«Әкем, анам және мен, Біз спортшы үйелмен»

Ата – аналарды қатыстыра отырып өткізетін бұл сабақтың мақсаты: дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл – қозғалыс қабілеттерін дамытып, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баула, өмірде белсенді болуға,алға қойған мақсатты орындауға үйрету.бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын ортаға бүгінгі жарысқа қатысатын отбасыларды шақырамыз.Әкесі шарды баспен ұрып межелі орынға дейін апарып, әкеледі,келесі баласы шарды үріп барады, соңында анасы баспен ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әкем, анам және мен, Біз спортшы үйелмен»Сабақтың тақырыбы: «Әкем, анам және мен,

Біз спортшы үйелмен»

Ата - аналарды қатыстыра отырып өткізетін бұл сабақтың мақсаты: дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл - қозғалыс қабілеттерін дамытып, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баула, өмірде белсенді болуға,алға қойған мақсатты орындауға үйрету.

Жүргізуші: Қайырлы күн ата - аналар ардақты,

Жас бүлдіршін білім қуған жан - жақты.

Кәрі де, жас, үлкен, кіші қаумалап,

Жанұялар сайысына кеп қапты.

Ата - ана шаңырақтың берекесі

Бала деген адамның бауыр еті,

Баламенен шаңырақ берекелі

Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз

Әзірледік сізге орын төрден біз

Ұландардың ең құрметті қонағы

Жанкүйерде, төреші де өзіңіз - дегендей бүгін

«Әкем, анам және мен,

Біз спортшы үйлемен» атты отбасы сайысын бастаймыз.

- бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын ортаға бүгінгі жарысқа қатысатын отбасыларды шақырамыз.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Енді сайысымызда өзінің әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сайысымыздың бірнеше кезеңдерімен таныстырып өтейін. Ол 8 кезеңнен тұрады.

1 кезең «Таныстыру»

2 кезең «Қаңбақ шал»

3 кезең «Әтештер қақтығысы»

4 кезең «Допты ойын»

5 кезең «Ептілік»

6 кезең «Шегірткелер»

7 кезең «Кім жылдам?»

8 кезең «Пингвин»

Жүргізуші: Қызады бүгін той - сайыс,

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төктіріп,

Інжу - маржан шашайық

Ырыс - дәулет мол болсын,

Жылда осындай той болсын

Жарысты енді бастайық,

Ал, қанекей жол болсын!

Жарыс кезеңдері:

1 кезең «Таныстыру»

Шарты:Бұл кезеңде топтың аты эмблемасы және ұраны болуы тиіс.

2 кезең «Қаңбақ шал»

Шарты: Әкесі шарды баспен ұрып межелі орынға дейін апарып, әкеледі,келесі баласы шарды үріп барады, соңында анасы баспен ұрып межелі орынға дейін апарады. (қол тигізбей апару керек) Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

3 кезең «Әтештер қақтығысы»

Шарты: Бұл турда әр командадан екі адамнан шығады. Шеңбердің ішінде бір-бірін иықтарымен итеріп, шеңберден шығару керек. Шеңберден шыққан адам ойыннан шығады. Жеңімпаз адам шеңбердің ішінде қалған адам.

4 кезең «Допты ойын»

Шарты: Әкесі мен баласы, анасы мен баласы допты бастарының ортасына қойып, межеге жеткізу. Әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз.

5 кезең «Ептілік»

Шарты: Әкесі баласының аяғынан ұстап, анасы баласының аяғынан ұстап, баласы еңбектей отырып, белгіленген межеге дейін жету. Әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз.

6 кезең «Шегірткелер»

Шарты: Әкесі, анасы, баласы қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп өтіп, математикалық есепті шығару қажет. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

7 кезең «Кім жылдам?»

Шарты: Барлық команда қатысады. Аяқтарына қап киіп, залдың бір шетінен екінші шетіне жету.

Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

8 кезең «Пингвин»

Шарты: Барлық команда қатысады. Доты аяқтарының арасына салып межелі орынға дейін барып, кейін қайтып келеді.

Жүргізуші: құрметті ата - аналар, оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Әкем, анам және мен,

Біз спортшы үйелмен» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңздар!











Талап орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы



«Әкем, анам және мен, Біз спортшы үйелмен»



2015 жыл

© 2010-2022