Тест. дене шынықтыру пәніне

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Дене шынықтыру сабақтарында сабақты дайындық, негізігі, қорытынды бөлімдерге неге бөледі?

а/ Сабақ алдында қойылған мақсаттарға жету үшін.

ә/ Әр түрлі жаттығулар жасату үшін.

б/ Осылай бөлінгенін Білім министрлігі талап етеді.

в/ Оқушылар қабілеттіліктерінің динамикасын дұрыс басқару үшін.

2.«Олимпиада» термині нені білдіреді?

а/ Олимпиада ойындары арасындағы 4 жыл.

ә/ Олимпиада ойындарының синонимі.

б/ Олимпиада ойындары арасындағы 4 жылдың 1-ші жылы.

в/ Олимпиада ойындарында болатын сайыс түрі.

3.Қатты жерге ұрылғанда, зақымданған жер көгермес үшін жасалатын алғашқы көмек түрі?

а/ уқалау, қасу ә/ қыздыру

б/ салқындату в/ қозғалтпай жатқызып дәрігерге бару керек.

4.Салқынға шынығу дегеніміз- бұл..

ә/ Салқын суға шомылу.

ә/ Ауамен, күн жылумен шынығу.

б/ Ағзаның сыртқы орта әсеріне төзімділігін шыңдау.

в/ Ауырмау.

5. Афины Олимпиадасында бокстан алтыннан алқа таққан Траздық спортшы кім?

а/ Бекзат Саттарханов ә/ Ермахан Ыбырайымов.

б/ Бақтияр Артаев. в/ Болат Жұмаділов.

6.Дұрыс демалғанда адам...

а/ Ұзақ дем шығарады.

ә/ Ұзақ дем алады.

б/ Мұрын арқылы дем алып, ауыз арқылы дем шығарады.

в/ Бірдей дем алып, дем шығарады.

7. Спорт алаңда немесе спорт залында оқушыларды жүгірту кезінде мұғалім қайда тұруы керек?

а/ Алаң ортасында. ә/ Қоса жүгіру керек.

б/ Алаңның бір жақ шетінде. в/ Қайда тұрса да бәрібір.

8. 2005 жылы Астанада өткен Әлем чемпионатының самбодан күміс жүлдегері қазақ азаматы кім?

а/ Дидар Молдағалиев. ә/ Роман Мелешин.

б/ Дәулет Тұрлыханов. в/ Нұрбахыт Теңізбаев.

9. Күштілікті дамыту кезінде арнайы күш түсіру жаттығулары орындалады. Олардың айрықша ерекшелігі ..

а/ Салмақ ретінде адамның өз денесі пайдаланылады.

ә/ Олар бұлшықеттің жиырыла қозғалуын тудырады.

б/ Олар шаршағанша жасалады.

в/ Олар жай орындалады.

10. Шахматтан әлемнің тұңғыш чемпионы кім?

а/ Алехин Александр Александрович.

ә/ Карпов Анатоллий Евгеньевич.

б/ Сейниц Вильгельм.

в/ Эйве Магэлис.

11.Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін көрсетіңіз.

а/ Ақсүйек. ә/Тоғызқұмалақ. б/ Шахмат. в/ Көкпар.

12. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім?

а/ Шәміл Серіков ә/ Георгий Цурцумия.

б/ Жақсылық Үшкемпіров. в/ Серік Қонақбаев.

13. Қозғалмалы қимылдарды үйретуді мынадан бастау ұсынылады….

а/ Жеткізуші жаттығулар. ә/ Негізі техникалар.

б/ Бастапқы қалыптан. в/ Бастапқы жаттығу техникалары.

14. Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сидней Олимпиадасындағы жеңісін неге арнады?

а/ Ата-анасына ә/ Сидней Олимпиадасына.

б/ Сүйіктісіне. в/ Түркістан қаласының 1500 жылдығына.

15.Жылдамдылықты дамыту үшін қолданылады.

а/ Аса жылдамдылықпен орындалатын жаттығулар.

ә/ Аса дәлдікпен және жылдамдылықпен орындалатын жаттығулар.

б/ Қысқа қашықтықта жүгіру.

в/ Қозғалмалы және спорттық ойындар

16.Рефери сөзінің мағынасы?

а/ Айып добын соғушы ә/ Ойыншы.

б/ Төреші. в/ Спортшы.

17.Волейбол сөзі қандай ұғым береді?

а/ "волей" - ұшу, "бол" - доп ә/ "волей" - лақтыру, "бол" - доп

б/"волей" - секру, "бол" - доппен в/ "волей" - допты, "бол" - лақтыру

18.Медаль металдарын атаңыз?

а/ мыс, темір ә/ алтын, күміс, қола

б/алтын,қола в/ күміс, алтын

19.Қырық екі шақырым қашықтан

Жүгіріп өтіп машыққан

а/ марафоншы ә/ дзюдошы б/ауыр атлет в/ балуан

20.9.Әйгілі "стьэндли" кубогі қандай спорт түрінің жеңімпазына беріледі?

а/ футбол ә/ дзюдо б/хоккей в/ бокс



© 2010-2022