Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: жоғарғы, төменгі сөре, 30х40 м жүгіру

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңіл атлетика
Дене шынықтыру пәнінің ІІ санатты мұғалімі Шакиева А.Ж БҚО,Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектебі

Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: жоғарғы,төменгі сөре, 30х40 м жүгіру
Сабақтың мақсаты: оқушылардың денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтына насихаттау, баланың спортқа деген ынтасын,қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: адамгершілік қасиетке, өз бетінше жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Жоғарғы және төменгі сөреден шығу тәсілін жетілдіру
Керекті құрал-жабдықтар: ысқыруық,сағат
Сабақтың өтетін орны: спорт алаңы

р/с Сабақтың қысқаша мазмұны Уақыты
Мөлшері Әдістемелеу,нұсқаулау
1 Кіріспе бөлімі
-классты қабылдап алу
-кезекші мәліметімен танысу
-оқушылармен сәлемдесу
-сабақтың мақсатысен таныстыру
-күнделікті спорт жаңалықтары 2-3 мин арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабақ даярлығына аса назар аудару, денсаулығын тексеру
2 Дайындық бөлімі
-cпорттық жүріс
-жеңіл жүгіру
Жүгіру жаттығулары:
-оң және сол жақ қырымен жүгіру
-екі қолымызды алдыға қойып, сәл бүгіп, тіземізді қолымызға тигізіп жугіру
-екі қолымызды жамбасқа қойып аяқты кезек артқа бүгіп алақанға тигіземіз
-екі қол белде, аяқты алдыға, тізені бүкпей, түзу сермей жугіреміз
-екі қол белде, аяқты артқа, тізені бүкпей, түзу сермей жүгіру
-әр адымға қарғып секіре жүгіру
Терең тыныстап демалу
Жалпы дамыту жаттығулары:
-екіден қарама-қарсы тұрып, алақанынан ұстап, жеңіл қарсыласа қолды бүгіп жазу
-ақ сандық,көк сандық:
бір-біріне арқамен қарап тұрып, шынтақты айқастыра ұстап, 1-2 бірінші сандар, 3-4 екінші сандар еңкейіп арқалайды
-қолдарын иыққа қойып 1-2 оң жаққа 3-4 сол жаққа айналу
-қатарласа тұрып, бір қолдарымен бір-бірінің иықтарынан ұстап, аяқтарын жоғары серпіле сермеу
-қарама-қарсы тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, бірі оң, бірі сол аяқты көтеріп тұрып, отырып тұру
-қарама-қарсы арқаларын тигізе шынтақтарын айқастыра отырып тұру
-бірі қос иықтан қос қолмен басып екіншісі он рет секіру

10-12 мин

5-6 рет

5-6 рет

10 рет оң 10 рет сол

5-6 рет оң 5-6 рет сол аяқ

5-6 рет берілген бұйрық бойынша орындау,
еркін тыныс алу

жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау

құлап қалмауы

қолдары иықтан ажырамау

созыла серпілу

бір-бірін құлатпай демеп ұстау

бір-біріне тіреле

аяқтың ұшымен биік секіру
3 Негізгі бөлім
-жоғарғы сөреден жүгіру
-Жоғарғы сөре оң немесе сол аяғын алдыға созу, артқы аяқпен серпілу. Кеуде сәл алдыға бүгілу
-төменгі сөреден жүгіру
-сөреге:
-төменгі сөре оң не сол аяқты алдыға қою, артқы аяқтың тізесін алдыңғы аяқтың өкшесіне параллель қою. Екі қолымызды сызық бойына қою.
-дайындал
-артқы аяқтың тізесін көтеру
-жүгір
-артқы аяқпен серпіле жүгіру
-30х40 м қашықтыққа жүгіру
О__________________30м_______40м
Эстафеталық ойын
Оқушылар екі топқа бөлініп, 30 метр қашықтықтағы тігулі тұрған жалаушаны жүгіріп айналып келіп, келесі оқушыға қолындағы жалаушыны береді.Ойын осылай жалғаса береді.Бірінші келген топ жеңеді.

20-25 мин
жоғары сөреден дұрыс шығуын қадағалау

аяқ қойыстарын дұрыс болуын қадағалау

барлық оқушылар жүгіруін қадағалау
4 Қорытынды бөлім
-сапқа тұрғызу
-сабақты қорытындылау
-баға қою
-уй тапсырмасын беру
-саппен қайтару 3-5 мин Саптағы тәртіпті қадағалау,жетістік,кемшілікті айту,әділ баға қою.

© 2010-2022