Курсовая программа по географии Ғаламдық география (11-класс)

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№20 ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ



ҚАРАСТЫРЫЛДЫ: КЕЛІСІЛГЕН: БЕКІТІЛГЕН:

№___әдістемелік бірлестік Директордың оқу ісі №20 Т. Рысқұлов атындағы

отырысында жөніндегі орынбасары: орта мектеп директоры:

ӘБ жетекшісі: Токушбекова Ж.К. Қасымова Н.Қ. Жақсылықова Г.Х.

__________________ _____________ _______________

«____» ______ 2015 ж. «____» ______ 2015 ж. «____» ______ 2015 ж.



Қолданбалы курс

География

Курсовая программа по географии Ғаламдық география (11-класс)

11 «А» сынып

2015-2016 оқу жылы

География пәні мұғалімі: Азильханова Г.А.

Жылына барлығы - 34 сағат, аптасына - 1 сағат

«Ғаламдық география» курсына берілген

Рецензия

11-сыныпқа арналған «Ғаламдық география» курсының бағдарламасында әлемде кеңінен көрініс тапқан ғаламдық проблемалар - экология, демография, энергетика, дүниежүзілік материктер мен мұхиттар және басқа да проблемалар мен оларды шешу жолдары, геоэкология туралы нақты оқушыларға жан-жақты білім беру көзделген.

Оқушылардың осы курс бойынша географияға қатысты ақпараттарды өз бетімен «тауып алуы» үшін оларды арнаулы және жалпы ғылыми жүйелікке бағыттайды.

Аталған курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих, туризм сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.

Пікір жазғандар:

Директордың ғылыми

ісі жөніндегі орынбасары: Лескенова З.Ш.

Жаратылыстану пәндерінің

әдістемелік бірлестік жетекшісі: Токушбекова Ж.К.

2015 жылдың 28-тамызындағы Жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігінің І отырысында қаралып, талқыланды.





Түсініктеме хат



Оқушылардың географиялық білімдерін тереңдетуге және кәсіптік бағдар алу қажеттілігіне сәйкес, географиялық білімдерін жетілдіруде, баланың жеке тұлға ретінде дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына курстың берері мол.

Курс барысында оқушылар тақырыптар бойынша саяхатшы-ғалымдардың ашқан жаңалықтарын, объектілерін есте сақтайды, терминдерді дәптерге түсіріп, белгілі бір маршрут бойынша аралға немесе материкке карта арқылы саяхат жасап, кездескен объектілерге сипаттама беруді меңгереді.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, терминдік қорын байыту, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап, қосымша мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, кескін картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды.

Оқу процесі барысында оқушылар дәріс арқылы алған білімдерін практикалық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырып отырулары тиіс.

Сонымен қатар дәптерге тезистер, кесте, сызбанұсқа құруды, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтерді сабақ үстінде пайдалана білуді, диаграммалар мен рефераттар дайындауды, түрлі презентациялар жасап, әрбір жұмыстың соңында қорытынды жасауға дағдыланады.

Басқа пәндермен байланысы: тарих, экономика, экология, сызу, биология, физика, химия.

Бағдарлама аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат.

Бақылау түрі: практикалық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, тестілеу, географиялық диктант.

Курстың мақсаты:

  • Географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып,оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау;

  • Тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық қабілеттерін арттыру, өз бетінше шешім қабылдауына дағдыландыру;

  • Елдердің табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғыдан бағалауға үйрету;

  • Халықтардың тарихи-этнографиялық, қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерімен таныстыру;

  • Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы,табиғат ресурстары мен халықтар туралы,шаруашылығы және өның ғылыми-техникалық жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік беру;

  • Курс бойынша алған білімін ғылыми-зерттеушілік жұмысқа бағыттау;

  • Оқушыларды мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру;

Курстың міндеттері:

  • Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру;

  • Түрлі тақырыптық карталармен жұмыс істей білуге үйрету;

  • Сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды ынта қоя орындауларын қадағалау;

  • Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.

  • Дүние жүзі елдері географиясының ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Осы курсты меңгере отырып оқушылар географиялық білімдерін жетілдіреді;

  • Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға баға бере алатын саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып қалыптасады;

  • Оқушының коммуникативтік, ақпараттық құзыреттілігі артады;

  • Дүние жүзі елдеріне қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдылары дамып, оқушының дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады;

  • Әлемдегі және жергілікті аймақтағы географиялық, экологиялық проблемаларды шешуге ат салысады.





Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушы міндетті түрде білуі қажет:



  • Дүние жүзі елдеріндегі аймақтық және ғаламдық мәселелерді;

  • Экологиялық жағдайдың қауіпті құбылысқа айналуын;

  • Жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;

  • Аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;

Оқушы мынандай талаптарды орындауға үйренеді:



  • Қазіргі саяси жағдайға, елдердің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;

  • Карта, құжаттар, әдебиеттер және қосымша ақпаратпен жеке жұмыс істеуді;

  • Елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдау жасау;

  • Белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындау;

  • Ғылыми жобалар жазу;

  • Алған білімдерін кеңейтіп, сараптама жасау;

  • Өз ойын ашық және толық жеткізу;

  • Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.

Оқу деңгейін тексеру:



  • Практикалық жұмыс;

  • Өзіндік жұмыс;

  • Терминдермен жұмыс.

  • Картамен жұмыс;

  • Қорытынды бақылау, тексеру;

  • Талдау және салыстыру жұмыстары;

  • Пікірталас;

  • Тестілеу;

Курстың мазмұны:

І. Кіріспе (1 сағат).

Кіріспе.

ІІ. Ғаламдық географияға жалпы шолу. ( 10 сағат).

Дүниежүзінің саяси картасы. Дүниежүзі елдері түрлері. Саяси география және саяси қарым-қатынастар. Әлеуметтік-экономикалық география. Халықтар географиясы. Көлік географиясы. Әлем шаруашылығы. Халықаралық ұйымдар. Қазіргі заманның география ғылымының мәселелері. Практикалық жұмыс №1.

ІІІ. Адамзаттың ғаламдық проблемалары. (10 сағат).

Глобалистика және география. Шикізат проблемасы. Азық-түлік проблемасы. Энергетикалық проблема. Демографиялық проблема. Адам денсаулығы. Климаттың өзгеруі. Экологиялық проблемалар. Дүниежүзілік мұхит пен ғарышты игеру. Практикалық жұмыс №2.

ІV.Материктер мен мұхиттар. (5 сағат).

Солтүстік жарты шар материктері. Оңтүстік жарты шар материктері. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Әлемнің жеті кереметі. Практикалық жұмыс №3.

V. Экология және оның құрылымы. (7 сағат).

Ғаламдық экология. Биоэкология. Геоэкология. Адам экологиясы. Әлеуметтік экология. Қолданбалы экология. Практикалық жұмыс №4.

VІ. Қорытынды. (1 сағат).

Қорытынды.











Курстың күнтізбелік-тақырыптық

Жоспары

р/с

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І

КІРІСПЕ.

1

1

1

Кіріспе.

1


ІІ

ҒАЛАМДЫҚ ГЕОГРАФИЯҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ.

10

2

1

Дүниежүзінің саяси картасы.

1


3

2

Дүниежүзі елдері түрлері.

1


4

3

Саяси география және саяси қарым-қатынастар.

1


5

4

Әлеуметтік-экономикалық география.

1


6

5

Халықтар географиясы.

1


7

6

Көлік географиясы.

1


8

7

Әлем шаруашылығы.

1


9

8

Халықаралық ұйымдар.

1


10

9

Қазіргі заманның география ғылымының мәселелері.

1


11

10

Практикалық жұмыс №1.

1


ІІІ

АДАМЗАТТЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.

10

12

1

Глобалистика және география.

1


13

2

Шикізат проблемасы.

1


14

3

Азық-түлік проблемасы.

1


15

4

Энергетикалық проблема.

1


16

5

Демографиялық проблема.

1


17

6

Адам денсаулығы.

1


18

7

Климаттың өзгеруі.

1


19

8

Экологиялық проблемалар.

1


20

9

Дүниежүзілік мұхит пен ғарышты игеру.

1


21

10

Практикалық жұмыс №2.

1


IV

МАТЕРИКТЕР МЕН МҰХИТТАР.

5

22

1

Солтүстік жарты шар материктері.

1


23

2

Оңтүстік жарты шар материктері.

1


24

3

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

1


25

4

Әлемнің жеті кереметі.

1


26

5

Практикалық жұмыс №3.

1


V

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

7

27

1

Ғаламдық экология.

1


28

2

Биоэкология.

1


29

3

Геоэкология.

1


30

4

Адам экологиясы.

1


31

5

Әлеуметтік экология.

1


32

6

Қолданбалы экология.

1


33

7

Практикалық жұмыс №4.

1


ҚОРЫТЫНДЫ.

1

34

1

Қорытынды.

1






Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

  1. Ю.Н.Гладкий.,С.Б.Лавров. «Ғаламдық география», «Кітап баспасы». Алматы 2006 жыл.

  2. Әлемдік география кітабы. Дорлинг Киндерсли баспасы. Лондон. 1996 ж орысша аудармасы.

  3. География және табиғат. Ғылыми-педагогикалық журнал.2004. №4-6 2005. №1-6; 2006. №1-2; 2007.№1-2; 2008. №1-2; 2009. №1-2; 2010.№1

4. Бейсенбаев А.М. Бейсенбаева Н.Ә. «Талапкер» топтамасы. География: 6-10 сыныптар. «Арман» баспасы. 2004.

5. Климанова О.А. География в таблицах. 6-10 кл. Справочное пособие. Москва. «Дрофа» - 2008.

6. География: жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: Шың-кітап - 2015.

7. Интернет сайттары.



Оқушыларға арналған әдебиеттер:

  1. .«Химия,биология және география» журналы

  2. География. Анықтамалық құрал.

  3. Бейсенбаев А.М. Бейсенбаева Н.Ә. «Талапкер» топтамасы. География: 6-10 сыныптар. «Арман» баспасы. 2004.

  4. География: жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: Шың-кітап - 2015.



© 2010-2022