Сценарии Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр денсаулық күні

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!»

атты денсаулық фестивалі


Өтетін орны: Мектеп спорт алаңы

Өтетін уақыты: 6 қыркүйек 2015 жыл, сағат 10.00-де

І - жүргізуші

Денсаулықтың кепілі.

Жаттығу мен шынығу.

Әрбір жастың үлесі,

Жастайынан шынығу.

ІІ - жүргізуші

Шымырлықпен денсаулық,

Жаттығумен келеді.

Жалқау болмай әрдайым,

Шынығайық үнемі.

І - жүргізуші

Армысыздар спорт сүйер қауым! Бүгінгі «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!» атты денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!

ІІ-Жүргізуші

Спорт - мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріле түскенін аңғара аламыз.

І-Жүргізуші

Ия, бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел спортына ерекше ықыласпен қарайтынын айтпасқа болмайды. Еліміздің барша мектептерінде

1-6 қыркүйек аралығында «Белсенді өмір - жүз жастық ғұмыр!» ұранымен Денсаулық фестивалі өткізілуде. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат - денсаулықты сақтау мен нығайту, қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

ІІ-Жүргізуші

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі. - деп денсаулық фестиваліне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

ГИМН орындалады


І-Жүргізуші

Спорт деген денсаулықтың кемесі,

Спорт деген асар шыңның белесі.

Спорт деген біле білсең достарым,

Жан мен тәннің, сұлулықтың төресі

ІІ-Жүргізуші

Спорт қалған емес қазақ қазақ болғалы,

Денсаулықтың құлпысы деп ұғынамыз ал дағы

Салауатты өмір салтын біз бен сіздер ұстанып,

Желбіреген қазақ туын көтерейік жоғары!

І-Жүргізуші

Сөз дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі Шеңгелбаев Айдар Биқасымұлына беріледі!

Ән .....................................................................................


ІІ-Жүргізуші

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын -
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.

Ән ....................................................................

І-Жүргізуші

Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау - деп құрметті жарысқа қатысушы достар сендерді сайыс алаңына шақырамыз!

ІІ-Жүргізуші

Кезек мектебіміздің дене тәрбиесі бірлестігіне!




© 2010-2022