• Преподавателю
  • Физкультура
  • Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау, Саптық жаттығулар. Бір лектен екі лекке, екі лектен бір лекке сапталу

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау, Саптық жаттығулар. Бір лектен екі лекке, екі лектен бір лекке сапталу

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау ,

Саптық жаттығулар. Бір лектен екі лекке,екі лектен бір лекке сапталу

Өткізілетін күні: ____________ Сыныбы:

Өткізілетін орны: Спортзал Уақыты: 45 мин.

Сабақтын мақсаты:

1. Білімділік: Гимнастика,акробатика сабақтарында қауіпсіздік ережесін айту.

Оқушыларға саптағы гимнастикалық жаттығуларды үйрету.

2. Денсаулық сақтау : Шапшандық, икімділік және күш сапаларын дамыту.

3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.

Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гимнастикалық төсеніш, секіртпе.

Сабақтағы тапсырмалар

Сабақтың мазмұны

Шамасы, мөлшері

Ұйымдастыру - әдістемелік нұсқау

Ұйымдастыру бөлімі

С/ тақырыбы және тапсырмасымен таныстыру. Сапта тұрғанда дұрыс тұруларына назар аудару.

Сапқа тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыртқызу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Оқушылардың дене шынықтырудан денсаулықтарына байланысты анықтама қағазын бақылауға алу.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

1-2 мин

Әр оқушы ережемен танысқаны жөнінде қол қою.

Дайындық бөлімі

Саптық жаттығулардың орындалу ережелері

Жүру. Спорттық жүріске көшу. Жүгіру - теріс қарап жүгіру - оң (сол) қырынан жүгіру - секіріп жүгіру- оң (сол) аяқпен секіру - қос аяқпен секіру - бақа болып секіру аяқтың ұшымен жүгіру - өкшесімен жүгіру - билеп жүгіру - тізені көтеріп жүгіру - үдеумен жүгіру - ақырындау -үйректің жүрісі- ақырын жүріске көшу дем алысты қалпына келтіру. Бір орында тұрып және қозғала жүріп жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

6-8мин

Жүгіргенде,

әр жаттығудың дұрыс орындалуын талап ету,

дұрыс тыныс алу

Негізгі бөлімі

Оқушыларға саптағы гимнастикалық жаттығуларға үйрету: Бір орында.

- Бір қатардан екі қатарға тұру.

- екі қатардан бір қатарға тұру.

- Бір қатардан үш қатарға тұрып,қайта бір қатарға тұру.

Жүрісте:

- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.

- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.

- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.

Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.

Секіртпемен секірту.

15 -20 мин

Ережелерді есте сақтау

Айту , дұрыс көрсету.

Қателіктерін жою.



Ойын бөлімі

-жеке бұлшық ет топтарын дамытуға

арналған әр түрлі

жаттығулар

Ойындар ойнау :

- Жылан.

  • Ұзын секіртпе жасап, топпен секірту.

  • Бір топқа күштік жаттығулар: отырып тұру, пресс,қолды бүгіп жазып денені көтеру, кермеде тартылу жаттығулары.

10-15 мин

Ойын ережесі сақтау,

ойын дағдысын қалыптастыру

Қорытынды бөлімі

Бір қатарға сапқа тұрғызу.

Сабақ барысын талдап өту,

тәртіпке назар аудару

1-2 мин

Үйге тапсырма


© 2010-2022