Допты қышықтыққа лақтыру 8 сынып

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Допты қашықтыққа лақтыру 8 - сынып

Жалпы мақсаттар

Оқушылар допты қашықтыққа лақтыру техникасын үйренеді, іс жүзінде орындайды, оқушылардың өз бетінше ойлануын, тұжырымдама жасай білуін, шығармашылығын дамыту.

Оқыту нәтижесі

Жаттығу орындауда лақтыру элементтерін өздері жасап үйренеді. Балардың өз мүмкіндігіне сенімділігі артады.

Әдісі

МОТ, СТО әдістері, ойын

Дереккөздері

Әдістемелік журналдар, оқулық.

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Уақыты

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Сапқа тұруСәлемдесуАқпар беру

«Бағалау парағы» туралы айту

А) оңға бұрыл

Б) солға бұрыл

С) кері бұрыл

«Допты ұста» ойынын түсіндіру

«Бағалау парағымен танысады»

Сап жаттығуларын орындайды

Ойын ережесін сақтап, ойнайды

«Бағалау парағы»

Баскетбол, волейбол,футбол доптары

3мин

Топқа бөлу

«Допты ұста» ойыны арқылы топтасады

Таңдаған добы бойынша топқа бірігеді

Баскетбол, волейбол, футбол доптары

2мин

Дайындық бөлімі

Жүру жаттығуларыЖеңіл жүгірісЖүгіру жаттығулары

Жалпы дамыту жаттығулары (бір қатардан 3 қатарлы лек тұрғызып орындату)

Бой жазу, жалпы дамыту жаттығуларын жасайды

7мин

Оқушы бойын жазады, бұлшық еттерін қыздырады.

Жаңа сабақ«Қашықтыққа доп лақтыру» Негізгі бөлім

Қызығущылығын ояту

«Жіңішке сұрақтар»

«Жуан сұрақтар»

Қойылған сұрақтарға оқушылар тез жауап береді.

Топта ойланып барып жауап береді

Үлестірме қағаздар

3мин

5мин

Игерген білімдерін қайталап, бекітеді

Ақпаратты өз бетінше меңгереді және ойлайды. Жаңамен танысады.

Практикалық жұмыс

Іс-тәжірибе жүзінде көрсету, түсіндіру. Қауіпсіздік ережесін ескерту. Қашықтыққа доп лақтырудың техникасын үйрету.

Лақтыру бағытына бір бүйірін қаратып, аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып, бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп, сол аяқ ілгерірек қойылған және шамалы көтерілген, кеуде сол алға еңкейіп, оңға бұрылған қол жанға созылған қалыпта лақтыру.

Осы бастапқы қалып жағдайынан сол жерге аяғын тіреп лақтыру бастапқы қалып жағдайына ауысу керек.

Оқушылардың орындауы

15мин

Оқушылар үйренеді, қауіпсіздік ережесін сақтайды. Қашықтыққа доп лақтыру ептілігі қалыптасады

Қорытынды бөлім

Ой толғаныс

Бағалау

«Домино» ойының шартын түсіндіру Бағалау парағы» бойынша бағалауды талап етеді.

Оқушылар топқа бөлініп «Домино» ойынын ойнайды. «Бағалау парағы» бойынша топ жетекшісі бағалайды.

«Бағалау парағы»

5мин 5мин

Оқушының есте сақтау, ойлау, бір шешімге дағдылары дамиды


© 2010-2022