Допты төменнен жоғарыдан ойынға қосу

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтын тақырыбы: «Допты төменнен жоғарыдан ойынға қосу»

Сабақтың мақсаты:

1. Сабаққа оқушыны ынталандыру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын,ептілігін нығайту.

3. Спорттық шеберлігін одан әрі шыңдау.

Өткізілетін орны, күні, айы, жылы: спорт залы 29 қаңтар 2016 жыл.

Керекті құрал-жабдықтар: Секундомер, ысқырғыш, доптар.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, үйрету, қайталау, жаттығу.

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

Дайындық кезеңі








15 минут

Топ оқушыларын бір қатар сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын көріп шығу. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. Қауіпсіздік ережесі.Бейнекөрініс көрсету

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру

2

Жалпы дене дайындығы :

Аяқ алшақ иық денгейінде қол белде басты оңға,солға айналдыру 4-6 рет. Сол қол оң иықта, қолды алға, артқа айналдыру 4-6 рет.Қол белде, белді оңға-солға айналдыру 4-6 рет

Бір орында жаттығу орындау

3

Қыздырыну жаттығулары:

Қол жоғары аяқтың ұшымен жүріске бас, қол желкеде өкшемен жүріске бас, қол белде аяқтың ішімен,сыртымен жүріске бас.Баяу жүгіріске біртіндеп көшу.Жүгіру жаттығуларын орындау

Жүріс кезінде жасау

4

Негізгі дене дайындығы:

Аяқ иық кеңдігінен алшақ, қол түзеу кеуде алдында оң жаққа және сол жаққа жартылай отырамыз жаттығуды 4-6 рет қайталаймыз.Қолды жерге тіреп бүгіп жазу 10 рет. Жерге тіреп қолға тұру 20 секнуд және саусаққа тұру.Білекке тұру және аяқты бірінің үстіне қою және ауыстыру 6-рет. Жатқан қалыпта оң аяқты сол қолға және сол аяқты оң қолға тигізу

6 рет.Жатқан қалыпта қос қолды және қос аяқты бірдей көтеру 6-рет. Шалқалап жатып денені көтер 10-рет.Алға домалап түсу 5-рет

Бір орында орындау

Денені тік ұстауды қадағалау

2

Негізгі бөлім

25

минут

Ең бірінші оқушыларға сабақтың негізгі бөлімін түсіндіру. Оқушының допты ойынға беру кезіндегі тұрысы және допты лақтыруын көрсету.Допты ойынға дұрыс қосу үшін лақтырудың маңыздылғын айту.Лақтырған допты толық көзбен бақылауды түсіндіру.

Допты жоғарыдан ойынға қосу үшін алдымен оқушылардың қолды қалай ұстауын көрсету. Оқушылар допты ойынға қосатын қолын өз ыңғайына байланысты таңдауы маңызды. Доп қолдың қай жеріне қалай тиетінін көрсету керек.Допты жоғарыдан ойынға қосудың тұрып және секіріп қосуды көрсету.Допты ойынға алаңның артқы аймақтарның кез-келген жерінен қосуға болады. Допты негізі алаңның 1-ші ойыншы ойынға қосады.Доп алақанның орта тұсына дәл тиюі керек. Саусақтардың аралары бірқалыпты ашылуы керек. Допты сызықтың сыртынан қосу міндетті.

1-ші жаттығу жұптасып орындалады. Оқушылар алаңның қарама-қарсы бүйір сызықтарына орналасады. Бір оқушы серіктесінің бағытына допты жоғарыдан түзу беруді орындайды, серіктесі допты алып тапсырманы қайталайды.2-ші допты тордан асыра 3-4 метрден серіктесіне дәл беруді үйрету.3-ші допты тордан асыра 6-7 метрден серіктесіне дәл беруді үйрету. 4-ші допты алаңның кез-келген аймағына беру

Оқушыларды жұптастырып, көрсетілген жаттығуды қайталау. Барлық жасалған жаттығуларды 1 жаттығуға енгізіп, жоғарыдан допты 9-10 метр жерден дәлдеп ойынға қосу.

Оқушының дұрыс тұруын қадағалап, қатесін уақытында айтып отыру.








Алаңның сызығын баспауын айту және қадағалау







Барлық жаттығу кезінде оқушылардың допты дәлдігін және алаңдағы қозғалысын бақылау.


3

Қорытынды бөлімі



Оқушылардың сапқа тұрғызу,сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру, оқушылармен қоштасу.


5

минут



© 2010-2022