Елдің отын энергетика кешеніне сипаттама

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: география

Сыныбы: 9

Тақырыбы: Елдің отын энергетика кешеніне сипаттама.

Мақсаты: білімділік: отын энергетикасы туралы мағлұмат бере отырып,

Жан жақты білімділіктерін қалыптастыру

Дамытушылық: оқушылардың отын энергетика туралы ой өрістерін,

Дамыту, жан жақты ізденушілікке баулу.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға , ұқыптылыққа баулу, жаңашылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Типі: дәстүрлі

Әдісі: баяндау, тапсырмалар орындау

Көрнекілігі: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, кескін карта,

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІІ. Жаңа сабақ

Қарағанды көмір алабы- Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын - кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады.Көмір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдіге 300 м. Шахталық әдіспен өндіріледі. Сондықтан өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыттары мен ЭС.

Екібастұз көмір алабының (қоры 10 млрд т ауданы- 155 км2) көмірі тас көмір болғанымен, күлі көп, сапасы төмен, өте ауыр байытылады, кокстеуге келмейді. Көмір қабатының қалыңдығы 150 метр, жер бетіне жақын орналасқандықтан , ашық әдіспен өндіріледі. Сондықтан көмір құны арзан. «Богатырь», «Восточный» кесінділерінде өте мықты роторлы экскаватормен қазып алынады. «Богатырь» жылына 50 млн тонна өндіріп, д.ж. жетекші кесінділердің бірі.Екібастұз көмірі-еліміздегі ең арзан көмір. Оны пайдалану үшін Қазақстанның солтүстігінде , Ресейде ірі ЭС салынған.

Майкүбі қоңыр көмір алабы Екібастұздан оңтүстікке қарай орналасқан. Сапасы төмен, бірақ күлі аз, құрамында күкірті көп емес. Бұл көмірді байытуға, ұзақ сақтауға болады. Коммуналды-тұрмыстық шаруашылыққа пайдалануға өте қолайлы. Ашық әдіспен өндіріледі.

Конденсациялы ЖЭС тек қана электр қуатын өндіреді. Электр қуатымен үлкен аймақты қамтамасыз ете алады. Сондықтан оларды мемлекеттік аудандық электр стансалары (МАЭС) деп атайды. Жыл бойы тұрақты жұмыс жасап тұру қажет. Тоқтатқан жағдайда электрмен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады. МАЭС-тар отын көзіне, суға жақын орналасады. ЖЭО электр қуаты мен жылуды өндіру жинақталған. Жылуды 20км-ден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан, қалаларда орналастырады.

СЭС - еліміздегі ең арзан қуат түрі. Алу үшін ағын судың қуатын пайдаланады. СЭС тежегіштерін қажет кезде тоқтатып, қайта қосуға болады.Экологиялық тұрғыдан таза. СЭс салу ұзаққа және өте қымбатқа түседі.Кемелерді өткізіп тұратын шлюздер мен су қоймалары біріге отырып, су торабын құрайды.

Атомдық отын цикліне уран кенін өндіру мен өңдеу, АЭС-на отын дайындау, оларға электр қуатын өндіру, атом қалдықтарын өңдеу және көму жатады.1997 жылы өте жоғары электр тасымалдау желісі (ЭТЖ) қосылып, екі энергия жүйесін байланыстырды.қазір жеке Қазақстандық энергия жүйесі қалыптасты.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Тапсырмалар:

Тапсырма - 1. Бір көмір кен орнына төмендегі жоспар бойынша сипаттама беріңдер:

  1. Географиялық орны

  2. Қоры

  3. Түрі және көмір сапасы

  4. Жағдайы және өндіру әдісі (шахталық және ашық түрде)

  5. Өзіндік құны

  6. Жергілікті жерде немесе республикамыздың басқа аймақтарындағы пайдаланау мүмкіншіліктері

Сұрақтар:

  1. Негізгі көмір түрін және қолдану аясын атаңдар.

  2. Қарағанды көмір алабының негізгі ерекшеліктерін татаңдар.

  3. Екібастұз көмір алабының Қарағанды алабынан қандай айырмашылығы бар?

  4. Не себепті электр қуатын көп бөлігін ЖЭС береді?

  5. ЖЭС - ның СЭС-на қарағанда қандай қолайлы жақтары бар?

  6. СЭС-ғы каскадтар не үшін салынған? Су торабы дегенді қалай түсінесіңдер?

Кесте-1. Электр стансасының түрлері

Электр стансасының типі

Орналасқан орны

Электр қуатын өндірудегі %-дық үлесі

Ірі стансаларын ата

Қолайлы жағы

Қолайсыз жағы

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022