Сабақ жоспары Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту

Өтетін орны: Спорт алаңы

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды топтық,жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.Волейбол ойыны кезінде допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту,волейбол ойынын ойнауға қызықтыру.

Сабақтың типі:Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Құрал -жабдықтар:ысқырық,секундомер,волейбол доптары,сетка.

Дайындық бөлімі

Сапқа тұру,рапорт беру.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт лекке қайта сапқа тұру.

А)Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру.

Ә)Қолды желкеде,аяқтың өкшесімен жүру.

Б)Қол белде,аяқтың сыртымен жүру.

В)Қол белде,аяқтың ішімен жүру.

Г)Қолды алдыға созып,жартылай отырып жүру.

Д)Қол желкеде,бақаша секіру.

Жүгіру жаттығулары:

А)Қолды алға айналдыру оң бүйірмен жүгіру.

Ә)Қолды артқа айналдырып,сол бүйірмен жгіру.

Б)Қолды созып,тізені жоғары көтере жүгіру.

В)Қолды жамбасқа қойып , өкшені тигізе жүгіру.

Г)Аяқты алға қарай созып жүгіру.

Орында орындалатын қозғалысты жаттығулар:

А)Сол қол жоғарыда,оң қол төменде,қолдарды серпе артқа,1-2- сол қол жоғарыда,3-4- оң қол төменде.

Ә)Қол иықта,1-2- қолды алдыға айналдырамыз.

Б)Саусақтарды айқастырамыз.1-2- алдыға айналдырамыз.,3-4-артқа айналдырамыз.

В)Қол кеудеде,1-2-бүгілген қол артта,3-4- ашылған қолды артқа серпе қозғау.

Г)Қол желкеде,1-кеудені солға бұру,2-кеудені оңға бұру,3-4- қайталау.

Д)1-қол жоғарыда, 2- қол аяқ ұшында,3- отырамыз,4-тұрамыз.

Негізгі бөлім

Қозғалмалы ойын - баскетбол ойынын ойнату.(Дене қыздыру үшін арнайы ойын жаттығуын ойнату)

Оқушылар бір- біріне бетпе-бет қарап,арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып,қайтадан қабылдап,ары қарай қарсыласына көтеріп беру.

Бір оқушы допты жоғары көтеріп,қарама-қарсы құрбысына береді.Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап,қайта береді.Арақашықтық 7-8 метр.

Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді,құрбысы допты жоғарыдан қабылдап,ұстап қайта еденмен береді.

Допты төменнен қабылдауды меңгерту.

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.

Бір оқушы құрбысының қолына допты береді,ол допты төменнен екі қолмен қабылдап,қайта.

Арақашықтық 8-10 м,оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап,екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Ережемен волейбол ойнау.

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу.

Өткен сабаққа қорытынды жасап,оқушыларды бағалау.

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап,жауап беру.

Үйге тапсырма:доппен жаттығу жасау.



© 2010-2022