Төменгі сөреден 60 метрге жүгіру

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтетін орны: Спорт алаңы

Сабақтың тақырыбы: Төменгі сөреден 60 метрге жүгіру.

Сыныбы: 7ә

Сабақтың мақсаты:

а) Денсаулықты жақсарту, ептілікті, төзімділікті дамыту

б) Білім беру, сауықтыру, дене бұлшық еттерін шынықтыру

в) Тәрбиелеу, достықты, мейрімділікті нығайту

Сабақ әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау, машық жұмыстар

Сабақ түрі: Жаңа білім алу

Көрнекі құралдар. Ысқырық, секундомер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру

Дайындық бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып, сынып түзел, тік тұр бұйрықтарын беріп сәлемдесемін. Спорт секторының баяндамасын тыңдап оқушыларды түгендеу.

Жүру кезінде орындалатын жаттығулар

Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүреміз;

Қол желкеде өкшемен жүреміз;

Қол алда жартылай отырып жүреміз;

Қол желкеде толықтай отырып жүреміз;

Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар

Бір қалыпты алаңды айналып жүгіреміз;

Қол белде, оң жақ сол жағымызбен ауысып жүгіреміз;

Қол алда тізені қолға тигізіп жүргіземіз;

Қол артта өкшені қолға тигізіп жүгіреміз.

Бір орында жасалатын жаттығулар

1. Б.Қ-қол белде аяқ иық денгейінде басты оңға 4 рет,солға 4 рет

Айналдырамыз;

2. Б.Қ: Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға, артқа иығымызды айналдырамыз;

3. Б.Қ Қол кеуде тұсында аяқ иық көлемінде 1,2 алға, 3,4 оңға. 1,2 алға 3,4 солға қолды ашып жаямыз;

4. Б.Қ сол қол белде, оң қолды жоғары көтереміз 1,2 оңға 3,4 солға иілеміз.

5.Б.Қ Қолымыз белімізде, аяқ иық көлемінде белімізді оңға 4 - рет, солға 4- рет айналдырамыз

6. Б.Қ.Н.Т.

1.Қол жоғары шалқаямыз

2.Қол едеңде еңкейеміз.

3.Қол алда отырамыз

4.Б.Қ.

7. Б.Қ Қолымызды алдымызда созамыз,сол аяқты оң қолды,оң аяқты сол қолға тигіземіз.

8. Б.Қ Аяқ иық денгейінде,тіземізді 1,2,3,4 ішке қарай 1,2,3,4 сыртқа қарай айналдырамыз.







Негізгі бөлім. Жаңа тақырып: Төменгі сөреден 60 метрге жүгіру.

Қысқа қашықтыққа жүгірмес бұрын 20-30 метр қашықтыққа жүгіру керек. Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшандықты біртіндеп арта берген дұрыс. Қысқа қашықтыққа (60, метр) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.

Қысқа қашықтыққа жүгіудің ерекшеліктері, жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигіз қалпында болады, яғни төменгі сөреден жүгіреді. Жүгірер алдында жерге бір тізелеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады.

,,Сөреге"- деген пәрмен естілген бетте екі қолды жерге тейгізіп, екі иық сөре сызығының үстінде немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізелеп отырады. ,,Дайындал''- деген пәрмен берілгенде жүгіруші, артта тұрған тізесін сәл көтеріп, жамбас иықтан сәл жоғары болу керек, дәл уақытында әрі дұрыс бастауга өзін жинақтап, ден шығаруды кідірте тұрады ,, Жүгір'- деген пәрмен берілгенде жүгіруші қолды сермей тез әрі қуатты қимыл жасайды. Жүгіру кезінде жүрек қан тамырлары, бұлшық ет буынга күш түседі.

Машықтық жұмыс: Қысқа қашықтыққа 60 метрге жүгіруді, уақыт есептей орындау.

Бекіту: Өтілген сұрақтан сұрақтар қойып оқушылардын білімдерін тексеру.

1. Сөреге деген пәрмен берілгенде не істейміз?

2. Жүгіру кезінде адамның қай жеріне күш түседі?

3. 60 метрге жүгірмес бұрын не істейміз?

4. Сөренің қандай түрлері бар?

5. Жүгіру шапшандығы неге байланысты?



Қорытынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып, жақсы көрсеткіш көрсеткен сабақты жақсы меңгерген оқушыларды айтып өту, мадақтау, бағалау. Үйге тапсырма: өтілген тақырыптағы қысқа аралыққа жүгіру әдіс тәсілдерін бірнеше рет қайталап, дайындалу. Сабақты аяқтау, қоштасу.


© 2010-2022