План конспект по физкультуре на тему «Көңілді мәре» 3 сынып

Раздел Физкультура
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көңілді мәре»

Спорттык жарыстын жоспары

Өткізген: Дене шынықтыру пән мұғалімі Набидуллин Б.

Шыныққан шымырлар

Көңілді мәре спорттық ойын

Өтілетін жарыстың мақсаты:

  1. Оқушылардың ден саулығын,белсенділігін нығайту,

ептіліктерін,шапшаңдықтарын,батылдықтарын ,күштіліктерін байқау

  1. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  2. Салауаты өмір салтын насихаттау

Қолданатын құралдар: эстафеталық кедергілер,доп (үлкен кіші) шариктер, қасық,үлкен ыдыс, таяқша және т.б

Қайырлы күн құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың ден саулығын нығайту -мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі.

Салауатты өмір салтын ұстану -осы іс шараның бір баспалдағы

«Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі »

Таза ауа, спорт болсын дәріміз

Еңбек етіп келгенінше әліміз

«Алға»-деген бір- ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз

Ал енді қазылар алқасымен таныстырып өтейік

Оқушылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер- күшін жалындап

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз

Сайыстың оқушыларын бүгінгі

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз

Ортаға 3а-3б сынып оқушыларынан құралған ,сайысқа түскелі отырған топтарымызды шақырайық

Бірінші топ «Қырандар»

Екінші топ «Алғырлар»

29

«Көңілді мәре»атты спорттық ойынымыз 6 турдан тұрады.Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып ,сергіту жаттығуларын жасайды.

Олар өздерінің топ аттарымен , төсбелгілерімен және ұрандарын таныстырып өтеді

Құрметті жарысқа түскелі тұрған оқушылар, ұстаздар, қазылар алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер . Сайыс 6 турдан тұрады.

Олар:

  1. Эстафеталық жарыс(Доппен кедергілер арасынан жүгіріп өту)

  2. Повар ойыны(Шарикті екі қасықпен қазанға тасу)

  3. Кенгуру(Секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу)

  4. Екеуден допты баспен қысып жүгіру

  5. Қиын жолдан өту

  6. Ойлан тап,сиқырлы сандық.(екі сандық қойылады ішіндегі сұраққа жауап беру)

Жүгізуші: Ал құрметті спорт сүйер қауым асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталады.

Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.


© 2010-2022