Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Сыныптар: 11Күні:Тақырыбы: Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстарыМақсат-міндеттер:Білімділік мақсаты – Еуропа елдері, олардың саяси картасы мен құрылымы, экономикалық-географиялық жағдайлары, табиғаты мен ресурстары, экологиялық жағдайы, табиғат қорғау туралы білім беру. Еуропа аймағы мен елдерінің басты ерекшеліктерін, саяси картасының даму кезеңдерін, экономикалық-географиялық жағдайларының қолайлы болу алғышарттарын, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға ти...
Раздел География
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптар: 11

Күні:

Тақырыбы: Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Еуропа елдері, олардың саяси картасы мен құрылымы, экономикалық-географиялық жағдайлары, табиғаты мен ресурстары, экологиялық жағдайы, табиғат қорғау туралы білім беру. Еуропа аймағы мен елдерінің басты ерекшеліктерін, саяси картасының даму кезеңдерін, экономикалық-географиялық жағдайларының қолайлы болу алғышарттарын, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға тигізетін әсерін, табиғат ресурстарының түрлерін, олардың игерілу тарихын, экологиялық проблемаларын шешу жолдары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Еуропа аймағының бүгінгісі мен болашағы туралы таныстыру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел,, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты - Тақырыптық карталардың көмегімен Еуропаның саяси картасының қалыптасуы мен өзгерістеріне, ЭГЖ-на, табиғат жағдайларына, табиғат ресурстарына шаруашылылық тұрғыдан баға беруді, экологиялық жағдайына, оларды шешу жолдарына сипаттама беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Кіріспе сабақ

Оқыту әдістері: Проблемалық және шығармашылық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең -

ІІІ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (19мин) VІ кезең-

ІV кезең - үйге тапсырма беру

бағалау кезеңі

қорытынды

Сабақ барысы:


Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, соның ішінде елдердің көршілік жағдайын, елдердің көпшілігінің теңіз жағалауында орналасуын, жағалау сызығының тілімденуіне, жағалаулардың көпшілік бөліктерін түбектердің алып жатуына мысалдар келтіріп, себептерін түсіңдіреді.

Сосын Еуропаның саяси құрылымының тарихи кезеңдеріне, ірі өзгерістерге тоқталып, қазіргі саяси картасына сипаттама беріп, елдер туралы мәліметтер келтіріп, олардың экономикалық даму бағытына сипаттама береді. Еуропа елдерінің мемлекеттік құрылымын сипаттайды. Саяси картасындағы ең соңғы өзгерістер, соның ішінде Югославия Федерациясының ыдырауы, бұрынғы КСРО елдерінің егемендік алуы туралы айтады.

Сосын табиғат жағдайларының басты ерекшеліктеріне тоқталу. Соның ішінде: 1) жер бедері: басым көпшілігі жазық және қыратты болып келеді, геологиялық, тектоникалық құрылыммен байланысты болады.

2) пайдалы қазбаларға тоқталу;

3) Еуропаның климаттық белдеулеріне сипаттама беріп, олардың адам өміріне қолайлы болып келуін түсіндіру;

4) су ресурстарына, оның мол қорына, су қорының ең көп, ең аз таралған жерлеріне тоқталу;

5) жер ресурстарына, жер қорының - жыртылған жер, жайылым, шабындық, орман, елді мекен, көлік жолы, кеніш, жарамсыз жер үлесін сипаттау.

6) экологиялық жағдайы мен табиғат қорғау мәселерін ашып, нақты мысал келтіру, табиғатты қорғау шараларына тоқталу.

Осы материалды талдау барысында халқы туралы толық мәлімет береді. Еуропа дүние бөлігінде халық ең соңғы санағы бойынша 730 млн адам (2004ж).

Одан соң өмір жасының ұзақтығы, туу, өлім-жітім көрсеткішін анықтайды. Табиғи өсімі өте төмен елдерді мысалға келтіріп, себебін айтады.Көшіп-қон мәселесіне тоқталады. Одан кейін халықтың ұлттық құрамына тоқталады. Еуропа халқының үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының бірі - протестант кең тараған. Православие - Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көбі ислам, кейбіреулері иудаизм, будда діндерін ұстайды.

Сосын д.ж.-де халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі - Еуропа, орташа тығыздығы 100 адам, бірақ олар әркелкі таралған, мысалы Исландия 2 адам, Бельгия, Нидерландыда 350-380 адам.

Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мысалы, Бельгия урбандалу - 97%, Исландия - 92, Ұлыбритания - 89, Франция - 74. Қалалар бірігіп,қала агломерауияларын түзеді. 40-там астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн-Рур, Лондон (10 млн адамнан).

Қорытыта келгенде, еңбекке жарамды адамдардың саны жоғары екендігін айтады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Мұғаліммен бірге сабақты талқылап, түсінбеген жерлерін сұрайды.

Балалар қысқаша конспект жазып отырады.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім сұрақтарды қояды.

1. Еуропаның қандай елінде көршілес елдер көп?

2. Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

3. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

4. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

5. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

6. Ең көп тараған тіл әулеті?

7. Табиғат жағдайы адам өмір сүруіне қолайлы ма? Мысалдар келтіріңдер.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

ІV

§1-2 оқу мазмұндау

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


© 2010-2022