Сабақтың тақырыбы: Спорт-өмір көркі

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.Дружба орта мектебі

4 "а", 4 "б", 4 "в" сыныптар арасында өткізілген

спорттық жарыс.

Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.

Өткізгендер: К.С.Шамбеков

Т.К.Бөгенбаева.

Н.Т.Байкадамова.



2014 жыл



Тақырыбы: Спорт - өмір көркі.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, қап,асық, орамал, әріптер, арқан,секіртпе.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 4 «а», «б», «в» сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

4 «а» сынып оқушылары «Тұлпар»,4 «б» сынып «Сұңқар», 4 «в» сынып «Улыбка» топтарын қарсы алайық.

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі:Г.К.Ашимова

Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі: И.С. Қуанышева

Бастауыш сынып мұғалімдері:______________________

- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Бір аяқпен секіру»

Шарты: Қойылған белгіге дейін бір аяқпен,белгіден кейін келесі аяқпен келіп келесі адамға эстафетаны береді.
ІІ кезең: «Үш аяқпен жүгіру»
Екі оқушының бір-бір аяқтары байланып,белдерінен ұстап белгіге дейін және кері жылдам жүгіріп өтіп, келесі балаға береді.Осылай ойын жалғаса береді.
ІІІ кезең: «Достық» эстафеталық ойын .
Шарты: Екі бала жұптасып тұрып,білектерінен ұстап ,қолды қатыстырмай, кеуделеріне допты салып, белгілі жерге дейін жүгіріп барып кері қайтады.Ойынды осылай келесі жұп жалғстырады.


ІV кезең: «Тарту- итеру»
Шарты: Екі бала бір-біріне арқаларын тіреп, қолдарын айқастырып ұстап, белгілі жерге дейін жүгіріп барып кері қайтады.Ойынды осылай келесі жұп жалғастырады.
V кезең: «Сүзеген бұқа»

Шарты: Екі бала жұптасып төртаяқтап тұрып, маңдайларына допты салып,белгілі жерге дейін жүгіріп барып кері қайтады.Ойынды осылай келесі жұп жалғастырады.
VI кезең. «Кенгуру»

Шарты: екі аяқтың арасына допты қыстырып, белгілі жерге дейін секіріп барып кері қайтады. Сөйтіп жылдам жүгіріп өтіп, келесі балаға береді.Осылай ойын жалғаса береді.

7 кезең: «Топ басшылар ойыны»

Шарты: Әр топ басшысы шеңбер ішіне бір топ мүшесін кіргізіп,белгілі жерге дейін жүгіріп барып,оны сонда қалдырып,келесі топ мүшесіне қайтып келеді.Осылай ойын жалғаса береді.

8 кезең: «Кім мерген?»

Шарты: Үш топтың басшысы қолдарына шеңбер алып ұстайды, әр топ мүшесі кезекпен доп лақтырып тигізу қажет. Ұпай саны әр кіргізілген допқа беріледі.


  • Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашанда қашпаймыз,

Топтың аты «тұлпардай» әрқашан

Биіктерден биіктерге самғаймыз !
«Сұңқар » тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін.
«Улыбка » тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:
. «Только вперед и только вместе

. Энергии в нас процентов на двести!»
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Спорт - көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.

Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.

Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.Сабақтың тақырыбы: Спорт- өмір көркі.

© 2010-2022