Географиядан сабақ жоспары Жер туралы қысқаша мәліметтер (10 сынып)

Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы:

География. Дүниежүзіне шолу.

ТМД елдері пәнің оқытудың мақсат міндеттері

§1. Жер туралы қысқаша мәліметтер.

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: Оқушыларға пәннің мақсат-міндеттерін айқындап түсіндіру. Жердің ғаламшар ретіндегі орны мен пішіні, Жердің полюстері және қозғалысы, сағаттық және жылу белдеулері туралы білімдерін қалыптастыру.

Алдыңғы сыныптарда алған білімдерін шыңдай отырып, жаңа материалды игеру барысында оқушылардың Жер ғаламшары туралы білімдерін одан әрі дамыту;

Міндеті: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру. Жер шарының Күн жүйесіндегі орнын анықтай білуге үйрету.

Сабақ түрі: Жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныппен сәлемдесу, кім жоқ екенің анықтау. Оқушылардың дайындығын тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау:

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда география пәнінен (геометрия мен физика пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып) алған білімін тексеру мақсатында біршама сұрақтар қою.

1) Күн жүйесінде Жер шарымен қоса есептегенде қанша ғаламшарлар орналасқан?

2) Жердің Күннен қашықтығы.

3)Жер бетінің жалпы ауданы (құрлықтар мен мұхиттардың үлесін көрсету).

4) Жердің шар тәріздес екенін анықтаған ғалым.

5) Жердің геоид пішіндес екенін дәлелдеген ғалым.

6) Жердің Күн жүйесіндегі алатын орны.

7) Ертедегі геоцентризм («діни бағытта қалыптасқан Жердің барлық аспан обьектілерінің орталығы деп есептелген теорема») мен гелиоцентризм (Коперник ұсынған Күннің барлық астрономиялық обьектілердің орталығы деген теоремасы) туралы не білесіздер?

ІІІ.Жаңа сабақты игеру:

  • Дүниежүзіне шолу. ТМД елдері пәнің оқытудың мақсат міндеттері

  • Күн жүйесі.

  • Күн жүйесіндегі Жер ғаламшарының алатын орны.

  • Ай Жердің табиғи серігі.

  • Жер шары полюстері.

  • Экватор.

  • Жердің пішіні.

  • Жер ғаламшарының қозғалысы. (Афелий, перигелий, жұлдыздық жыл, календарлық жыл, кібісе жылы).

  • Сағаттық белдеулер.(Гринвич, жергілікті уақыт, сағаттық белдеу, сағаттық уақыт, уақыт ауысу сызығы).

  • Жылу белдеулері.

ІҮ. Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма: Анықтамаларды кітаптан жазып алу

2-тапсырма: Төмендегі сандардың мәнін түсіндір!

1)150 млн. км. - Жердің Күннен қашықтығы;

2)29,8 км/с - орбиталық айналу жылдамдығы;

3)6378,2км - Ф.Н.Красновский бойынша экваторлық радиус;

4)6356,8км - Ф.Н.Красновский бойынша полярлық радиус;

5)940 млн. км - орбитаның жалпы ұзындығы;

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

А) Кориолис күшінің ерекшеліктері неде?

Ә) Неге глобусты шар тәріздес қылып жасайды?

Б) Жер шары қандай пішінді?

В) Афелий және перигелий сөздерінің мағынасы неде?

Д) Қазақстан Республикасы қандай сағаттық белдеуде орналасқан деп ойлайсыңдар?

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасы: Кіріспе. §1. Жер туралы қысқаша мәліметтер.



© 2010-2022