Қол гранаталары 10 сынып

Раздел Физкультура
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қол гранаттары және оның құрылысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: жарықшақты қол гранаттары түрлерімен, құрылысымен таныстыру;

  2. Дамыту мақсаты: жарықшақты қол гранаттарының құрылысын үйрету, оны дұрыс қолдану қабілеттілігін арттыру;

  3. Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген құрметке, батылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау,тест, сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: физика, химия

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық,плакаттар,суреттер

Сабақ орны: АӘД кабинеті

Сабақ уақыты: 45 минут

Оқу сұрақтары:

  1. Қол гранаттарының арналуы және олардың ұрыстық қасиеттері

  2. Олардың негізгі құрылысы

  3. Гранаттарды қолдану, күту және сақтау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сырт киімдерін тексеру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру және оны қорыту.

І. Негізгі бөлім:

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты интерактивті қолданып түсіндіремін.

Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, жертөледе,елді-мекендерде,орманда, оқпанада, тауда және т.б.) жерлерде қарсыластың тірі күшін жарықшақтармен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:

  1. РГД-5 қол гранаты

  2. РГН және РГО қол гранаттары

  3. Ф-1 қол гранаты

Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы қол гранаттары болып бөлінеді.

РГД-5 және РГН шабуылдағы, Ф-1 және РГО қорғаныстағы қол гранаттары бар. РГД-5 жарықшақты қол гранатыарақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған.

Гранат атауы

ГРД-5

РГН

РГО

Ф-1

Түрі

шабуылдағы

шабуылдағы

қорғаныстағы

Қорғаныстағы

Салмағы

310 г

310 г

600 г

600 г

Лақтыру қашықтығы

40-50 м

40-50

35-40 м

35-40 м

Жарылу уақыты

3,2-4,2 с

3,2-4,2 с

3,2-4,2 с

3,2-4,2 с

Жарықшақтар

дың ұшу радиусы

30 м

30 м

200 м

200 м

Тір күшті жою қашықтығы

25 м

25 м

200 м

200 м

РГН және РГО қол гранатының негізгі механизмдері:




1.Тығын

2.Манжет

3.Стакан

4.Жартышар

5.Жарылғыш қоспа

6.Төсеніш

7.Құты


Грантаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып, жеткізіледі. Жәшікке гранаттар, тұтқалар және тұтандырғыштар жеке метал қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақтар болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: гранаттар саны, массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі. Жауынгерлер гранаттарды сөмкелерде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттардан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза матаға оралуы тиіс. Гранатты тек лақтыру алдында жарақтауға рұқсат етіледі. Ұрыстық гранттарды бөлшектеуге, олардың ақауларын жөндеуге, гранаттарды сөмкеге салмай алып жүруге және жарылмаған гранттарды алып жүруге тыйым салынады.

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

  1. Үйренуші болат дулыға кию керек.

  2. Гаранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса , командирге хабарлау керек.

  3. Бірнеше гранатты лақтыру кезінде алдыңғы грант жарылғаннан соң кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек.

  4. Қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300 метр жерді қоршау керек.

  5. Гранатты лақтыруға арналған бастапқы орнында ақ жалау, атыс шебінде қызыл жалау тиіс.

  6. Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен бой тасалардан және оқпаналардан жүргізіледі және т.б.

  7. Гранаттар мен тұтандырғыштар беру орны 25 м қашықтықтанжарақтау керек.

ІІ. Бекіту сұрақтары:

  1. Жарықшақты қол гранаттары неге арналған олардың түрлері?

  2. Жарықшақты қол гранатарының ұрыстық қасиеттері қандай?

  3. Қол гранаттарының негізгі құрылысы қандай?

  4. Қол гранттарды қолдану, сақтау және күту қалай жүргізіледі?

ІІІ Сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Шабуылда қолданылатын қол гранаты

  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім

  3. ҚР ҚК-ң негізгі жарғыларының бірі

  4. Кіші офицерлер құрамындағы әскери шен

  5. Ұрыс түрі

  6. Автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктерінің бірі.


Г


Р


А



Н


А



Т


Жауаптары: РГД-5, Назарбаев, Саптық, Лейтенант, Шабуыл, Бекітпе

ІV. Жаңа тақырып бойынша карточкалармен жұмыс жасау

V. Сабақты қорытындылау:

1 Сабақтағы жаңа тақырып туралы түсінгенін тексеру,сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту

2 Оқушыларды бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру:

Қол гранаттары және олардың құрылысы туралы түсінігін айтып беру.


© 2010-2022