Жердің пайда болуы 5 сынып

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 14.10.15ж Сынып: 5 Пән: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі,

қозғалысы.

Жалпы мақсат

* Жер ғаламшары туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа үйренеді, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, бағалау парағы, жұмыс дәптері.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу.

-Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру (Жұмыс дәптері арқылы)

І бөлім. Үй жұмысын тексеру.

1 тапсырма:

Кестені пайдаланып сұраққа жауап бер.

1.Жерге ең жақын ғаламшар______________________________

2.Ең алыс ғаламшар_____________________________________

3.Ең үлкен ғаламшар____________________________________

4.Ең кішкентай ғаламшар________________________________

2 тапсырма:

Артығын сызып таста.

1.Жер, Шолпан, Марс, Меркурий, Юпитер;

2.Шолпан, Сатурн, Юпитер, Уран, Нептун.

3 тапсырма:

Төмендегі ерекшеліктердің қайсысы жерге ұқсас ғаламшарлар тобына байланысты айтылған:

А) Күннен өте ұзақта орналасқан_______________________________

Ә) өлшемі өте үлкен__________________________________________

Б)өлшемі өте кішкентай_______________________________________

В) күннен онша қашық емес___________________________________

Г) серіктері көп______________________________________________

Д) серігі аз немесе жоқ________________________________________

4 тапсырма:

Ғаламшарлардың атын жаз.

Жердің пайда болуы 5 сынып

ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы

1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)

2.Жер туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

ІҮ. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

Олай болса біз Жер ғаламшары туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік. Ол үшін сендер мына сұрақтардың жауабын мәтінді оқи отырып шығарасыңдар.

1-топтың сұрақтары:

1.Жер қашан пайда болған?

2.Алғашқы кезде жер қандай болған және кейін қандай өзгерістер болды?

3.Жердің жалпы ауданы және оның неше пайызы су, неше пайызы құрлық?

4.Жердің пішіні қандай және оны қалай дәлелдеуге болады?

5.Глобус деген не? Алғашқы глобусты кім жасады және қашан?

2-топтың сұрақтары:

1.Полюс деген не?

2.Экватор деген не?

3.Экватор сызығы жерді қандай жартышарларға бөліп жатыр?

4.Жердің экваторлық және полюстік радиустері нешеге тең?

5.Экватордың ұзындығы неше шақырым?

Бұдан кейін Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы туралы глобуспен көрсету.

Сергіту сәті («Жанбыр» ойыны)


Ү. Бекіту. (Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау)


ІІ бөлім. Жаңа тақырыпты бекіту.


1 тапсырма:

Сөйлемдегі бос орынға тиісті сөздерді қойып, толықтырып жазындар.

Жер__________жүйесіндегі ғаламшар, ол ______________ жыл бұрын қалыптасты. Жердің ауданы_______________ . Оның ____________пайызы су, қалғаны құрлық. Экватордан солтүстікке қарай _________________жарты шар, оңтүстігінде_________________ жарты шар орналасқан.

2 тапсырма:

Сарамандық жұмыс

1.Глобус және картамен жұмыс жасау.

Мақсаты: глобустан экватор сызығын, полюстерді, меридиан сызығын, солтүстік және оңтүстік жарты шарды тауып кескін картаға түсіру.

Жердің пайда болуы 5 сынып

ҮІ. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды (фигураларды таңдау арқылы: бесбұрыш, төртбұрыш және үшбұрыш)

ҮІІ. Кері байланыс. «Ален Лейконның бес саусақ әдісі»

ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар

© 2010-2022