Дене шыныктыру ұлттық ойындардың маңызы

Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдет-ғұрпын,салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады.Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз.Халық педогогикасының бір саласы-ұлт ойындары.Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап,қызық қуып,уақыт өткізу үшін емес,белгілі бірбілімділік тәрб... Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе-күнгі сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін.Ойындарды негізінен сабақтың басында да,ортасында да,соңында да пайдалануға болады. Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға,одан қайта ойынға,одан қайта негізгі материалға өтемін.сабақтын аяғын ойынмен аяқтаймын.Мысалы:(қолдың,аяқтың,екуденің негізгі қалыптары мен қозғалыстар)тақырыбына байланысты жаттығулар өткен кезде «Мысық пен тышқан» ойынын пайдалануға болады.Бұл ойын балалардың тыныс мүшелері мен бұлшық еттерінің ... Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне,күш қозғалыс дамуына байланысты өзгерістер енгізіліп,ойын күрделене түседі. ОРАЛҒАЗЫЕВ ҚУАНЫШ ОРАЛҒАЗЫҰЛЫ 19мектеп Дене шынықтыру
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындардың орны

Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдет-ғұрпын,салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады.Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз.Халық педогогикасының бір саласы-ұлт ойындары.Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап,қызық қуып,уақыт өткізу үшін емес,белгілі бірбілімділік тәрбиелік мақсат көздейтінінде.Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады.1)Ойын- сауық ойындары.2)Оймен келетін ойындар.3)Дене шынықтыру спорт ойындары.Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды икемділікке,төзімділік пен шапшаңдыққа,тапқырлық пен алғырлыққа,дәлдік пен ептілікке баулыйтынын айтады.Дене шынықтыру сабағы жоғары адамгершілік рухта тәрбиелеудің белсенді құралы ретінде мектепте берілетін барлық білім негіздерімен астасып,жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы мен отан қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін қүрайды.

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалануда мен күнбе-күнгі сабаққа әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарында көрсетемін.Ойындарды негізінен сабақтың басында да,ортасында да,соңында да пайдалануға болады.

Осыған орай оқушылардың дене шынықтыруымен ынта жігерлерін арттырудың тамаша құралдарының бірі өз ұғымдарына түсінікті қимыл ойындары болып келеді.Алғашқы бірнеше сабақ бойы ойыннан негізгі материалға,одан қайта ойынға,одан қайта негізгі материалға өтемін.сабақтын аяғын ойынмен аяқтаймын.Мысалы:(қолдың,аяқтың,екуденің негізгі қалыптары мен қозғалыстар)тақырыбына байланысты жаттығулар өткен кезде «Мысық пен тышқан» ойынын пайдалануға болады.Бұл ойын балалардың тыныс мүшелері мен бұлшық еттерінің жетілуіне,жүгіруге үйретеді.Олардың жеңіске деген ерік,қайраттарын шыңдауға батылдыққа,тапқырлыққа баулиды. «Жүгіру және жүру» тақырыбын өткенде «Құтқару» ойынын ойнатамыз.Алғашқы сабақтарды програмаға сай өткізіп,оқушылар программаны дағдылы меңгергеннен кейін оны қалыптастыру ,бекіту мақсатында «Құтқару»ойынын ойнатамын.Ойын жүйріктікке,тапқырлыққа негізделген. «Сапка тұру және қайта -өзгерту»тақырыбында «Қасқыр қақпан» ойынын ойнатамын бұл ойынды сабақтын бірінші жартысында пайдалануға болады.Осы ойын оқушыларға сап құрып тұруды үйретеді,математикада үйренген сандарын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.Шапшаң жүгіру,икемділікпен,айлакерлікке,шешімділікке,мөлшерлей білуге үйретеді.Осы сияқты «Жүру және жүгіру» тақырыбында «Жаяу жарыс»,Секіру» тақырыбын өткенде «Сыңар аяқ»,Лақтыру» тақырыбында кім алысқа лақтырады ойындарын ойнатамын. Бұл ойындардың мақсаты оқушылардың барлық денелерін қозғалысқа келтіруді қамтамасыз етеді. Коллектив болып бірлесудің нәтижесінде жеңіске жетүге деген ерік қайратын шыңдау, олардың өз коллективі алдындағы жауапкершілігін арттыру және төзімділікке тәрбиелеу болып табылады. Ал «Секіру» тақырыбында халқымыздың ежелгі ойындарының бірі «Қарғымақ» ойынын ойнатамын, аталған тақырыптың алғашқы сабақтарында оқушылар секіру жаттығуларын меңгеріп біраз тәжірибе жинағаннан кейін ойналады, ойын көбінесе сабақтын екінші жартысында пайдаланылады. Осы сияқты «Гимнастикасы» тақырыбында «Үлек» пен «Тайлақ» ойының ойнатамын. Бұл ойын байырғы халықтың ойыны, ойын өте қарапайым, мұнда оқушылардың гимнастикалық жаттығуларға лайық барлық түрі бар.

Ойындарды әр сыныптың жас ерекшеліктеріне,күш қозғалыс дамуына байланысты өзгерістер енгізіліп,ойын күрделене түседі.

ОРАЛҒАЗЫЕВ ҚУАНЫШ ОРАЛҒАЗЫҰЛЫ 19мектеп Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі



© 2010-2022