География пәні бойынша сабақ жоспары Жетісу Алатауы

Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География пәні бойынша сабақ жоспары Жетісу АлатауыАқтөбе облысы

Байғанин ауданы

Жарқамыс ауылы

Жарқамыс орта мектебінің география пәні мұғалімі

Карашолакова Набат

Эл.почта: nabat.nabat.77@mailru

Сабақтың тақырыбы: Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды Жетісу Алатауының географиялық заңдылықтарының негіздерін жан - жақты зерттеуге үйрету.

  2. Таудың табиғат жағдайының өзіндік ерекшеліктерін өз беттерінше оқып, жаңа білімді игеруге бағыттау.

  3. Білімнің бірізділігін ескере отырып балаларды шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ түрі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, слайд-презентация

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Жетісу суреттері

  2. Жетісу Алатауының географиялық орны

  3. Жер бедері

  4. Геологиялық құрылысы

  5. Климаты

  6. Өзендері мен көлдері

  7. Мұздықтары

  8. Табиғат зоналары

  9. Өсімдіктері мен жануарлары

  10. Жетісу. Қол жеткізілген жұмақ

  11. Табиғатын қорғау шаралары

Жетісу Алатауы табиғи ұлттық паркі

  1. Бейне жазба «Жетісу Алатауы»

ІV. Бекіту бөлімі

V. Қорытынды бөлімі

VІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру .

ІІ. Кіріспе

Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған әсем табиғатымен, мәдени-тарихи орындарымен құнды. Іле және Жоңғар Алатауы, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және басқа көптеген сулы, таулы, сондай-ақ тегістік жерлердің артериялары, минералдық су және балшық көздері, табиғат ескерткіштері, атап айтқанда қайталанбайтын флорасы мен фаунасы, соның ішінде эндемикалық және реликталық, қорған кешендері, петроглифтер (тастағы суреттер), мұражайлар (тақырыптық және атақты адамдардың), мавзолейлер, мазарлар және бұрынғы кездегі сәулет (архитектура) ғимараттары туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін жәдігерлері.

Ілияс Жансүгіров Жетісу губерниясының Қапал уезі, Ақсу болысы 4-ауылында 1894 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Анасынан 4 жасында қалады. Сауатын әкесі ашады.

Ілияс лириканың бар саласында қалам жебеген дарын. Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы - пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес.

Ешкідей үркіп шыққан Шөладыр тұр,
Қасқырдан бір тықырды көретіндей.
Телміртіп Текес аса ай туады,
Тайыншаның тарғыл ала зересіндей.
Жайлаудың Ортасында Тұзкөл жатыр
Жарқырап төбел таздың төбесіндей,

-деп суреттейді. Осылардың бәрінен сөзбен салынған суретпен қатар жанды кейіп те аңғарылып қалады.

Жетісу Алатауының табиғатына ғашық болып, көптеген ақындар өлеңдер жазды. Мысалы атамыз Ж. Жабаев былай жырлаған:

Тізілген таулары бар Жетісудың
Ішінде орман, тоғай біткен нудың
Дариядай сол таулардан тулап толын,
Көресің тамашасын аққан судың
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік, алма, алмұрт, жидек - жемістер көп
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.

ІІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Жетісу суреттері. І.Жансүгіровтың өлеңі

  2. Жетісу Алатауының географиялық орны (слайд)

  3. Жер бедері (слайд)

  4. Геологиялық құрылысы (слайд)

  5. Климаты (слайд)

  6. Өзендері мен көлдері (слайд)

  7. Мұздықтары (слайд)

  8. Табиғат зоналары (слайд)

  9. Өсімдіктері мен жануарлары (слайд)

  10. Жетісу. Қол жеткізілген жұмақ (слайд)

  11. Табиғатын қорғау шаралары (слайд)

Жетісу Алатауы табиғи ұлттық паркі (слайд)

  1. Бейне жазба «Жетісу Алатауы»

ІV. Сабақ бекіту:

1-тапсырма: 5 сұрақ:

  1. Бұл жел-жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек.Көбіне 1-2 күн, кейде 3-7 тәулік бойы, барлық майлы жоталарынан соғады.

Сұрақ: Қаңдай желге қатысты айтылады? (Ебі желі)

  1. Жетісу өзендерін ата? (Лепсі,Көктал,Қаратал, Ақсу, Тентек,Іле)

  2. Жетісу Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған (Ш.Уәлиханов)

  3. Жетісу Алатауы. Қытайдың Ебінұр ойысы мен Алакөлдің арасын қосып жатқан табиғи өткел.(ойыс) (Жоңғар қақпасы)

  4. Жоңғар Алатауы.Осы Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды батыс Қытаймен жалғастыратын теміржол салынды(Достық теміржолы)

2-тапсырма: Жетісу Алатауы өзендер жүйесінің сызбанұсқасын құрастыр:

Ырғайты-------------------Жалаңашкөлге

Жаманты-------------------Алакөлге

Тентек----------------------Сасықкөлге

Қорғас, Өсек, Борохудзир---------------Ілеге

География пәні бойынша сабақ жоспары Жетісу Алатауы

Қаратал

Сарқан ---------Балқашқа

Биен

Ақсу

3-тапсырма: Жетісу Алатауы табиғатын қорғау жөнінде эссе жазу

Үйге тапсырма: Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Оқушыларды бағалау.





© 2010-2022