Кезек - кезек екі қолмен допты алып жүру 6 - сынып

а) Рапорт тыңдау. б) Сабақтын мақсатын түсіндіру. в) Даярлық жаттығулардың жасау.  Ойынның басталуына дейін қыздыру жаттығуларын орындап, денені ойынға даярлау қажет. Ойын алдында жақсы қыздырыну жарақат алудан сақтайды. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. а)  Қол жоғары, аяқ ұшымен жүру; ә)  Қол белде, өкшемен жүру; б)  Қол желкеде, жартылай отырып жүру; в)  Қол тізеде, толық отырып тұру; г)  Қол тізеде, оңға, солға, секіру; д)  Спорттық жүріс. 4. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар. а) ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 71 тақырыбы:

Кезек - кезек екі қолмен допты алып жүру.

Сабақтың мақсаты:


Сауықтыру:

бала денсаулығына нығаюына және дене мүшелерінің қалып өсуіне, сонымен бірге ақыл - ой қабілеттерінің дамуына көмектесу;

Білімдік:

сауықтыру сипатындағы әр түрлі дене жаттығулармен жүйелі түрде өз бетіме айналусыды қалыптастыру;

Тәрбиелеу:

оқушылардың спортқа деген қызығушылығын тудыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың бөлімі

Сабақтың мазмұны

Әдістемелік нұсқау

1. Кіріспе бөлімі: 8 - 10 минут

а) Рапорт тыңдау.

б) Сабақтын мақсатын түсіндіру.

в) Даярлық жаттығулардың жасау.

Ойынның басталуына дейін қыздыру жаттығуларын орындап, денені ойынға даярлау қажет. Ойын алдында жақсы қыздырыну жарақат алудан сақтайды. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.

а) Қол жоғары, аяқ ұшымен жүру;

ә) Қол белде, өкшемен жүру;

б) Қол желкеде, жартылай отырып жүру;

в) Қол тізеде, толық отырып тұру;

г) Қол тізеде, оңға, солға, секіру;

д) Спорттық жүріс.

4. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

а) Тізені жоғары көтеріп жүгіру;

ә) Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру;

б) Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;

в) Оң қапталмен қолды алға айналдыру;

г) Сол қапталмен қолды артқа айналдыру;

д) Оң қапталмен қайшылай жүгіру;

е) Сол қапталмен қайшылай жүгіру;

ж) Жай жүгіріс.

з) Спорттық жүріс.« Атқыласу » ойынын өткізу.

ІІ. Негізгі бөлімі: 25 - 30 минут

Допты оң қолмен де, сол қолмен де алып жүруге болады. Допты алып жүргенде адымды кең ашып, баяу жүгіруге де болады. Допты ұстап жүгіруге болмайды. Қолына доп тиген ойыншы оны жерге ұрмай екі - ақ адым аттай алады. Одан кейін ол допты өз командасының бір ойыншысына беруге немесе торға лақтыруға тиіс. Ойыншы өз бетімен жаттыққанда мынандай дайындық жаттығуларын орындап үйренген жөн.

- әр түрлі бастап қалыпты сақтап, 8 - 10 м қашықтықты тез жүгіріп өту;

- теріс қарап жүгіру;

- жүгіріп келе жатып бір аяқпен бұрылып, кілт тоқтай қалу;

- қысқа қашықтықта тез жүгіріп келіп, бір аяқпен серпіле жоғары секіру;

Баскетболшы секіруден шаршамайтындай болып шынығуы және қимыл-қозғалыс, тез әрі дәл болуға дағдылануы керек. Ол үшін іші нығыздалған доппен (салмағы 2 - 2,5 кг) көп жаттығып, секіртпе жіппен жиі секіріп, қимылды ойындарды үзбей ойнау керек.

Тыныс алуды қалыпқа келтіру.

ІІІ: Қорытынды бөлімі: 3 - 5 минут

Ойыншы допты алып жүру кезінде қандай қалыпта дене мүсіні тұру керек?

Үйге тапсырма беру:

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: қимылды ойындарға дайындалып келу.

Жаттығуларды орындау, үдету. «Атқыласу» ойынын ойнау


© 2010-2022