Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Саумалкөл қазақ орта мектебі





«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы









ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар



Орындаған: Жарылгасов А.К.





















2015 жыл

Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар

Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың және дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің теориясының басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы - тұлғаны дұрыс қалыптастыру.Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке қоғамдық гигиена дағдыларын дамыту қажет.Дене тәрбиесі балаларды ақыл - ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік - тұрмыстық факторлар.Дене жаттығуы - дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, баланың жан - жақты жетілуіне ықпал етеді.Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынандай түрлерге бөлінеді; 1) таңертеңгілік жаттығу, 2) қимыл - қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элементі бар ойындар, 3) спорттық жаттығулар, 4) қарапайым туризм.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері: 1) тәрбие сағаты, күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер, ойын - сауықтар ) 3) балалардың өз бетінше козғалу қызметі.Жоғарыда аталған жұмыстың барлық түрі бір - бірімен байланысты және бірін - бірі толықтырып отырады. Жинақтала келіп, белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды.Дене шынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл - қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды.

Кез келген сабақтың міндеттерін орындау, оның тиімділігі балаларды ұйымдастыру жұмысындағы, яғни негізгі бөлімнің жаттығуларының үйлесімділігі, жаңалығы, оқу материалының күрделілігі, материалдардың жабдықталуы, сабақтың өтетін орны қолайлы тәсілдерді анықтаумен байланысты.Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі ( екі жастан алты жасқа дейін ).Дене тәрбиесі сабақтары - оқу - тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болыпесептеледі. Сабақтық мақсаты - жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20 - 25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30 - 35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу - балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы - 5-10 мин. Дайындық тобында 12-15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшық ет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).Дене тәрбиесінің мезеті - тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл - ой жұмысын арттыру қолданады. Ол 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданган дұрыс. Ортанғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.

Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі.Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты - қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл - қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.

Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сйымдылығын арттыруға себепші болады. Балалардың тыныс алу жиілігі тұрақты емес, тез бұзылады. Сондықтан жаттығулар тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектеседі. Көбіне балаларды мұрын арқылы тыныс алуға үйрету керек. Ауызбен демалғанда салқын ауамен бала ауырып қалуы немесе микроб кетуі мүмкін. Дене шынықтырумен айналысу барысында баланың бүкіл денесі өсіп дамиды және жаттықтырылады.Білім беру міндеттері - қозғалыс іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, дененің сапалық қасиеттерін дамыту, денесін тік ұстау және гигиена дағдыларын үйрету, кәсіптік білім беру.Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл - қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі айнала қоршаған ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қаблеті дамиды. Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, әрі сенімді болады.

Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсеріненімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады. Білім Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы - жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.

Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.

Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.

Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста (15-17 жаста) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен - бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.

Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты.15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылысының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жақа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.

Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді: пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі; өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады; пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физиогиялық жетілу деңгейіне жетеді.Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезең жасөспірімдік щаққа дейінгі кезеңге сәйкес келеді, ал пубертаттық - жасөспірімдік кезеңге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең - жастық шаққа сәйкес келеді.Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.Жоғары сынып оқушылары "Неге" деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардң ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олра мұғалімдерге сын көзбен қарйды. Пәннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік "Меннің" бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастық шақтағы "мен" әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.Үлкендермен қарым-қатынасы жатық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды.

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі. Жеке ерекшеліктерді есепке алу - бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент - бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. Сангвинник - еті тірі; Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді. Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.




Сұрақтар


  1. Бастауыш сынып жасындағы балалардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  2. Мектеп оқушысының жасөспірім шағының сипаттамасы қандай?

  3. Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдерінің жіктемесін түсіндіріңіз.

  4. Қазіргі заман мектебінде оқытуды дифференциациялау және жеке ерекшеліктерді есепке алу

  5. Тәрбиелеу ісінде оушы тұлғаның әлеуметтік есейгендігін есепке алу.

Әдебиеттер

1. Педагогика. Оқу құралы. - АПУ. - Алматы, 2003.

2. Возрастная и педагогическая психология /под.ред. А.В.Петровского. М., 1984.

3. Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992.

4. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.

5. Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М.,1974.







© 2010-2022