Тақырыбы: Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар

«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»Сабақ тақырыбы: § 4 Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар.Сабақтың мақсаты:а/Білімділік:  Қала халқы, еңбек ресурсы,халықтың ауылда қоныстану ерекшелігі жайлы түсінік беру.б/Дамытушылық: Географиялық сауаттылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.в/Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беруСабақ түрі: аралас сабақСабақта қолданылатын көрнекілік:Қазақстан Республикасының саяси, физикалық, экономикалық картасы, интерактивті тақта/слайд...
Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар

9 - сынып
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы»
Сабақ тақырыбы:
§ 4 Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар.
Сабақтың мақсаты:
а/Білімділік: Қала халқы, еңбек ресурсы, халықтың ауылда қоныстану ерекшелігі жайлы түсінік беру.
б/Дамытушылық: Географиялық сауаттылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
в/Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекілік:
Қазақстан Республикасының саяси, физикалық, экономикалық картасы, интерактивті тақта/слайд - презентация/
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап әдісі, түсінік беру әдісі

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Түгендеу
- Сабаққа әзірліктерін бақылау, сәттілік тілеу.
Сабақ ерекше екендігін атап өту. Қонақтармен таныстыру.

ІІ. Сабақ құрылымымен таныстыру. Оқушыларға айту.
• Жаңа сабақ.
• Үй жұмысын сұрау.
Мақсаты:
Еңбек ресурстарын, еңбекпен қамтылу құрылымындағы өзгерістер, елді дамытудың әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері, елдегі жұмыссыздық, жұмыспен қамту жайлы білім алу.
Түсіндіру
- Еңбек ресурсын еңбекке жарамды адамдар құрайды. Қазір Қазақстанда
16 - дан 63 жасқа дейінгі ЕРЛЕР
16 - дан 58 жасқа дейінгі ӘЙЕЛДЕР болып табылады.

Қазақстан халқының 9 млн - нан астамы, яғни 59, 2%- ы еңбек ресурсы болып есептеледі.

Кестені түсіндіру.Картадан көрсету
Қазақстанның солтүстік облыстарындағы еңбек ресурстарының арасалмағы оңтүстік облыстармен салыстырғанда орташа көрсеткіштен жоғары.
Қазір экономикалық белсенді халық еңбекке қабілетті бүкіл халық санының 69, 9 %- н құрайды.
Назарымызды экранға, сіздерге арналған жағдаят сұрақ:
1 топ: Ерлер мен әйелдердің қандай өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді?
2 топ: Еңбекке неғұрлым қабілетті деп есептелетін топ кімдер?
- Жақсы, балалар, жауаптарыңа рахмет!
Қалай ойлайсыз?
Сұраққа жауап.
Нарықтық жағдайда еңбек ресурсының, оның ішінде қай топты ескеріп, жұмыспен қамтамасыз ету қолға алынбаған?
Оқушы жауаптары
Дұрыс айтасыңдар, балалар, жастар тобы, экономиканы ойдағыдай дамытуда ғылым мен техниканың жетістіктерін ересек адамдармен салыстырғанда жастар оңай меңгере алады. Сондықтан 25 - тен 49 жасқа дейінгі адамдар еңбекке неғұрлым қабілетті деп есептеледі.
Кейін. Адамдардың еңбек нәтижелері де әр түрлі.
Еңбекке қабілеттілердің басым көпшілігі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, құрылыста, ол еңбек ресурсының 75 %- қамтыса, 25 %- ы өндірістік емес салада - медицина, білім беру, сауда салаларында, әкімшілік орындарда жұмыс істейді.

Бекіту: Сұрақ-жауап.

Бағалау.Үйге тапсырма беру. Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар




© 2010-2022