Ұлттық ойындар

Сабақ тақырыбы: «Ұлттық ойындар» Дене тәрбиесінде Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындарСабақтың мақсаты: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру. Балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.Сабақтың көрнекілігі: Асықтар,...
Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Ұлттық ойындар» Дене тәрбиесінде
Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру. Балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар, таяқша, қолдан жасалынған аттар, тақия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.

ІІ. Ұлттық ойындар

Аударыспақ

0йын командалық жарыс түрінде өтеді.Әр команданың оқушылары бір-бірін арқалап, белгілі сызыққа дейін жүгіріп баруы керек.Бірінші құламай аяқтаган команда жеңіске жетеді.

Әтештер қақтығысы

Оқушылар диаметірі 3-5м шеңбер ортасына жұпталып шығып көрсетеді.Мұғалім нүсқауы бойынша бір қолымен аяғын ұстап,бір аяқпен иықтары арқылы шеңберден бір-бірін итеріп шығарады.Шығып кеткен бала ұтылған болып есептеледі.

Арқан тарту

Жерге үш панелъ сызық сызылады.8-10метрлік арқанның ортасына қызыл шүберек байланады.Оцушылар екі топқа бөлініп арқанды тартысады.Арқанды тартып алған команда жеңіске жетеді.Арқанды жұлқып тартуга болмайды. Әр тартыстыңұзақтыгы 30-40 секунд.

.Алшы

Жарыс жекелей есепте өтеды.Ойыншылар бір-бір асықтан тігеді.Ойнау кезегін асықтарын иіру арқылы келіседі. Ойын соңында көп асық алған оқушы болып есептеледі.

Қыз қуу

Қызды арқалап алып белгіленген жерді бір айналып келу. Екінші қарсыласы қуып жетіп ұстау.

Жекпе-жек

Ортага екі оқушы шығып,табан тіресіп таяқшаны екі қолдап тартады. Таяқты өзіне тартып алған оқушы жеңіске жетеді

ІІІ. Қорытынды. Марапаттау

© 2010-2022