Спорт біздің досымыз

Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу; жарыс арқылы өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, жауапкершілікке баулу. Барысы. І Ұйымдастыру бөлімі Жүргізуші: Саламатсыздар ма, ұстаздар мен оқушылар! «Денсаулық фестивалі – 2014» апталығының жоспарына сай өткелі отырған «Спорт –біздің досымыз!» тақырыбындағы эстафеталық жарысымызға қош келіпсіздер! Эстафеталық жарысымызға қатысушы командаларды ортаға шақырайық. 1 команда «Денсаулық», 2 команда «Жеңіс» . Командаларды жарыс кезеңдерімен таныстырайын: 1. «Ұр тоқпақ» сайысы 2. Әтештер төбелесі 3. «Кенгурулер» сайысы 4. «Жүйрік пойыз» сайысы 5. «Желаяқтар» сайысы Командаларымыздың жарысына әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін: 1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мешітбаев Н 2. Тәрбие ісі меңгерушісі Карина Айгүл Ендеше командаларымыз дайын болса, жарысымызды бастаймыз!
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Спорт біздің досымызБелқопа орта мектебі















Өткізген: Дүйсенбаев Б

















2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Спорт біздің досымыз»

Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу; жарыс арқылы өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, жауапкершілікке баулу.

Барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, ұстаздар мен оқушылар! «Денсаулық фестивалі - 2014» апталығының жоспарына сай өткелі отырған «Спорт -біздің досымыз!» тақырыбындағы эстафеталық жарысымызға қош келіпсіздер! Эстафеталық жарысымызға қатысушы командаларды ортаға шақырайық. 1 команда «Денсаулық», 2 команда «Жеңіс» .

Командаларды жарыс кезеңдерімен таныстырайын:

  1. «Ұр тоқпақ» сайысы

  2. Әтештер төбелесі

  3. «Кенгурулер» сайысы

  4. «Жүйрік пойыз» сайысы

  5. «Желаяқтар» сайысы

Командаларымыздың жарысына әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мешітбаев Н

  2. Тәрбие ісі меңгерушісі Карина Айгүл

Ендеше командаларымыз дайын болса, жарысымызды бастаймыз!

І «Ұртоқпақ» сайысы. Бұл сайыста әр командадан бір-бірден оқушы шығып, ұзын ағаштың үстінде тұрып, бір-бірін қолдарындағы тоқпақтарымен ұрады. Кім ағаштан бірінші болып құласа, сол ойыншы жеңіледі. Сайыс осылай командадағы ойыншылар таусылғанша жалғаса береді. Соңында қай команданың ойыншылары көп ұпай жинаса, сол команда жеңімпаз атанады.

ІІ «Әтештер» төбелесі. Бұл сайыста әр командадан бір оқушы шығып, бір аяқтарын артқа көтеріп, екі қолымен көтеріп тұрған аяғын артқа ұстайды. Сосын бір-бірлерін кеуделерімен итеріп, шеңберден шығарып тастаулары қажет. Қай ойыншы шеңберден бірінші шықса, сол ойыншы жеңіледі. Сайыс осылай командадағы ойыншылар таусылғанша жалғаса береді. Соңында қай команданың ойыншылары көп ұпай жинаса, сол команда жеңімпаз атанады.

ІІІ «Кенгурулер» сайысы. Бұл сайыста ойыншылар допты екі аяқтарының арасына қыстырып алып, межелеген жерге дейін барып, кейін қайтады. Допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Сайыс осылайша жалғаса береді. Қай команданың ойыншысы бірінші келсе, сол команда жеңімпаз атанады.

ІV «Жүйрік пойыз» сайысы. Бұл сайыста команда капитаны бірінші болып межелеген жерге жүгіріп барып, сол жақта тұрған келесі ойыншыны өзіне тіркеп, кейін қайтады. Осылай команда ойыншылары таусылғанша жалғаса береді. Қай команда бірінші болып келсе, сол команда жеңімпаз атанады.

V «Желаяқтар» сайысы. Бұл сайыста команда ойыншылары аралары бірдей қашықтықта алаңның әр жеріне орналасады. Бірінші болып бастайтын ойыншы қолындағы эстафеталық таяқшаны келесі ойыншыға жүгіріп апарады. Ол ойыншы келесі ойыншыға. Сайыс осылайша жалғаса береді. Қай команданың ойыншысы мәреге бірінші келсе, сол команда жеңімпаз атанады.

Жүргізіуші: Қай команданың жеңіске жеткенін білу үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жүргізіуші: Сөз кезегін спортшыларымызды марапаттауға мектеп директоры Ж.Қ. Қалиеваға береміз.

Марапаттау







Спорт біздің досымыз

Спорт біздің досымыз

© 2010-2022