

Үшінші топ:Жүннен мата тоқитын өнеркәсіп

Төртінші топ:Аяқкиім өнеркәсібі

Әр топ өз салалары бойынша толық мәлімет беруі шарт.(8-10 мин)

Б )Ірі - ірі илеу зауыттары орналасқан қалалардың астын - көк сызықпен,аяқкиім фабрикалары жұмыс істейтін қалалардың астын- қызыл сызықпен ,мех бұйымдарын өндіретін қалалардың астын -жасыл сызықпен сыз:

Алматы

Астана ,Семей

Тараз

Атырау

Рудный

Қарағанды

Петропавл

Қостанай

Орал

Ақтөбе

Жезқазған

Қызылорда

Талдықорған

Ақтау

Шымкент

ІІІ. Қорытындылау.

1. Кондитер - конфет, торт т. б тәтті тағамдарды даярлайтын маман.

2. Трикотаж - жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата.

3. Галантерея - ұсақ-түйек бұйымдар шығаратын фабрика.

4. Конструктор - бір нәрсенің конструкциясын жасаушы, құрастырушы.

5. Модельер - сәнді модельді заттың үлгісін жасайтын маман.

6. Иіруші - жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы.

Тест тапсырмасын тарату.(8-10 мин)

IV. Үйге тапсырма беру. (2-3 мин)

Үйге: &32.Кескін картаны толтыру. Эссе жазу: «Егер мен жеңіл өнеркәсіп маманы болсам» және «Егер мен қолөнерші болсам» деген тақырыптарда эссе жазу.




Деңгейлік сұрақтар:

Тамақ өнеркәсібінің дамыған салалары: (ет,ұн тарту,жарма ,қант өнімдері,балық,кондитер,шарап жасау.)

Тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі:( ауыл шаруашылығы

Тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қалай жабдықталған: жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған.)

Ауылшаруашылық шикізатттарынан ұзақ мерзімге сақталатын өнім дайындалады ма?( Ия, жоқ)

Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай неше типке бөлінеді. (Үш)

Сол типтерді атаңыз? (Өсімдік шаруашылығының шикізаттары,мал шаруашылығының шикізаттары,өндіріс шикізаттары,)

Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруға әсер етушә негізгі факторлар: (шикізат көздері мен тұтынушылар.)

Ет өнеркәсібі:тамақ өнеркәсібінің ірі саласы,ол тамақ өнімдерінің 1 |4 ін құрайды.

2011 жылы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда :

50,3 кг құрайды.

Алыс тасымалданатын жарамды өнімдер: ет консервілері,кептірілген және жартылай кептірілген шұжықтар.

Шикізат көздері жақын орналастырылған еткомбинаттарында шығарылады:Осындай өнімді шығаратын негізгі ет комбинаттарын ата? Семей,Петропавл,Орал,Алматы,Қызылорда қалаларында орналасқан.

Ет өнімдерін шығаратын негізгі еткомбинаттары:Солтүстік ,шығыс,Оңтүстік Қазақстан.

Елімізде ірі өнеркәсіп орталығы:Семей қаласы.

Ұн тарту жарма өнеркәсібі:тамақ өнеркәсібінің екінші саласы.

Оған жататын: нан, макарон өнімдері,ұн, жарма жатады.

Елімізді жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етіп отырған қалаларды көрсет:Астана,Тараз,Қапшағай,Қостанай,

Макарон зауыттары:Алматы,қарағанды,Петропавл,Шымкент,Семей

Ақтөбе макарон фабрикасы қай елдің макарон жасайтын технологиясымен жабдықталған.Италияның макарон жасайтын технологияс

Қант өнеркәсібі :маңызды тағам түрі,құмшекер және шақпақ қант шығарады.

Ерекшелігі : ұзақ уақыт сақтауға жарамайды,алыс сапарға тасымалдағанда оның сапасы төмендейді.

1 т құмшекер алу үшін: 6-9 т қант қызылшасы керек.

Қант зауыттары немен айналысады:қант қызылшасын егу шаруашылығымен айналысады.

Қант қызылшасын егугемен айналысатын аудандар:

Жамбыл,Алматы облыстарында орналасқан Боралдай,Тараз,Шу,Мерке,Қарабұлақ.

Қазақстанға қант құрағы қай елдерден әкелінеді:Бразилия,Аргентина,Аустралия.

Неге қант құраған басқа елден әкелінеді:себебі:Қазақстандағы қант құрағы жетіспейді.Сүт өнімдері өнеркәсібі:тамақ индустриялы саласының ішінде үшінші орында

Сүт,қаймақ,ірімшік,айран,ашытқы шығаратын сүтзауыттары мен сүт комбинаттары еліміздің әр бір экономикалық аудандары мен өнеркәсіп орталықтарында шоғырланаған.

Себебі:сүт өнімдерін алысқа тасымалдау тиімсіз

Ірі сүт зауыттары:Алматы,Қарағанды,Қостанай,Павлодар,Шымкент

Май шайқау ,сыр қайнату сияқты сүт өнімдері өнеркәсібі :Солтұстік Қазақстан,оңтүстік Қазақстан,Көкшетау,Қостанай,Алматы сүт комбинаттары жатады

Өсімді кмайы шаруашылығы да жақсы дамыған:шығыс Қазақстан мен Павлодар қалалары

Шиітті мақта майын шығаратын зауыт :Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында орналасқан.

Маргарин зауыты: Алматы қаласында

Балық өнеркәсібі:балық аулау ,балық өндеуден тұрады.

Қазақстандағы балық өнеркәсібі: каспий теңізінің солтүстігінде орналсақан,Атырау облысында шоғырланған.

Балық консервілерімен қамтамасыз ететін :Атырау және Балқаш зауыттары

Қазақстандағы тамақ индустриясының қосымша саласы:кондитер тағамдары,шарап

жасау,темекі өнімдері.

Халықты кондитер тағамдарымен қамтамасыз ететін кондитер комбинаттары:Рахат,Баян сұлу,

Алматы қаласында неше шарап зауыты бар: 11












Тест :

1.Жеңіл өнеркәсібі:

А.халық жеке сұранысын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығарады.

Б.жеке сұранысқа негізделген сала.

В.табиғи немесе химиялық шикізаттарды қайта өндеу.

2.2010 жылғы қорытынды бойынша өнімдерінің жалпы табысы:

А.30,5

Б.30,3

В.30,6

3.Шикізат өндірістеріне не жатады:

А:мақта тазалау зауыттары,жүн жуатын фабрика,жүнді өңдейтін кәсіпорындар

Б.тігін ,тоқыма ,кілем және тері бұйымдары

В.мата,былғары,тері

4.Тұтынушыға қажетті дайын өнімдер:

А.тігін,тоқыма,кілем,тері бұйымдары,бас киімдер,былғарыдан тігілген бұйымдар,аяқкиім.

Б.мата,былғары,тері.

В.бас икімдер,былғары тондар,аяқкиімдер

5.Жеңіл өнеркәсіптің аса ірі маңызды салаларының бірі:

А.былғары

Б.тоқыма өнеркәсібі

В.мақта - тоқыма өнеркәсібі

6.Мақта тазалау зауыттары:Оңтүстік Қазақстан облысының

А.Қызылорда,Шымкент,

Б.Оңтүстік Қазақстан облыстары

В. Шымкент,Түркістан, қалалары мен Мақтаарал елді мекені орналасқан.

7.Жүн жуу комбинаттары:

А.Өскемен, Шымкент

Б.Семей,Тараз қаласында салынған

В.Тараз,Алматы

8.Мақта мата өнеркәсібінің ішінде мақтадан нені аламыз:

А.шыт,бөз,түкті мата,дәке

Б.мата,жіп,аяқ киім

В.талшық,мата,

9.Мақтадан жасалған маталардан нені аламыз:

А.шыт,дәке

Б.сырткиім,көйлек,киімнің ішкі астары,сәнді бұйымдар тігіледі.

В.кеудешелер,шұлық

10.

Тамақ өнеркәсібі 9- сынып

Мата жасап шығару үрдісі сурет көрсету

11.Тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорны:

12.Жүннен мата тоқитын өнеркәсіп:

А.жартылай жұқа мауытты маталар жатады.

Б.ең қымбат маталар қатарында

В.Құрамы мен пайдалануы кұрделі

13.Қай қалаларда дайындалған жоғары сапалы жүнен тоқылған маталардан пальто,костюм дайындалады:

А.Қарғалы,Қостанай

Б.Алматы,Тараз

В.Семей,Талдықорған

14.Тігін өнеркәсібі бойынша ірі кәсіпорындарды жазындар:

15.Трикотаж бұйымдарын шығаратын фабрикалар орналасқан:

А.Алматы,Қарағанды,Шымкент, Өскемен,Жезқазған

Б.Семей ,Қарағанды,Шымкент,

В.Талдықорған,Қостанай

16.Шұлық шығаратын фабрикалар:

А.Алматы,Қарағанды,Шымкент, Өскемен,Жезқазған

Б.Семей ,Қарағанды,Шымкент,

В.Талдықорған,Қостанай

17.Жүн иіретін комбинат:

А.Алматы

Б.Астана

В.Жезқазған

18.Жібек маталарын шығаратын комбинат:

А.Семей

Б.Қостанай

В.Өскемен

19.Былғары, тері илеу зауыттары

А.Семей,Өскемен

Б. Тараз,Қостанай

В. Орал,Қызылорда,Тараз,Қостанай

20.Халықтың тұрмыстық қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіптің тағы бір саласы:





© 2010-2022