Жаратылыстану пәнінен Түзету жұмысы

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ











5-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәнінен түзету жұмыстары







Дайындаған: Аукебаева М.М





















Серебрянск 2014-201


Түзету жұмыстарының жоспары

5-сынып оқушылары

Тақырыбы

Ұйымдастыру түрі

Мерзімі

1


« Табиғат» бөлімі

Әр деңгейлі тапсырмалар, тестер, картамен жұмыс, ойындар, ауа райын бақылау

Қыркүйек-қазан

2

«Пайдалы қазбалар» бөлімі

Географиялық тапысырмалар, ребустар,ойындар

Қараша -Желтоқсан

3

«Су, ауа» тақырыбы

Суреттермен жұмыс, картамен жұмыс

«Ойлан тап» ойыны

Қаңтар-ақпан

4

«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары » бөлімі

Әрдеңгейлі тапсырмалар, сөзжұмбақтар, жұмбақтар

Наурыз-сәуір

5

«Жер - ғарыш денесі» бөлімі

Салыстыру жұмыстары, деңгей тапсырмалары

мамыр

















«Психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ















Оқушылардың деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар









Мұғалім: Аукебаева М.М















2014-2015

1.Ежелгі адамдар алғашында нелерді қорек етті?

а) Жеміс-жидек , өсімдіктердің тамырын

ә) Балдырлармен

б) Аңдарды

2.Табиғат дегеніміз не?

а) Адамның қолымен жасаған дүниенің барлығы

ә) Бізді қоршаған орта

б) Адамнан тәуелсіз тіршілік ететін қоршаған орта

3.Аспалы бақ қайда орналасқан?

а) Галикарнаста ә) Түркістанда б) Вавилонда

4. Құбыланаманың қай тілі оңтүстікті көрсетеді?

а) көкшіл ә) қызыл б) жасыл

5.Көкжиекті құбыланамасыз қалай анықтауға болады?

а) күн мен Поляр жұлдызына қарап

ә) сағатқа қарап

б) ағаш пен термометрге қарап

6. Іле Алатауы етегінде қай қала орналасқан?

А) Ақтау ә) Астана б) Алматы

7. Әлемдегі ең терең көл қайсысы?

а) Каспий теңізі ә) Арал теңізі б) Байкал

8. Ас тұзын қайдан игереді?

А) жер астынан ә) тартылған және тартылмаған тұзды көлдерден

б) жер бетінен

9.Әктастың ең қатты және нығыз түрін ата.

А) ұлутас ә) мрамор б) фосфорит

10.Әлемде Қазақстан аумағы бойынша нешінші орын алады?

а) 1 ә) 10 б) 9

11.Жазық картада қандай түспен белгіленеді?

а) сары ә) жасыл б) қоңыр

12.Мәдени өсімдіктерді өсіруге қандай топырақ қолайлы?

А) қара топырақ ә) сұр қоңыр б)сұр жер түсті

13. Тау жыныстары ненің әсерінен мүжіледі, үгіледі?

а) жел, өсімдік, температура

ә) күн, жаңбыр, жел

б) жел, су, өсімдік, температураның ауысуы

14. Жерасты суларының негізгі көзін ата.

А) өзендер мен мұздақтар

ә) жаңбыр мен қар

б) теңіздер мен мұхиттар

15. Пайдалы қазба деген не?

А) Жер астында жатқандардың бәрі

ә) адам игеретіндердің бәрі

б) адам жер қойнауынан игеретін тау жыныстары мен минералдар

16. Қандай суды минералды су деп атайды?

А) дәмі мен иісі бар ә) дәмі мен иісі жоқ

б) құрамында минералды тұзы бар

17.Металдар қандай топтарға бөлінеді?

а) қара және түсті

ә) магнитті және магнитті емес

б) қатты және жұмсақ

18. Оттегі ауаның қанша бөлігін алып жатыр?

А) 2/3 ә) 1/2 б) 1/3

19. Ауа қабаты неше бөліктен тұрады?

А) 4 ә) 3 б)1

20. Полиметалл кендері қай жерде орналасқан?

а) Арқалық ә) Алатау б) Алтай

Дүниетану пәнінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар
1 - тапсырма: Осы мәтінмен таныса отырып, табиғаттағы су айналымының нобайын сыз.
Су - ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Су үш түрлі күйінде кездеседі: мұз, су және бу.
Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.
Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Күн сәулесі қызыуынан мұхит, теңіз, көл, өзен, суы буланып, ауа қабатына барады. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп, ауа қабатына көтеріледі.
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді. Бұлт ауаның ағысымен, қозғалысқа түседі. Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайта оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамайды. Күн қыздырғанда қайтадан ауаға ұшып шығады.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер, бұйраланып, бұталар, бой түзеп ағаштар өседі.

2 - тапсырма: Ыстық және ылғалды күні ауада бу тамшылары көп. Егерде ауа суып кетсе, ауаның бу тамшыларымен не болады?

3 - тапсырма: Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Тәуілігіне 700 литрге дейін таза суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол - ластанған су.
Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Соларды кестеге жаз.

Ластаушы зат.

4 - тапсырма: Су толтырылған жабық бөтелке түнде мұздатқышта қалдырылды. Таңертең қарағанда, бөтелкенің жарылғаны байқалды.
Су қатқанда неге бөтелке жарылды?




© 2010-2022