Биіктіктен секіру ( қайшылап секіру әдісі). 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Биіктіктен секіру( қайшылап секіру әдісі) Сабақтың мақсаты: 1. Секіру әдістерін үйрену.           2. Дене, қол,  аяқ қимылдарын икемдеу. Қимыл қозғалысын арттыру.          3. Әр түрлі биіктікте  жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Дене тәрбиесі пәніне қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Қайшылап секіру сөреден жүгіру. Өтілетін орны:Спорт зал   Спорттық құрал-жабдықтар: Қалың гимнастикалық төсеніштер, гимнастикалық орындықтар,өлшегіш, керме және бағаналар. Аяқты...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ

«№4 ОРТА МЕКТЕБІ»МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

7 СЫНЫП

Тақырыбы: Биіктіктен секіру( қайшылап секіру әдісі)

(ашық сабақ)



Пән мұғалімі: Мадиева А.Ж.

Дене шынықтыру мұғалім

2014-2015ж

Ашық сабақ

ПӘНІ: ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

ПӘНІ: ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

СЫНЫБЫ: 7 «А»

УАҚЫТЫ:

КҮНІ:

ӨТІЛЕТІН ОРНЫ: спортзал

МҰҒАЛІМІ: А Ж. МАДИЕВА

Сабақтың тақырыбы: Биіктіктен секіру( қайшылап секіру әдісі)

Сабақтың мақсаты: 1. Секіру әдістерін үйрену.

2. Дене, қол, аяқ қимылдарын икемдеу. Қимыл қозғалысын арттыру.

3. Әр түрлі биіктікте жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Дене тәрбиесі пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Қайшылап секіру сөреден жүгіру.

Өтілетін орны: Спорт зал

Спорттық құрал-жабдықтар: Қалың гимнастикалық төсеніштер, гимнастикалық орындықтар,өлшегіш, керме және бағаналар.







Сабақтың барысы

Уақыты

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлімі























Негізгі бөлімі















Қорытынды бөлімі

Кезекшінің баяндамасы.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру

Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерту.

Саптық жаттығулар.

Оңға, солға, кері бұрылу. Алға жүру.

-аяқтың ұшымен жүру.

-өкшемен жүру.

-аяқтың ішімен,сыртымен жүру.

Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Оң қапталмен қолды алға айналдыру.

Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

Оң қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.

Сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру

Белмен алға қарай жүгіру.

Бұрыштан бұрышқа жүгіру.

Оң аяқпен секіру. Сол аяқпен секіру.

Тізені алға көтеріп жүгіру.

Аяқты артқа сермей жүгіру.

Аяқты бір ішке, бір сыртқа көтеріп жүгіру.

Отырып секіру. Толық отырып жүру.

Жылдамдықпен жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.

Аяқты қайшылау әдісімен (бұны «аттап өту», «адымдау» депте атайды) екпіндей жүгіріп келіп биіктікке секіргенде көлденең кермеге 35-400 бұрыш жасап тұрып, екпіндей жүгіру қажет. Серпілетін жерді былай анықтайды. Көлденең керменің екі бағанының арасын қосатын сызықтың дәл ортасынан бастап 35-400-тық бұрыш жасап, 3-4 табанының ұзындығындай қиғаш сызық тартылады. Әр адамның жүгіргендегі адымының ұзындығы әр түрлі болатындықтан жүгіруді бастайтын жерді әркім өзінше анықтауға тиіс. Ал жалпы жүгіру қашықтығы 7-9 қадам. Егер секіруші оң аяқпен серпілетін болса, жүгіруді оң аяқтан бастау керек. «Қайшылау әдісімен» секіруді үйрену үшін мынадай дайындық жаттығулары орындалады:

-бір орында тұрып, көлденең кермеден секірмей жай аттап өту:

-көлденең кермеден бір орында тұрып секіру.

-бір адым және екі-үш адым жасап секіру керек.

1. Сабақты қорыту 2. Бағалау. 3. Оқушылардың кемшіліктерін атап айту. 4. Оқушыларды лекпен шығарып салу.

5 мин





















10 мин





25 мин

















5 мин

Оқушылардың спорттық киіміне,тазалығына, саптағы тұрысына мән беріп қарау және қадағалау.



Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сол аяқпен бастау.



Бұрылу жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалау.



Өз күшіне деген сенімдерін арттыру.



Барлық жағынан дамуды қалыптастыру.



Дене шынығуға деген ынта ықыласын ояту.

Қозғалыс қимылдарының орындалу реттілігін еске түсіру, жіберілген қателіктерін түсіндіру және көрсете білу.



Аяқпен қолдың қозғалуын дұрыс көрсету.



Әр жаттығуды дұрыс және әдемі етіп орындауды талап ету және көрсете білу.

Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022