Географиядан сыныптан тыс іс-шара Жас географ (7 сынып)

Интеллектуалды ойын- сайыс. 7 сынып оқушыларына. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:Кезеңдері:1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)2. Блиц турнир (сұрақтар).3. Географиялық жұмбақ шешу. 4. Картамен жұмыс.5. Қара жәшік..6. Топ басшылар сайысы (географиялық нысандар бойынша сұрақтар)7. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр8. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла»
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Географиялық кештің тақырыбы: «Жас географ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. : «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір - бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

III. Қорытынды.

IV.Марапаттау.

Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.

- Бүгінгі ойын сайысқа жетінші сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 7 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)

2. Блиц турнир (сұрақтар).

3. Географиялық жұмбақ шешу.

4. Картамен жұмыс.

5. Қара жәшік..

6. Топ басшылар сайысы (географиялық нысандар бойынша сұрақтар)

7. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр

8. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла»

Ітур. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады) І топ карта, ІІ топ саяхатшылар

ІІ тур: Блиц турнир. Мұнда барлығы 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)
5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
7. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
8. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

9. Кофенің отаны қай материк (Африка)
10. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

11. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519 - 1522ж)

12. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)

13. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)

14. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)

15. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

16. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
17. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
18. Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Мередиан)
19. Ең кішкентай құс (Калибри)
20. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)

ІІІ Тур бойынша 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Географиялық жұмбақтар»

І -ТОП

Сурет -жұмбақ (2-мин)

  1. сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

Географиядан сыныптан тыс іс-шара Жас географ (7 сынып)АФРИКА

Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер. (карта)

II-ТОП

  1. сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

Географиядан сыныптан тыс іс-шара Жас географ (7 сынып)С.АМЕРИКА

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

IV тур -- «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.

1 - топ

1. Жерорта теңізі

2. Дрейк бұғазы

3. Сомали түбегі

4. Анд тауы

5. Игуасу сарқырамасы

6. Сахара шөлі

7. Чад көлі

2 - топ

1. Қара теңіз

2. Мозамбик бұғазы

3. Виктория сарқырамасы

4. Конго өзені

5. Титикака көлі

6. Атакама шөлі

7. Косцюшко тауы

V тур: "Қара жәшік"

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай

VI тур. Капитандар сайысы. Мұнда әр топ басшысына 1 сұрақ беріледі. Cұраққа толық дұрыс жауап берсе топ қоржына 10 ұпай беріледі.

1.Егер Анд тауы Американың батысында емес, шығысында орналасса, онда материк климаты қалай өзгерер еді?

Жауабы: Егер Анд тауы материктің шығысында орналасса, онда климат құрғақ болар еді. шығыстан экваторлық және муссонды - пасатты ауа циркуляциясына байланысты ауа массаларының келуінен

2. Егер Антарктика болмай, оның орнында Оңтүстік полюс маңында Солтүстік полюстегідей мұхит болса не болар еді?

Жауабы: Антарктида материгінің, оның мұздығының болуы Жер шары атмосфера циркуляциясына үлкен әсер етеді. Егер Антарктика болмаса Жер шары атмосферасының температурасы қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.

VII тур. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр» Әр бір дұрыс тапқан сұрақ жауабына 5 ұпай.

(қызықты сұрақтар)

  1. Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)

  2. Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)

  3. Ең ашулы қандай қала? (Грозный)

  4. Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)

  5. Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).

  6. Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)

VIII тур. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла» . Бұл сайыста әр топ өздерінің қалдық өнімдерінен жасаған туындысымен таныстырады. Бұл сайыс та жасаған жұмысына қарай 10 ұпай балмен бағаланады.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сайыстың қорытындысын шығару;

Әділ қазыларға сөз беру;

ІV Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

.



© 2010-2022