Разработка урока по географии на тему Аустралия Одағы 7-класс

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7 «А» Күні: 15.12.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: §56 Аустралия Одағы.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік - Оқушыларға Аустралия Одағының физикалық-географиялық орны, табиғаты, халқы, шаруашылығы туралы білім беру.

Ә) дамытушылық - географиялық білім берудің әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, талдау жасау, қорытындылау, себеп-салдарлы байланыстарды айқындау біліктіліктерін дамыту.

Б) тәрбиелік - Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайын, табиғат қорларын, халқын оқыта отырып, өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, иллюстративті-түсіндірмелі, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық карталар, кеспе-парақтары, кесте, карта қиындылары, бейнематериалдар, қосымша мәліметтер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу;

Ә) Кезекші мәліметі бойынша оқушыларды түгелдеу;

Б) Сынып ахуалын ретке келтіру.

В) Оқушыларды 3 топқа бөлу, топ басшысы мен ұранымен танысу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • § 55 Табиғат зоналары.

  • Кескін картамен жұмыс.

  • Шығармашылық тапсырма: Аустралияда ғана кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы мағлұмат жинап келу.

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру:

  • Үлестірмелі кеспе-парақтарымен жұмыс.

Сұрақтар:

  • Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?

  • Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар?

  • Скрэб дегеніміз не?

  • Ол қандай табиғат зонасына тән болады?

  • Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?

ІV. Жаңа сабаққа даярлық:

Дүниежүзінің саяси картасынан Аустралия Одағының географиялық орнын анықтау.

V. Жаңа сабақ:

§56 Аустралия Одағы.

Үш топ мәтінді 3-ке бөліп, оқып, түсінгендерін плакатқа түсіреді де қорғайды.

І топ: Аустралия Одағының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары.

ІІ топ: Аустралия халқы, климаты, ішкі сулары.

ІІІ топ: Аустралияның өсімдіктері мен жануарлары.

VІ. Сабақты бекіту:

  • Картамен жұмыс:

Үш топ берілген карта қиындыларын біріктіріп, сол картамен жұмыс жасайды.

І топ: Аустралияның шекарасын сызып, жағалауындағы теңіздер мен мұхиттарды жазып, шеткі нүктелері мен астанасынын түсіру.

ІІ топ: Аустралияның ең биік және ең төмен нүктелерін және пайдалы қазбаларын түсіру.

ІІІ топ: Аустралияның ең төмен және ең жоғары изотермаларын түсіру.

VІІ. Сабақты қорытындылау:

  • «Иә»-«Жоқ» кестесімен жұмыс.

Аустралия материгін бір ғана ел алып жатыр.

Қазіргі кезде Аустралия Одағы халқының саны 32 млн-нан асады.

Материктің байырғы халқы халықтың 1%-ын ғана құрайды.

Аустралия Одағы - экономикасы жағынан артта қалған ел.

Аустралия меринос қойының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады.

Аустралияның елтаңбасында кенгуру және киви бейнеленген.

VІ. Бағалау, үйге тапсырма:

  • Оқушыларды тиісті бағалау;

  • Үйге тапсырма:

«Егер мен туристік фирма қызметкері болсам...» Аустралияның туристік нысандарына жарнама даярлау.



© 2010-2022