Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 класс)

 Сабақ тақырыбы:     Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы                                                                           қазбалар. Сабақ мақсаты:                                                            1.Білімдік: Оқушылар Еліміздің пайдалы қазбалары, соның ішінде жанатын пайдалы қазбалар олардың таралу заңдылықтарымен танысады.   2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, саяси-саналылыққа тәрбиелеу, атамекенге, табиғатқа,  халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. 3.Д...
Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 класс)Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 класс)Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 класс)

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы

қазбалар.

Сабақ мақсаты:

1.Білімдік: Оқушылар Еліміздің пайдалы қазбалары, соның ішінде жанатын пайдалы қазбалар олардың таралу заңдылықтарымен танысады.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, саяси-саналылыққа тәрбиелеу, атамекенге, табиғатқа, халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

3.Дамытушылық: карта, атласпен жұмыс дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижелері:

Оқушылардың еліміздің пайдалы қазбалары, соның ішінде жанатын пайдалы қазбалар олардың таралу заңдылықтары жөніндегі түсініктері кеңейеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Сабақ түрі: СТО арқылы дамыта оқыту

Ресурстар: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, жұмыс дәптері 8-с, 8-сынып физикалық географиясы электрондық оқулығы, интерактивті тақта, түрлі фигуралар («Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар)) салынған парақшалар, плакат, маркер, смайликтер, стикерлер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар, картамен, кескін картамен жұмыс, «крестик-нөлдік-үшбұрыш» ойыны, «миға шабуыл», «бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиялары, интерактивті әдіс, топтық жұмыс.

Сабақ барысы немесе жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Ұйымдастырушылық кезең: 1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Топқа бөлу. Топқа бөлу. Түрлі фигуралар «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) таңдау арқылы 3 топқа бөлу, топбасшылар тағайындалады (топбасшылар бағалайтынын ескерту).

ІІІ. Сергіту сәтін өткізу: «Бобер биі» клипі бойынша

ІҮ. Өткенді қайталау: «крестик-нөлдік-үшбұрыш» ойыны» бойынша жұмыс.

«Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) ойыны арқылы. Әр топ өзінің белгісіндегі сұрақтарды таңдай отырып жауап береді. Дұрыс жауап берсе, өз белгілерін қояды. Ал жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп өз белгілерін қоюға болады. Қай топтың белгісі көп жиналса және көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.

Крестиктер «Х»

Нөлдіктер «О»

Үшбұрыштар «Δ»

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Крестиктер тобының сұрақтары:

10 - Жетісу Алатауының ең биік нүктесі? (Бесбақан шыңы 4622 м)

20 - Электрондық оқулық тапсырмасы (Қазақстан ойпаттарын тиісінше орналастыр)

30 - Ұзынқара (Кетпен) жотасы, Күнгей Алатау, Іле Алатауы және Шу-Іле таулары (Желтау-Айтау), Қырғыз Алатауы қай тау жүйесіне кіреді?

(Солтүстік Тянь-Шанға )

Нөлдіктер тобының сұрақтары:

10 - Тарбағатай тауының ең биік нүктесі? (Тастау 2992 м)

20 - Батыс Алтайды кейде Кенді Алтай деп те атайды. Неліктен? (Өйткені Батыс Алтай пайдалы қазбаларға бай болып келеді. Одан мыс, мырыш, қалайы қорғасын, вольфрам, күміс, алтын т.б металдар табылған )

30 - Электрондық оқулық тапсырмасы (Қыраттар мен үстірттерді тиісінше орналастыр)

Үшбұрыштар тобының сұрақтары:

10 - Алтай тауының ең биік нүктесі (Мұзтау 4506 м)

20 - Сауыр мен Тарбағатайдың қандай айырмашылықтары бар? (Сауырдың төбелерінде мұздықтар бар, ал Тарбағатайда мұздықтар жоқ. Тарбағатай Сауырға қарағанда алас, бірақ одан ұзынырақ)

30 - Электрондық оқулық тапсырмасы (Қазақстанның биік шыңдарын тиісінше орналастыр)

Ү. Мағынаны тану. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы

қазбалар.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «ой шақыру» стратегиясын пайдалану. 1.Интерактивті тақтадан пайдалы қазбалар коллекциясын көрсету

Мына суретте не көріп тұрсыңдар? (пайдалы қазбалар)

2. Олай болса пайдалы қазба дегеніміз не? (Ережесін сұрау) оқушы ойын

толықтыру.

3. Қазақстанның пайдалы қазбаларын тиісінше сәйкестендір! (Әр топ оқулық мәтінін және атласты пайдалана отырып тапсырманы орындайды)

Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 класс)

(Соңынан топтар бір-бірін дұрыс жауаптарын интерактивті тақтадан салыстыра отырып тексереді )

4.Сызбамен жұмыс. Сызба арқылы пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінетінін талдайды.

Пайдалы қазбалар

Кенсіз (Рудасыз)

химиялық тау жыныстары (Рудасыз)

Жанатын

Органикалық шөгінді тау жыныстыры

Кенді (Рудалы)

Магмалық тау жыныстыры (Рудалы)


5. Топтық жұмыс. Жанатын пайдалы қазбалар бойынша:

1-топ. Мұнай мен газ.

2-топ. Көмір.

3-топ.Уран кендері бойынша оқулық мәтінін және карта, атласты пайдаланып жұмыс жасайды, ойларын плакатқа түсіреді, соңынан топтан баяндамашы шығып түсіндіреді, бір-біріне сұрақтар қояды.

ҮІ. Ой толғаныс. «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы

1-топ.

1.Еліміз жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 70-нің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі.

2. Мұнай елімізде бірінші рет Маңғыстаудағы Жетібай ұңғымасынан алынды.

3. Екібастұз көмір алабы ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі ең арзаны болып табылады.

2-топ

1. Мұнайдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған.

2. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзінде 3-орын алады.

3. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары.

3-топ

1.Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кеніші Қарағанды көмір алабында орналасқан.

2. Республикамыз дүние жүзінде уран, хром, марганец қорынан 2-орын алады.

3. Елімізде уранның 20-ға жуық кен орны барланған.

ҮІІ. Бағалау: топбасшылар бағалайды (Әр топтың басшысы топ мүшелерін бағалайды және неліктен олай бағалағанына түсінік береді).

ҮІІІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жаза отырып тақтадағы смайликтерге ілу арқылы білдіреді.

ІХ. Үй тапсырмасын беру: кескін картаға түсіру (жанатын пайдалы қазба кен орындарын)


© 2010-2022