Волейбол ойыны арқылы оқушылардын үлкен спортқа деген ынтасын ояту

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Волейбол ойыны арқылы оқушылардың үлкен спортқа деген ынтасын ояту.

Сабақтың мақсаты:Шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі ойыншылардың топтық және жеке тактикалық әрекеттерді үйрету.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың шеберлігін жетілдіру,ойын өрнегін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды күштілікке,төзімділікке,батылдыққа тәрбиелеу.

Сыныбы:11-сынып

Өтетін орны:Спорт зал

Құралдар:Тор,доптар,ысқырғыш.

Бөлімі

Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқау

1

2

3

4

Ұйымдастыру бөлімі

Сапқа тұрғызу,кезекшінің баяндамасы. Сыныпты тексеру,сабақтың мақсатымен таныстыру. Саптағы жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Кері!» жүру.Қозғалысты жаттығулар: 1.Екі қолды белге қойып өкшемен жүру. 2.Екі қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру. 3.Екі қолды белге қойып аяқтың сыртымен жүру.Бір қалыпты жүгіру.Оң және сол жақ жамбаспен жүгіру. Екі қол белде аяқты алға сермеп жүгіру. Жалпы денешынықтыру жаттығуларын орындау. 1.Б.қ-сол қолды алға созу,1-2 қолды алға айналдыру. 3-4 артқа айналдыру.2.Б.қ қол белде,оң қол жоғарыда 1-2 солға иілу,3-4 оң қол белде,сол қол жоғарыда оңға иілу.3.Б.қ -екі қол белде,екі аяқ иық кеңдігінде 1-екі қол белде,жоғары көтеріп артқа иілу. 2-алға иілу,қолды еденге жеткізу. 3-тізені бүгіп ,екі қол алда. 4.Б.қ-екі қолды алға созып,отырып тұру.

Өткен сабақты қайталау.

Доппен жұмыс.

1.Допты ойынға қосу(жоғарыдан төмен)

2. Допты алу (жоғарыдан төменнен)

3.Допты әріптесіне беру (жоғарыдан төменнен)

1 мин

30 сек

2 мин

2 мин

3 мин

Оқушылар-

дың спорт-

тық киім-

деріне көңіл бөлу



Ойыншының тұрысы

Негізгі

бөлім

32 мин

Жаңа сабақ.Шабуыл мен қорғанысты топтық және жеке тәсілдік әрекеттері

Ойынның тактикасы екі бөлімнен тұрады.

Олар тактикасы қорғану және ойыншылардың топтық және тактикалық әрекеттері.Жеке әрекет бір ғана ойыншының әрекеті.Топтық әрекет -ол екі немесе бірнеше ойыншының әрекеті,тактикалық міндетті орындауға бағытталған.

Ойыншының шабуылдау тактикасы және жеке әрекеті

1.Допты қарсыластың бос орнына бағыттау.

2.Допты қарсыластың нашар ойнайтын ойыншысына бағыттау.

3.Допты ойынға жедел соққымен қосу.

5 мин





5 мин

Жаттығуды дұрыс орындау



Сақтықты ұмытпау

4. 4,3,2 аймақтан шабуылдау соққыларды пайдалану.

Ойыншылардың шабуылдау соққылары және топтық тактикалық әрекеттері.

1.ойыншылар 6,3,4,2 аймақта орналасады:бірінші доп 3 аймаққа беріледі,екінші доп 3 аймақтан 4 аймаққа немесе 2 аймаққа беріледі және соққы орындалады.

2.Ойыншылар 6,3,4,2 аймақта орналасады:Бірінші доп 3 аймақтан 2 аймаққа беріледі,

Екінші доп 2 аймақтан 3 немесе 4 аймаққа беріледі және соққы орындалады.

3.Бірінші доп 4 аймаққа беріледі,екінші доп 2 аймаққа немесе 3 аймаққа беріліп соққы орындалады,6 аймаққа ойыншы сақтық жасайды.

4. 6,5,1 аймақтың ойыншылары сақтықпен қорғанысты ұйымдастырады . Ойыншылардың қорғаныс тәсілі және жеке әрекеттері

1.допты қабылдау және 3,2,4 аймақтағы ойыншыға беру

2. 4 немесе 2 аймақтан соққы жасалады ойыншы оған тосқауыл қояды.

Қорғаныс тактикасы топтық әрекеті:

1.Ойыншылар 3,2,1 аймақта қарсыласы 4 аймақта шабуылдау соққы жасайды,3 аймақтың ойыншысы 2 аймаққа өтеді.

Сонымен бірге топтық тосқауыл қояды.1 аймақтың ойыншысы сақтық жасайды.

2. Ойыншылар 4,3,2 аймақта қарсыласы 2 аймақтан соққы жасайды,бұлар топтық тосқауыл қояды.1,5,6 аймақтың ойыншылары сақтық пен қорғануды ұйымдастырады.

Ережеге сай екі жақты ойын ойнау.

Ойын кезінде шабуыл мен қорғанысты шебер қолдану.

5 мин

12 мин

Қорытын

ды бөлім

3 мин

Сапқа тұрғызу. 1.Тыныс алу жаттығуларын орындау

2.Сабақты қортындылау.

3.Үйге тапсырма секіру жаттығуларын орындау.

3 мин



© 2010-2022